Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


«қазақ сөзінің ішінде екі дауысты қатар тұрмайды»



Pdf көрінісі
бет91/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   165
«қазақ сөзінің ішінде екі дауысты қатар тұрмайды»
 деген 
ережені қайда қоямыз? Оның үстіне «сөз соңында тұйық буын тұрған деген не?» деп, 
әрі-сәрі боламыз.
-суық
  сөзі 
су-ық
  болып  тасымалданып,  тасымал  жігі  екі  дауыстының  арасынан 
өтіп тұрады ма? Ендеше «
қазақ сөзінің ішінде екі дауысты қатар тұрмайды»
 деген 
ережені тағы қайталаймыз. Оның үстіне «сөз соңында тұйық буын неге тұр?» деп, әрі-
сәрінің үстіне дел-сал боламыз.
Көріп отырғанымыздай, аттаған сайын сұрақ белгісі алдымыздан шығып отыр. Бұл 
– бүгінгі қазақ жазуының, жұмсартып айтқанда, күманды тұстары көп деген сөз.
Бұдан туатын қорытынды, орфография мен орфоэпия сөздіктерін өзара үйлестіру 
керек болады. Өйткені орфоэпиялық сөздіктің басым бөлігі осы кірме таңбаларды та-
ратып жазуға арналады. Егер кірме таңбаларды орфографиялық тұрғыдан таратып жа-
затын болсақ, онда олардың орфоэпиясын дайындап әлек болудың қажеті де болмай-
ды. Орфоэпиялық сөздіктің көлемі кем дегенде жартысына қысқарады, тіптен үштен 
бірі ғана қалуы мүмкін.
Көпшілік  арасында  тұрқы  бөлек  латын  жазуы  өзге  ұлт  өкілдерінің  мемлекеттік 
тілге деген ынтасын тоқтатады, бөлек жазу ұлысаралық татулыққа бүлік салады деген 
де қауіп бар. Әліпби тұрқынан шошып тіл үйренбейтін болса, онда сол орысың да, 
қазағың да, басқаң да бала-шағасымен қосылып неге қазір жаппай латын жазуындағы 
ағылшын тілін үйреніп жатыр? Ендеше, себепті де орнымен іздеу керек. Ал, латын 
әліпбиі  ұлт  араздығын  тудырады  дегеннің  тіптен  жөні  жоқ.  Ұлт  татулығы  мен  ұлт 


197
араздығы  жазуға  емес,  тұрмыс-тіршіліктің  бабына  байланысты.  Ендеше  ұлыстар 
татулығы мемлекет саясатына байланысты. Еліміздің еселі даму қарқыны мен орнықты 
ұлт  саясаты  кімге  де  болса  аян.  Тұрмыс-тіршілік  мүддесі  Қазақстанға  қарап  тұрса, 
ешбір ұлт-ұлыс оның жазуына өкпелеп теріс айналмайды.
Соңғы кезде әліпби ауыстыру мәселесін, ауыстыра қалған күнде қай әліпбиді таңдау 
жайын халық талқысына салып, референдум арқылы шешу керек деген ұсыныстар ай-
тылып жүр. Шындығында, бұл мәселе бүкіл халық жабылып шешетін іс емес екенін, 
кешіріңіздер, түсінген жөн.  Әліпби жобасын тіл мамандары (фонетистер) дайындай-
ды, сонан соң педагог-ұстаздар, әдіскерлер, сызба шеберлері, көз дәрігерлері, психо-
логтар т.б. арнайы сараптаудан өткізеді. Жоба арнайы сараптаудан өткен соң мемле-
кет тарапынан бекітіліп, көпшілікке міндетті құжат ретінде ұсынылады. Әрі қарай ол 
талқыланбайды, тек орындалады. 
Ендеше,  ғылыми  ақиқат  көпшілік  дауысқа  салумен  анықталмайды,  ғылыми  іс 
«асармен»  бітпейді,  ғылыми  нәтиже  аламан  жұрттың  қау-қаулауымен  алынбайды. 
Ерсі  көрінсе  де  айтайық,  ғылым  саласында  «көп  ақылы  -  көл  болмайды».  Ғылыми 
таным жолында азшылық көпшілікке бағынбайды, тіптен бір адам дүйім жұртқа жөн 
сілтеп, жол көрсетіп отырады. Әліпби саласында ол - Ахмет Байтұрсыұлы. Ғылымда 
қоғами теңдік те (демократия) жоқ, адами теңдік те (ғұламалық) жоқ. Ғылым - адамзат 
болмысының бейтеңдес (бейдемократиялық) тұсы.
Сонымен сөз қорытындысында мынаны айтпақпыз. Біріншіден, орыс жазуына бай-
ланысты алған жартыкеш-жарамсақ емлеміз бен әліпбиіміздің ана тілімізге тигізген 
бүгінгі зардабын көре отырып, әлі де болса орыс жазуында қаламыз деудің енді реті 
келе қоймас. Оның үстіне Ресейдің өзіндегі орыс тілі мамадарының ішінде де латынға 
көшейік деген академиялық деңгейдегі пікір қалыптасып келеді. Тіптен, орыс жазуын-
да  қала  қойғанның  өзінде  оған  түбегейлі  өзгерістер  енгізу  керек.  Ал,  оған  өзгеріс 
ендіреміз  десек,  оның  дауы  латынның  дауынан  да  асып  түсетініне  еш  күман  жоқ. 
Екіншіден, араға ғасырға жуық уақыт салып, араб әліпбиіне қайта оралып жатудың 
тағы жөні жоқ. Өйткені қазіргі ұрпақ үшін араб жазуы көп бейтаныс жазудың бірі ғана. 
Үшіншіден, латын жазуы қалай-қалай дегенде де әлеми ақпарат жетістігінің бірден-бір 
құралы болып қалды.  Оның үстіне егер латынға қазақтың төл дыбыстарын баптап өте 
алсақ, қазіргі жазуымыздағы тіл бұзар басы артық таңбалар мен емле-ережелер жол-
жөнекей өзінен өзі түсіп қалады. Дұрыс әліпбиден бұрыс емле-ереже туындамайды, 
бұрыс әліпбиден дұрыс емле-ереже туындамайды. Жазу реформасы дегеніміз – осы.
Ендеше латын әліпбиін жатырқамай, дер кезінде қабылдау керек болады, тек емле-
ережесін баптап өтейік, ертең-ақ көз үйреніп, қол жаттыққан соң күмән сейіліп, үрей 
өзінен өзі басылады.


198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет