Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет76/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   165
буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыс, хәріп (әріп) 
т.б. Бұл 
сияқты терминдер сол кезде талай талқыға түсіп, талқыланды. Кейін Ахаң, сол бір ала-
сапыран заманда орыстың білгірлерімен ғылымның салаларын жан-жақты қарастырып, 
тілдің  өзекті  мәселелеріне  қатысты  деректемелерді  толықтырып  отырды.  Сондай 
еңбектің бір көрінісі ретінде 1914-15 жылдары мен одан кейінгі жылдары, яғни 1928 
жылға дейін «Тіл құрал» атты оқулықтарында әбден қалыптасып, тілімізге енген 
зат 
есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу
 сынды сөздер. Орыс тілінен енген кейбір 
терминдердің  аударуға  болатындарын  өз  ана  тілімізге  аударып,  аударуға  келмейтін 
терминдердің қазақ тіліндегі лексикалық баламасын тауып өз тілімізге сол терминдерді 
енгізді. Осының негізінде терминге қатысты қағидаттар мен талаптары жасалды. Ана 
тілінде әртүрлі оқулықтар мен оқу құралдары жазыла бастады. Ахаңның сонымен қатар 
«Әдебиеттанытқыш» атты еңбегінде атап өткен жөн. Бірақ бұл өз алдына талқыланатын 
бөлек әңгіме. Дегенмен, ол бұл еңбекте де әдебиетке қатысты термин сөздерді бір жүйеге 
келтіріп,  саралады.  Жалпы,  Ахаңның  осы  бір  еңбек  жолындағы  ізденісіне  тамсанған 
ғалым Р.Сыздықова «Әрине, біздің сипатымыз өте жалпы айтылып, қысқа қайырылған 
түйін. А.Байтұрсыновтың ағартушылық, ғылыми еңбектерімен қатар, оның поэтикалық 
творчествосын, саяси-әлеуметтік көзқарастарын нақтылы, арнайы және терең зерттеу 
– алдағы міндет, әр сала мамандығының жұмысы» деп өз көзқарасын білдірді [5, 19]. 
Сонымен қазақ тіліндегі термин сөздердің зерттелуі Ахмет Байтұрсыновтан бастау алса, 
ал М.Жұмабаев – педагогика, Ж.Аймауытов – психология, Х.Досмұхамедов – зооло гия, 
физиология терминдерін қалыптастыруға белсене атсалысты.
Жалпы,  тіл  білімінде  терминнің  зерттелуі  тілдің  өзге  салаларына  қарағанда  кеш 
басталған.  
Түркі  әлемінде  болған  қоғамдық-саяси,  мәдени  өзгерістер  түркітілдес  елдердің 
терминологиясына да әсерін тигізді. Қазіргі кезде түркітілдес елдердің терминологи-
ясы талай тарихи кезеңдерді басынан кешіріп отыр. Осы кезеңдердің қайсысы бол-
са  да  қоғаммен,  саясатпен,  мәдениетпен  тікелей  байланысты.  Қоғамдағы  осындай 
өзгерістер түркі тілінің терминологиясын терминдер қорымен толықтырды. 
Осындай өзгерістер нәтижесінде көптеген ғылыми жаңалықтар ашылып, ғылыми 
еңбектер жазылды. 
1992  жылы  жарық  көрген  «Түркі    тілдеріндегі    лингвистикалық  терминдердің  
қысқаша  салыстырмалы  сөздігі» атты еңбекте қазақ, қарақалпақ, өзбек тілдеріндегі 
лингвистикалық  терминдер  бір-бірімен  салыстырыла  берілген.  Мысалы: 
фоне-
ма  –  сес  бирими  –  фонем. 
Осы  мысал  арқылы  үш  тіл  арасындағы  байланыстың 
ажырамайтындығын көруге болады. 
Оның себебі «түбі бір – түркі тіл» екендігінде болар. «1996-1997 жылдары қазақ-
түрік лингвист ғалымдарының ұйымдастыруымен Қазақстанның Түркістан қаласында 


177
Қазақ-түрік  университетінде  түркітілдес  елдердің  терминологиясына  арналған 
мәжіліс  өтті.  Бұл  жиынға  Қазақстан,  Түркия,  Әзірбайжан,  Өзбекстан,  Қырғызстан, 
Түркіменстан, Татарстан, Башқұртстан, Қарақалпақстан елдерінің тілші ғалымдары 
қатысты» [6, 6]. Ғалымдар бүкіл түркі тілдес елдерге ортақ сөздік жасауды қолға алды. 
Осындай ғылыми отырыстар мен жиындар негізінде терминология мәселесі қазіргі 
кезде әрбір ғылымның өзекті мәселесіне айналып отыр.
Туыстас  тілдер  бір-бірімен  түсінушілікке,  үйлесе  дамуға  назар  аударуда.  Алды-
мен  туыстас  тілдерден  термин  іздеу  қажеттігіміздің  себептерін  А.Байтұрсынұлы 
былай  түсіндірген  болатын.  «Олай  етуіміздің  себебі:  1)  туыстас  тілдердің  көптеген 
сөздерінің тұлғалары бірдей болмаса да олар ортақ түбірден тараған, сол себепті туыс-
тас тілдердің сөзіне қарағанда  оларды түсіну жеңіл және естігенде де , айтқанда да 
бөтен болып сезілмейді; 2) түркі халықтары қашанда өзара қарым-қатынаста болған 
және де бола береді, сондықтанда бір тілдің көптеген сөздері ортақ түбірден өрбімесе 
де өзге тілдің тұтынушыларына таныс болуы мүмкін» деген пікірін білдірген [7, 15].
Жалпытүркілік  мақсат,  ортақ  мүдде  қазіргі  таңда  түркі  халықтарының  рухани-
мәдени,  экономикалық  жақындықта,  біртұтастықта  болуын  талап  етуде.  Ғалым 
Г.Сағидолла: «Түркі халықтарының суперэтностық тұтастыққа ұйыстырудың басты 
тетігі  –  тіл  десек,  бірнегізден,  яғни  жалпытүркілік  тектілден  өрбіген  қазіргі  түркі 
тілдері арасындағы сабақтастықты анықтап, әр тілге тән заңдылықтардың қалыптасу 
ерекшеліктерін «тіл және этнос», «тіл мен қоғам», «тіл мен мәдениет» контексінде 
зерттеу қазіргі түркологиядағы көкейкесті мәселелер саналады [8,3].  Еліміз тәуелсіздік 
алғалы бері ұлттық терминология кеңістігінде терминдерді аудару, өз тілімізге енгізу 
мәселесіне  байланысты  тың  ойлар  талқылануда.  Бұл  бағыттағы  жұмыстар  сол  бір 
кезеңдегі    түбі  бір  түркі  тілдеріне  жататын  ортақ  сөздердің  жиынтығынан  сарала-
нып терминология деген саланың дамуына, пайда болуына септігін тигізді. Осы кез-
де ғылым-білім, қоғамдық өмір мен саясат атауларын түзу кезінде өз тілімізде жоқ, 
ұлттық баламасы табылмаған, тыңнан жасауға келмеген атаулар орнына Еуропа тілдері 
сөздерін ала салғаннан гөрі, бар болса басқа түркі тілдеріндегі бұрыннан қолданылып 
келе жатқан немесе жаңадан жасалған сөздерді, сөз үлгілерін алған ыңғайлы болды.  
Аудармашысыз түркі елдері мен түрлі сала мамандарының өзара қарым-қатынасқа түсе 
алуының, бірін-бірі түсінісе алуының  бірден-бір жолы – ортақ жазудың шығу төркіні 
деп ойлаймын. Осының нәтижесінде түркі халықтары терминологияны қалыптастыру 
тәжірибелерімен бөлісіп, өзара термин алмасу процесін дұрыс жолға қою мүмкіндігіне 
ие болып ортақ терминдер қорын құруға ат салысты. «Тілі бірдің – тілегі бір» демекші 
түркі тілдерінің шыққан түбі бір, сөздеріміздің түбірі бір болуынан әртүрлі ғылым са-
лаларына қатысты ортақ атаулар да пайда болды. Әсіресе, тіл біліміне қатысты ортақ 
терминдер көптеп қалыптаса бастады. Түркі тілдері оның ішінде татар тілі, қырғыз 
тілі, өзбек тілі, ұйғыр тілдеріне қатысты сөздер біршама сараланып алынды. Жалпы, 
терминге нақты анықтама беру үшін оның тек дефинициясын емес, сонымен қатар 
оған  берілетін  талаптары  мен  ерекшеліктеріне  де  назар  аударып,  ескеруіміз  керек. 
Көптеген терминтанушыдың еңбектерінде кездесетін терминнің бірқатар сипаттама-
лары төмендегідей көрсетілген: 
- арнайылық (арнайы салаға тиісті болуы): термин арнайы тілдің бөлігі
- дефинициясының болуы: термин затты атамайды, ұғымға дефиниция береді;


178
- жүйелілік: термин нақты бір терминжүйесіне тәуелді және онымен  байланысты;
- келіскендік: термин формасы мен оның мазмұны арасындағы байланыс
- эмоционалдықтан тыс және терминнің объективтілігі; - мәнмәтінге бейтарапты-
лық: термин үшін өзі «өмір сүретін» терминологиялық сала маңызды
- өзінің терминологиялық саласында бірмағыналығы және т.б. 
Негізінен өзге тілдегі терминдердің алдыға басып, ұтымды терминдердің пайда бо-
луы да оның зерттелуі мен зерделенуіне байланысты.  Қазақ терминологиясын дамыту 
бағытында қазіргі таңда біршама нормативтік құжаттар қабылданып, жоспарлы түрде 
дамыту бағдарламалары да жұмыс жасап жатыр. Осы негізгі жұмыстар барысында жыл 
сайын  терминологиялық комиссияның отырысы өткізіліп, 3000 термин бекітіледі. Әйтсе 
де, құлаққа қонымсыз, жүрекке жағымсыз терминдер қазақ тілінде көп. Мысалы, қара 
дәу, қылтима, шаптырма т.б. сынды сәтсіз шыққан терминдер бар. Ал бұл терминдердің 
бекітіліп,    қолданысқа  еніп  кетуі  осы  саладағы  туыстас  тілдермен  терминологияның 
дұрыс  зерттелмегендігінен.  Түбі  бір  түркі  тіліндегі  қарапайым  лексика,  терминдену 
процесі арқылы терминге айналуы әбден мүмкін. Ал түркі тіліндегі сөздер көбі түбірлес 
болып келеді. Түркі тілдері оның ішінде қазақ және татар тілдерін салыстырып көрсек, 
сөздердің түбірлері ұқсас келіп тек қана дыбыстық ғана өзгеру байқалады.
Терминге  қойылатын  талаптарды  анықтай  келе,  терминжасамға  жол  беретін 
болсақ,    біріншіден,  нақты  терминді  лексика  арасынан  ажыратып  алу  керек.  Ол 
үшін  Ш.Құрманбайұлының  терминге  қойылатын  талаптарын  атап  кеткен  жөн.                                   
1)  Терминнің  бірмағыналылығы;  2)  терминнің  қысқалығы  және  ықшамдылығы;                    
3) терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі;   4) тілдік нормаға сәйкес 
келуі; 5) терминнің туын ды сөз жасауға қолайлы болуы; 6) терминде эмоционалдылық 
пен  экпрессиялықтың  болмауы;  7)  эстетикалық  талаптарға  сай  келуі;  8)  терминнің 
үндесімділі;  9)  терминнің  қолданысқа  енгізілгендігі;  10)  синонимдердің  болмауы; 
11) инварианттылық, яғни өзге филология саласындағы тармақтарда  варианттардың 
болмауы;  12)  терминнің  уәжділігі;  13)  терминнің  халықаралықтығы;  14)  терминнің 
заманауилығы.  Яғни  осы  талаптар  нақты  орындалатын  болса,  термин  жасалады. 
Терминді жасауда оның түрлі сипатына сүйенеріміз сөзсіз. Басты сипаты  - оның сапа-
сы және сөз тудыру қабілеті. 
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. -Алматы, 1987. -384 б.
2.  Прохорова  В.  Н.  Актуальные  проблемы  современной  русской  лексикологии. 
-М.,Изд. МГУ, 1973. -10 с.
3. Ахманова О.С. Словарь лингвистистических терминов. –Москва: Советская эн-
циклопедия, 1966. - 606 с.
4. Даниленко В. П. Лексико-семантические и грамматические особенности слов – 
терминов. – Исследования по русской терминологии. Москва: Наука, 1971. -231 с.
5. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы және терминология мәселелері //Жалын. -2009. 
-№6. -19-24 б.
6.  Кахраман  М.  Түрік,  қазақ  тілдері  терминологиясының  даму  жолдары  және 
лингвистикалық терминдер. -Астана, 2009.
7. Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы, 2013. -640 б.


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет