Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет97/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   165
v
 және
 f
 латын әріптеріментаңбалауға болады.
Қазіргі кезде дау тудырып жүрген и мен 
у
 кірме әріп-дыбыстар. Бұл дифтонгоид 
дыбыстар ый, ій, ұу, үудыбыс тіркестерінен тұрады. Кирил әліпбиіне көшкенде атал-
мыш  дифтонгоид  дыбыстар  әріптерді  үнемдеу  принципіне  сәйкес  оларды  и  мен  у 
таңбаларымен белгілейтін болды.
Тіл  иелері  бұл  дыбыстарды  дифтонгоид  фонема  ретінде  қабылдайды,  ал  жазуда 
олар  бір  әріппен  белгіленіп,  адамның  санасына  еніп,  фонологизация  құбылысына 
бағынған.
Сөздердің құрамында осы әріптер болғанда біз ойланбай-ақ игілік, инабат, иман, ин-
ститут, университет, кино деп жазамыз, транскрипцияда олар былай жазылады ійгілік, 
ыйнабат, ыйман, ійнстійтүут, үунійверсійтет, кійно. Латын әліпбиіне көшкенде, біздің 
ойымызша, жазуда сабақтастылықты, оңайлықты және жеңілдікті сақтау қажет.
Жас және орта ұрпақ дәстүрлі кирил әліпбиінде өсіп қалыптасқандар осындай жазу-
ды қолдайды, ал жетпістен асқан ақсақалдар бұрынғы латын әліпбиін пайдаланғандар 
транскрипциялық жазуды, яғни дыбыстардың бәрін белгілеуді алға тартады.
Бұл  әлеуметтік  лингвистиканың  факторы  дау  тудырып,  қорытынды  жобаны 
таңдауға  кедергі  жасайды.  Бірнеше  ұрпақ  тұратын  бір  отбасының  өзінде  де  кейде 
бірізділік болмайды. Сондықтан латын әліпбиіне көшкенде ғылыми-лингвистикалық 
негіздемелермен  қатар  экстралингвистикалық,  әлеуметтік  факторларды  да  ескеру 
қажет.
Қазіргі таңда, біздіңше, екі жобаға назар аудару керек. Бірінші -  лингвистикалық 
жоба, екінші – интернет жоба. Бірінші жоба – дәстүрлі жоба, шығыс еуропа тілдерінде, 
түркі  тілінде,  азербайжан  тілінде  қолданылады.  Өзіміздің  спецификалық  дыбыстар 
диакритикалық таңбалар арқылы көрсетіледі: жіңішке дауыстылар әріпүсті 
умлаут

дауыссыздар әріпүсті 
бревис
 және әріп асты 
седиль
 таңбалар арқылы беріледі. Соны-
мен, дыбыстардың саны 31, 32 жетеді.
Екінші жоба – интернет жоба. Бұл жоба компьютердің клавиатурасына негізделген. 
Қосымша әріп керек емес. Жіңішке дауыстылар апострофпен беріледі. Дауыссыздар 


207
диграф арқылы таңбаланады. Жобаның екеуінің де артықшылығы мен кемшіліктері 
де бар.
Лингвистикалық жобаның артықшылығы:
1. Бір дыбыс бір әріппен таңбаланады.
2. Шығыс еуропа және түркі тілі мен азербайжан тілдерінің әліпбилеріне жақын.
Кемшілігі:
1. Диакритикалық таңбалар арқылы берілген әріптер компьютердің клавиатурасын 
өзгертеді.
2. Оған қосымша финансирование және уақыт керек.
Интернет жобаның артықшылығы:
1. Компьютердің клавиатурасы сол күйінде қалады  (26 әріп).
2. Ағылшын тілін үйретуге және халықаралық коммуникацияға кіруге оңай.
Кемшілігі:
1. Бір дыбысқа бір әріп сай келеді деген принцип бұзылады.
2. Диграфтар қазақ жазуын ұзартады.
Тілшілер,  қазақ  тілінің  мамандары,  бірінші  жобаны  қолдайды.  Қоғамның  басқа 
өкілдері  екінші  жобаны  қолдайды.  Өзбектер  1993  жылы  лингвистикалық  жобаға 
көшті, ал 1995 жылы интернет жобаны қабылдады.
Оқытушылар,  оқушылар,  студенттердің  арасында  жүргізілген  әлеуметтік  сұрау 
негізінде, олардың әліпби реформасына тілектері мен талаптары бойынша, ұсынылатын 
жаңа әліпби жеңіл меңгеретін және қолайлы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет