Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУ МЕН ЕМЛЕНІ РЕТТЕУДІҢ



Pdf көрінісі
бет98/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165
ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУ МЕН ЕМЛЕНІ РЕТТЕУДІҢ 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ 
(газет материалдары бойынша)
Б. Момынова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор
1926  жылғы    Түркологиялық  съездегі  «әліпби  айтысынан»  кейін  «Байтұрсынов 
алфавиті»  қоғам  өмірінен  ығыстырыла  бастады.  Себебі  КСРО-ның  саяси  жүйесі 
әлем қолданып жүрген алфавитке, яғни латынға көшуді міндеттеді. Байтұрсынұлын 
жақтаушылар  азшылық  болып  қалды.  Жақтағандар  көп  болған  күннің  өзінде  сая-
си жүйенің көздегені басқа болғандықтан, оның графикасының тағдыры алдын ала 
шешіліп қойылған еді» [1, 154 б.]. Соғыстан біраз бұрын әліпби мәселесі көтерілген 
құрылтайда  (әліпби  айтысы  кезінде  араб  әліппесін  жақтаушылар  А.Байтұрсынұлы, 
М.Дулатұлы, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, А.Байтасұлы, І.Ахметұлы, М. Бұралқыұлы, 
П.Ғалымжанұлы  болса,  латынды  қолдаушылардың  қатарында    Ә.Байділдаұлы, 
Т.Шонанұлы,  Н.Төреқұлов,  О.Жандосұлы,  М.Жолдыбаев,  І.Қайменұлы  т.б.  болды) 
зиялылар, қайраткерлер «...латын әрпінің араб әрпінен пайдасы көш ілгері, араб әрпі  
мектептерімізге, баспа істерімізге көп кемшілік, қиындықтар туғызып, адымды аштыр-


208
май отыр.., мәдениет, саясат, шаруа жүзінде араб әрпі осы күнгі қазақ еңбекшілерінің  
керегіне жауап бере алмайды... ескіліктің салдары» ...екенін айтқан-ды», - деп көрсетеді 
ғалым Ш.Мәжітаева «Әліппе айтысында» (2, 100-102 бб.]. Құрылтайда латынды оқу-
жазу ісіне ақырындап енгізе беруді, ол үшін «түрліше» латыншылдар үйірмесін ашуды 
қолдайтын, латынның араб әрпінен артықтығын түсіндіруді міндеттейтін төрт баптан 
тұратын қаулы қабылданды. 1930 жылдардың ішінде газет, журналдарда алфавит және 
емле жобалары көпшілік талқысына ұсынылды. Сондай екпінмен өмірге енген латын 
әліпбиі  соғыс  алдында  тұғырынан  тая  бастаған  еді.  Ал  соғыс  жылдарындағы  газет 
материалдарын талдау  дегеніміз өткен ғасырдың 40-50 жылдары аралығындағы нор-
малануды сипаттап берумен, емле жүйесін түсінумен бірдей.  Баспасөз дамуындағы 
соғыс жылдарындағы кезең – өзіндік емлелік ерекшеліктерімен бөлектеніп тұратын 
кезең.  Сондықтан  Ұлы  Отан  соғысы    жылдарындағы  тілдік  нормамен  танысудың 
бүгінгі таңда емлелік кемшіліктерді, жетістіктерді түсіну үшін, емленің болашағы үшін 
– практикалық та, әдеби тіл кезеңдерін анығырақ зерделеу үшін теориялық та, маңызы 
зор. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы газеттердің құндылығын арттыратын бірнеше 
себептер бар, солардың ішінде нақ осы жылдарда 
қазақ жазуының латын әліпбиінен 
кириллицаға  көшу  кезеңі  мен  емлелік  нормаларды  ғылыми  негізде  қалыптастыру 
жылдары
 болуымен айқындалатын маңызы ерекше бір себеп бар. 
Латын қарпіне негізделген қазақ жазуы 1942 жылдың қаңтарына дейін қолданыста 
болды.  Ал  1942  жылдың  қаңтарынан  бастап  орыс  (кирилл)  алфавитіне  негізделген 
қазақ  жазуымен  жарық  көріп  отырған  соғыс  жылдары  газеттеріндегі  фонетикалық 
және  көптеген  емлелік  ерекшеліктердің  пайда  болуының  бірнеше  тарихи-саяси 
алғышарттары  болды.  А.Байтұрсынұлы  әліпбидің  дұрыстығына:  «1.  тіл  дыбысы-
на  жеткілікті-жеткіліксіздігі  қанша?  2.  қайсысымен  басылған  я  жазылған  сөз 
оңай  оқы лады?  3.  қайсысымен  жазу,  жазылғанды  оқу  жеңіл?  4.  қайсысы  баспаға 
қолай лы?  5.  үйретуге  (сауат  ашуға)  қайсысы  оңтайлы?    6.  көркемдік  пен  көзге 
жай лы лық  жағынан  қайсысы  артық?»  –  деп,  алты  ерекшелікті    атап  береді  [3].                                                                                
А. Байтұрсынұлының өзі ұсынған төте жазуында 24 әріп, бір дәйекші болды. Әліпби 
өзгерген сайын емле де өзгерді ме?  Отыз жылдың ішінде 1912, 1929, 1940 ж. 3 рет 
ауыстырылған әліпбиге байланысты бірнеше рет емле ережелеріне реформа жасал-
ды. Бірақ соңғы әліпби ауыстырылғанға дейін тұрақты емле жүйесі болмағанын да 
ескеру керек. «Алғашқы емле ережесі 1940 жылы жобаланып, 1957 жылы 5-маусымда 
Жоғарғы Кеңестің қаулысымен бекітілуге дейін онымен бүкіл филолог мамандар мен 
мектеп оқытушылары танысқандығын» көрсетеді Қ.Күдеринова [4, 162 б.]. Байқалып 
тұрғандай, Ұлы Отан соғысының алдындағы жылдары латын әліпбиінің тағдыры да 
бірте-бірте жоспарлы түрде шешіле бастаған-ды. Ол үшін 1941 жылы шығып тұрған 
газеттерде Жаңа емлені (кириллицаны) таныстыру, оның жақсы жақтарына көбірек 
көңіл аударту жағын ойластырған танымдық мақалалар жариялана бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет