202
халқына жолдауында Елбасымыз: «2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне,
латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» делінген. «Латыншаға көшудің терең ло-
гикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-
ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да
үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ
емес» деп нақты айтқан. Осыған байланысты соңғы кезде баспасөз беттерінде қазақ
жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы амал-тәсілдерді жиі кездестіреміз.
Осы мәселенін тарихына келетін болсақ, 1992 жылы Түркияда халықаралық кон-
гресс өткен болатын. Оған ыдыраған Кеңес мемелекетінің түркі тілдес халықтарды
шақырылған. Күн тәртібінде бірнеше мәселелердің ішінде ең басты және негізгі
мәселе түркі халықтарының жазуын латын графикасына көшіру болды. Бұл конгрес-
ске А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан академик Әбдуали Қайдар
қатысып, елге оралғаннан кейін өзінің алғашқы қазақ жазуы латын қарпіне көшіру
жобасын ұсынды. Сонан бері 20 жыл өтіпті. Бұл проблеманы 1995 және 2006 жылда-
ры Қазақстан халық ассамблеясының сессияларында елбасымыз қайтадан көтерген.
Қазақстандықтар бұл ойға үйренгенше біздің көрші-ағайындар: өзбек, әзірбайжан,
түрікмендер латын жазуына көшіп алды. Кәзіргі кезде біздің жас мемлекетіміз өсіп,
нығайып, әлеуметтік және нарықты реформалардың өркендеуі арқасында тұрақты
және дамыған мемлекетке айналды. Енді латын жазуына көшу проблемасы қайтадан
өмірдің күн тәртібіне енді. Латиницаға көшу мәселесі көпәспектілі және тарихи
маңызды проблема. Бұл мәселені ойдағыдай шешу үшін елдегі экономикалық, саяси,
әлеуметтік,
тарихи-мәдениеттік, жағдайларды да ескеру керек.
Қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық жетістіктер халықтың санасын, на-
мысын оятып, жаңа табыстарға жетелейді. Соңғы кезде қазақ тілінің мәртебесі
мемлекеттік тіл ретінде көтеріліп, оның ықпалы өзіміздің отанымызда да, шетел-
дерде де өсті. Шетелдік қазақтар өздерінің Қазақстанда тұратын отандастарымен
қатынасқанда, қазірдің өзінде латын жазуына негізделген ақпараттық жүйелерді
қолданады. Жастардың көбісі латын әліпбиін қолданатын шет тілдерін білуге ынталы,
қоғамның компьютеризациясы, интернеттің қолданылуы, батыс мәдениетінің теледи-
дар, кино арқылы ықпалы, еуропалық сапа, талап - осының бәрі біздің қоғамымызды
латын әліпбиіне итермелейді.
Өзінің әдет, машық және өмір сүру дағдысына байланысты, әр қоғам мүшесі латын
әліпбиін өзінше үйрене алмайды. Сондықтан, адамдарды қайтадан оқыту, бұрынғы
стереотиптерді бұзып, оларға жаңа әліпбиді меңгеру әрине оңай емес. Бұл жағдайда
қоғамның ең саналы бөлігі, өзінің рухани байлығына, азаматтық борышына және
әрқырлы біліміне байланысты қазақ интеллигенциясы осы идеяны алға тартып, латын
әліпбиіне негізделген жазуға көшу проблемасын насихаттау керек.
Латын графикасына көшкенде жаһаңдану процесіне және озат технологияға
сәйкес біздің қоғамымызға әлемдік ақпараттық кеңістікке кіруге мүмкіндік ашы-
лар еді. Кейбіреулердің пікірлері бойынша, әліпбиді өзгерткенде Ресейден және
ресейлік мәдениеттен алшақтап кетеміз және кириллицаға негізделген рухани
байлықтарымызды жоғалтамыз дейді. Біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің
арасындағы кең мемлекеттік шекара және біздің ағайындық, достық байланыстар терең
203
де тығыз болғандықтан ондай қауіп жоқ деп айтуға болады. Болашақта орыс тілін оқып,
жақсы білетіндер, кириллицаны меңгергендер білімді, оқыған адамдардың қатарына
қосылады. Олар орыс тілінде кирилицаға негізделген әлем ғылымының, мәдениетінің
барлық салалары бойынша жарық көрген дүниелермен қатар кириллицада жазылған
өзіміздің рухани, әдебиет байлығымыздан еш уақытта қол үзбей, оны оқи алатынын-
да ешбір күмән жоқ. Сондықтан, өзіміздің ұлттық-мәдениеттік байлығымыздан біз
ешқашан бас тартпаймыз. Кәзіргі кезде шет тілдерді білу қажеттілігі өскенде және
жалпы компьютеризацияға байланысты Ресейдің өзінде де кейбір лингвистикалық
орталықтарда кириллицадан латиницаға көшу мәселесі қарастырылып жатыр.
Осы замандағы жас ұрпағымыз үш тілді болса (президентіміздің талабы) сонда
ғана олар біздің мемлекетімізді әлемдік аренада ұтымды көрсетедіжәне еліміздің әрбір
азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашылады. Біздің жастарымыздың
потенциалы өте жоғары, сондықтан да біздің студенттер мен мектеп оқушылары әр
уақытта әлемдік олимпиада, байқауларда жүлделі орын алып келеді. Өмірдің жаңа
жетістіктерін жастар бірден қабылдайды және әлемдік кеңістікте болып жатқан
өзгерістерді тез меңгеріп алады. Қазірдің өзінде ұялы телефон, компьютер, интернет-
пен жұмыс істегенде латын алфавитін кеңінен қолданады. Сондықтан латын графика-
сына көшу мәселесі өте орынды және өзекті болып отырғанын көреміз.
Латын графикасына көшу мәселесін бірінші болып бір ауыздан қолдаған ғалым-
тілшілер, өздерінің мамандығына байланысты бұл идеяның қажеттілігін жақсы
түсінеді. Қазақ тілінің мемлекеттік статусына лайық қолдануы, жаһандану процесі
мен өмірдің компьютеризациясы және ақпараттық технологиялары – осының бәрі
латын графикасына көшу мәселесінің маңыздылығын арттырады. Қазіргі таңда жаңа
әліпбидің оншақты жобалары ұсынылған. Қазақ әліпбиін кирил графикасынан ла-
тын графикасына сәтті және ойдағыдай көшіру үшін жазу-оқудың сабақтастылығын,
сәйкестілігін, оңайлығын, жеңілдігін, пара-парлығын ескеру қажет. Барлық жобалар-
ды талқылау және сараптау нәтижесінде қорытындысын фонетика мен фонологиядан
және орфография мен орфоэпиядан хабардар тілшілер айту керек.
Әліпби реформаның практикалық мәні зор. Қазіргі қазақ әліпбинің 42 әрпінен гөрі
мектептегі оқушыларға 26 латын әріптерін меңгеру оңайырақ. Еуропа тілдерінде
олардың фонологиялық жүйелерінің даму нәтижесінде фонемалардың саны әріптермен
салыстырғанда көбейген. Мысалы, француз тілінің фонетикалық жүйесінде 35 фоне-
ма, ағылшын тілінің құрамында 44 фонема бар. Осы көптеген фонемалар тек 26 латын
әрпімен беріледі. Ал қазақ тілінің фонетикалық жүйесінде 28 төл фонема 42 әріппен
беріліп жүр. Сондықтан біздің кішкентай отандастарымызға еуропалық балалармен
салыстырғанда өзінің ана тілін үйреніп алу оңайға соқпайды. Француз тілінде
Достарыңызбен бөлісу: