Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы АҚпараттық хат



бет1/13
Дата10.11.2022
өлшемі378,72 Kb.
#157647
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Информационное письмо Юбилей проф.Жампеисовой К.К.КазНПУ им.Абая
3кл дүниетану29апта

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Құрметті әріптестер!


Сіздерді п.ғ.д., профессор, ХПБҒА академигі К.К.Жампейісованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.



Конференция 2022 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10.00-де офлайн және онлайн режимдерінде (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.) өтеді
ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ Zoom конференциясына қосылу
Конференция тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының ұзақтығы – 1 күн.


Конференция материалдары бойынша мақалалар жинағы шығарылады.
Конференцияның мақсаты: педагогика ғылымы мен білім берудің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылау: отандық және шетелдік тәжірибе, пікірлермен және идеялармен алмасу.
Қатысу үшін: жоғары педагогикалық білім беру басшылары мен мамандары, ЖОО, колледж оқытушылары, жас ғалымдар, постдокторанттар, Ph-D докторанттар, магистранттар; мектеп басшылары мен мұғалімдері шақырылады.


Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Жоғары педагогикалық білім берудің цифрлық дәуірдегі трансформациясы


2. Жоғары педагогикалық білім берудегі интеграциялық процестердің әдістемесі
3. Білім берудің барлық деңгейлері үшін педагогтерді кәсіби даярлаудағы дәстүрлер мен инновациялар.
4. ХХІ ғасырдағы тәрбие: қиындықтар мен перспективалар
5. Мамандарды инклюзивті білім беру ортасында жұмысқа дайындаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.
6. Педагогикалық ойдың, ғылымның және жоғары педагогикалық білім беру практикасының тарихы мен даму перспективалары.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Конференцияға қатысқысы келетін авторлар мақаланы талаптарға сәйкес ресімдеп, өтінімді толтырып, төменде көрсетілген мекенжайға 2022 жылғы 20 қарашаға дейін жіберуі керек. Мақала материалдарын жібермес бұрын, плагиатқа қарсы қол жетімді бағдарламаларда мәтіннің бірегейлігін тексеру ұсынылады (есебі қоса берілсін). Түпнұсқалықтың рұқсат етілген деңгейі – 70%.
Мақаланың ең аз көлемі – 5 бет (әдебиеттер тізімін қоса алғанда). Мақаланың максималды көлемі – 8 бет (әдебиеттер тізімін қоса алғанда).
Мақала авторларының таңдаулы саны 3 автордан аспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет