Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


а  әрпі  үш фонема арқылы беріледі:  а



Pdf көрінісі
бет95/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   165
а
 әрпі 
үш фонема арқылы беріледі: 
а
 – тілалды, 
а
 – тіларты және 
а
 – мұрынды. 
О
 әрпі үш 
фонемаға сәйкес келеді: 
о
 – ашық, 
о
 – жабық және
 о
 – мұрынды. 
Е
 әрпі де үш фонема-
да көрініс табады: 
е
 – ашық, 
е
 – жабық және 
е
 – мұрынды. 
Ең жақсы әліпбиде бір әріпке бір фонема сәйкес келеді деген пікір таралған, де-
генмен фонемаларды осылай таңбалаған үнемдеу принципіне қарсы шығады. Тілші-
ғалымдар  үнемді  әліпби  құрудың  амалын  іздеп,  фонемалар  мен  графемаларды 
сәйкестеңдіру  үшін  математикалық  формулаларды  ұсынған  болатын.  Орыс  тілінде 
әліпбиді  үнемдеу  үшін  дауыссыз  дыбыстардың  жуан-жіңішке  айырым  белгілері 


204
қасында тұрған дауысты дыбыстар арқылы беріледі. Бұндай орыс жазуының орфогра-
фиясы силлабикалық жазу деп аталады. Орыс тіліне сәйкес дауыссыз дыбыстардың 
жуан-жіңішкелігі силлабикалық принципімен берілуі өте қолайлы, әйтпесе жіңішке 
дауыссыздарды  көрсету  үшін  тағы  біраз  жаңа  әріптер  енгізу  керек  болар  еді. 
Дауыссыздардың жіңішкелігін белгілеу үшін бес жіңішке дауыстыларды (я, ю, е, е, и) 
пайдалану графикалық тәсілдерді үнемдеу принципіне сәйкес келеді, бұл тек жазуда 
ғана емес, компьютерлік теруде де қолайлы. Орыс тілінде жуан және жіңішке дауыс-
сыздар бір сөздің құрамында алмасып отыратыны белгілі.
Қазақ  тілінде  дауыссыздардың  жуан-жіңішкелігінің  фонологиялық  мәні  жоқ. 
Салыстырыңыз: орыс тілінде 
кон-кон’, мол-мол’
 сөздерінде жіңішке белгі дауыссыз 
фонемалар  сөздердің  мағынасын  ажыратып  тұр.  Қазақ  тілінде 
тан,  тән,  тыс,  тіс
 
деген  сөздерде  олардың  мағынасы  дауыссыздардың  қасында  тұрған  жуан-жіңішке 
дауыс тылар арқылы ажыратылып тұр. 
Қазақ тілінде үнемдеу жазуды алғаш рет ұсынған қазақ тіл білімінің қабырғасын 
қалаушы  Ахмет  Байтұрсынов  еді.  Сингармонизм  заңы  бойынша,  қазақ  сөздері 
бірыңғай жуан я бірыңғай жіңішке айтылатыны белгілі. Сөздерді бірыңғай жіңішке 
айту үшін олардың алдында ғалым дәйекше деген таңбаны (белгіні) қолданған. Қазақ 
әліпбиін үнемдеу жайында қазақ филологиясының алғашқы профессоры Құдайберген 
Жұбанов та жазған. 1935 жылы ғалым қазақ әліпбиін және орфографиясын өзгерту 
жайында жоба ұсынған болатын, жазуды үнемдеу мақсатында дауыстылар мен дауыс-
сыздарды азайтып, бірнеше фонеманы бір әріппен таңбалауды көздеген. 
Әр тілдің әліпбисі дыбыстарды шартты түрде таңбалайды. Оның жетіспеушіліктері 
мен кемшіліктері орфография қағидаларымен өтеледі. Латын графикасына негізделген 
қазақ әліпбиін жасағанда фонологиялық және орфографиялық заңдылықтарды ескеру 
керек. 
Қазақ  тіліндегі  орфографиялық,  фонетика-фонологиялық  заңдылықтарға  сәйкес 
жаңа  жобаны  ұсынғанда,  тілдің  тарихын,  оның  диалектикалық  дамуын  ескеру 
қажет.  Әр  тілдің  фонетикалық  құрылымының  дамуы  оның  үнемі  жетілген  дыбыс 
жүесінің  нәтижесі  болып  табылады.  Барлық  тілдерге  тән  әмбебап  фонологизация 
құбылысының нәтижесінде фонемалардың аллофондары дербес фонемаға айналады. 
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі даму үстінде, оған ішкі (лингвистикалық) 
және сыртқы факторлар да әсер етеді. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі бір жағынан 
орыс тілінен келген фонемалар арқылы, екінші жағынан фонетикалық жүйенің өзінің 
ішкі заңдылықтары арқылы байыды: фонемалардың вариациялары синтагматикалық 
осьтен парадигматикалық оське айналады. Фонемалардың қалыптасуы тіл мен ойдың 
дамуымен  байланысты,  тілдің  жаңа  ұғымымен  және  лексикасымен  толығып,  және 
көршілес мәдениет пен өркениеттің ықпалымен байиді.
Батыс еуропа тілдерінің әліпбиіндегі әріптердің саны 26 – ның о жақ бұл жағында. 
Мысалы, ағылшын және француз тілінде 26 әріп. Бұл тілдер фонологиялық жүйелері 
дамыған тілдерге жатады: бір әріптің өзі бірнеше фонеманы қамтиды. Итальян тілінің 
алфавиті 21-ақ әріп. Бұл еуропа тілдерінің ішіндегі ең шағын әліпби. Қалған әріптер 
тек  кірме  сөздерде  пайдаланады.  Испан  тілінің  әліпбиі  27  әріптен  тұрады.  Негізгі 
әріптеріне Ñ дауыссызы қосылған. 


205
Неміс тілінің орны бөлек, картаға қарасақ, Алмания (Германия) батыс еуропа мен 
шығыс еуропаның аралығында орналасқан. Неміс әліпбиінің негізгі әріптеріне 3 умлаут 
және  1  лигатура  қосылған.  Сонымен  әріптердің  саны  30-ға  жеткен.  Фонемалардың 
умлаут аллофондары өзінің позициялық тәуелділігінен құтылып, дербес фонемаларға 
айналып, фонологизацияланып, графемаға сәйкес келген.Тілдің даму барысында фо-
нологизация  құбылысының  нәтижесінде  фонемалардың  саны  өскен.Батыс  еуропа 
тілдерінің латын графикасында жазу ескерткіштері 7-9 ғасырларда, ал шығыс еуропа 
тілдерінің латын графикасы негізінде жазуы 15-16 ғасырларда пайда болған. Негізгі 
26 латын әріптері батыс еуропа тілдерінің жазуында қолданылды. 
Латын графикасына негізделген шығыс еуропа тілдерінің жазуы модификацияла-
нып,  өздерінің  спецификалық  дыбыстарына  сәйкес  жаңа  графемалармен  толықты. 
Жаңа  графемалар  көбінесе  диакритикалық  таңбалар  арқылы  жасалды.  Сондықтан 
шығыс еуропа тілдерінің әліпбиінде әріптердің саны көбірек. Демек, батыстан шығысқа 
қарай әріптердің саны көбейгені байқалады. Шығыс еуропа тілдерінің әліпбилері ша-
мамен 30-40 әріпті қамтиды. Румын, молдован тілдерінің әліпбилерінде 31 әріп; по-
ляк, литва, эстон тілдерінің әліпбиі 32 әріптен тұрады; латыш тілінің әліпбиі 33 әріпті 
қамтиды; венгр, чех тілдерінің әліпби құрамында 40, 42 әріп бар. 
Мысалы, латыш тілінде негізгі латын әліпбиінен 4 әріп (Q, W, X, Y) алынбаған, 
оның орнына өздерінің спецификалық дыбыстарын белгілеу үшін 11диакритикалық 
таңбалар арқылы берілген әріптер (Āā, Čč, Ēē, Ģ ģ, Īī, Ķķ, Ļļ, Ņņ, Šš, Ūū, Žž) қосылған. 
Соның  нәтижесінде  әріптердің  саны  33-ге  жеткен.  Дауыстылардың  созылыңқы 
жұптарын  көрсету  үшін  макрон  деген  әріпүсті  диакритикалық  таңба  қолданылған. 
Дауыссыздар әріпүсті және әріпасты диакритикалық 
седиль
 және 
бревис
 таңбалары 
арқылы берілген. 
Түрік тілінің әліпбиі 29 әріпті қамтиды. Соның ішінде тек түрік тіліне тән 6 әріп 
(Çç,  Ğğ,  Iı,  Öö,  Şş,  Üü)  диакритикалық  таңбалары  арқылы  берілген,  негізгі  латын 
әліпбиінен 3 графема (Q, W, X) алынбаған. Дауыстылардың жіңішке жұптары әріпүсті 
умлаут
  диакритикалық  таңбамен  берілген,  дауыссыздарды  әріпүсті  және  әріпасты 
диакритикалық 
седиль
 және 
бревис
 таңбалары көрсетеді. 
Әзірбайжан  тілінің  әліпбиі  32  әріптен  тұрады.  Негізгі  латын  әріптерінен  бір-ақ 
W әрпі алынбаған, 7 графема қосылған. Әзірбайжан тілінің фонологиялық жүйесіне 
тән  төл  фонемалар    диакритикалық  таңбалар  (Çç,  Ğğ,  Iı,  Öö,  Şş,  Üü)  арқылы  және 
кеңейтілген  латын  әліпбиінде  қолданатын  Ә  әрпімен  берілген.  Дауыстылардың 
жіңішке жұптары 
умлаут
 диакритикалық таңбамен көрсетілген, дауыссыз дыбыстар 
кеңінен қолданатын 
седиль
 және 
бревис
 диакритикалық таңбалармен белгіленген.
Келтірілген  шығыс  еуропа  (латыш)  және  түркі  (түрік,  әзірбайжан)  тілдеріндегі 
әліпбилерінің  тәжірибесі  ескеріліп,  қазақ  әліпбиінің  31  әріптен  тұратын  жоба-
сы  ұсынылады.  Негізгі  латын  әріптерінен  3  таңба  (С,W,  X)  алынбай,  өзіміздің                                             
7
 
спецификалық фонемалар диакритикалық таңбалар (Ää Ğğ, Iı, Öö, Şş, Üü, Ûû) арқылы 
белгіленіп  қосылады.  Дауыстылардың  жіңішке  сыңарылары  умлаут  диакритикалық 
таңбалар арқылы беріледі. Ü-ның жуан сыңарын Û (ұ)
 
көрсету үшін әріпүсті 
циркум-
флекс
 диакритикалық таңба ұсынылады. Дауыссыздар еуропа және түркі тілдерінде 
кеңінен қолданатын 
седиль
 және 
бревис
 таңбаларымен көрсетіледі.


206
Қазақ тілінің төл фонетикалық жүйесіне кірмейтін орыс тілі арқылы грек, латын 
тілдерінен келген халықаралық сөздерде кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет