Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет54/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Зерттеу әдістері.
 Жоғарыда көрсетілгендей, есімдері елге мәлім батырлармен қатар, көпшілікке 
әлі белгісіз бабаларымыздың даңқын оқу үдерісіндегі сабақтар мен әскери-патриоттық іс-шараларда 
ұлықтау үшін, осы іспеттес және басқа да ақпараттарды кеңінен таратуға күш салсақ. Мысалы,  сол 
кездегі еліміз КСРО астанасы Мәскеу қ. көптеген әскери бөлімдер секілді, қазақстандық 316 атқыштар 
дивизиясы да ерлікпен қорғады. Оның даңқты командирі генерал И.В. Панфилов, оның қарамағында 
аға  лейтенант  шеніндегі  батальон  командирі  болған  жаужүрек  Бауыржан  Момышұлы,  Кеңес 
Одағының  батыры  М.  Ғабдуллин,  политрук  В.  Клочковтың  ерліктері  тарихта  мәңгілікке  қалмақ. 
Москва түбіндегі шайқастарда Т. Тоқтаров, Р. Жанғозин, Р. Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан 
ерлік танытты.  
Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. Сол сияқты, 
ұшағын  жау  техникасына  бағыттап,  ерлікпен  қаза  тапқан  Н.  Əбдіров,  минометші  К.  Сыпатаев  пен 
Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы  Отан соғысы батыры атағына ие болды. 
Аталмыш қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне “Казахстанская” аталған 
көше бар. Сталинград бағытындағы шайқастарға көптеген қазақстандық әскери құрылымдар қатысты: 
292-ші  атқыштар  дивизиясы  ретінде  қайта  құрылған  74-ші  Аралдық  атқыштар  бригадасы,  387-ші 
атқыштар  дивизиясы,  27-ші  атқыштар  кейінгі  72  гвардиялық  дивизия,  75-ші  атқыштар  кейінгі  3-ші 
гвардиялық атқыштар бригадасы. Аталмыш бригада Сталинград түбіндегі шайқаста 5 мың фашисті 
жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-
ші атты әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір 
құрылысы  батальоны  қатысты.  Курск  иіні  мен  Днепр  шайқастарына  көптеген  қазақтандық  әскери 
құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы 
Батыры атағына ие болды.  
Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер 
Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды.  Олар  –  В.А.Андреев,  Л.И.Беда,  П.Т.Брилин,  Т.К.Абилов, 
В.Г.Козенков,  И.И.Корнев,  И.В.Кутурга  және  т.б.  Словакия  территориясын  жаудан  азат  етуге  4-ші 
Украина  майданы  құрамында  қазақстандық  8-ші  атқыштар  дивизиясы  қатысты.  Австрия  астанасын 
жаудан  азат  етуде  алматылық  М.А.Пупков  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды.  Австрияны  азат 
етуші  105-ші  гвардиялық  дивизия  жауынгерлері:  А.Мудрагель,  Г.Сливных,  Ж.Аминов 
қаһармандықтарымен көзге түсті. Прага операциясына 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік 
көрсетті.  Бұл  полк  екінші  дәрежелі  Б.  Хмельницкий  және  3-ші  дәрежелі  Суворов  ордендерімен  үш 
мәрте  марапатталды.  Прага  операциясы  барысында  52-ші  армия  құрамындағы  алматылық  556-ші 
эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 
5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А. Батеньков пен 
П.Ф.  Железняков  соғыстан  кейін  Кеңес  Одағының  Батыры  атағына  ие  болады.  Ұшқыштар:                     
Т.Я. Бигелдинов, И. Павлов, С.Д. Луганский және Л.И. Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын 
иеленді. Олардың қатарын 56 жыл  кешігіп барып, 1941 жылдың 26 маусымында, соғыстың бесінші 
күні-ақ  аты  аңызға  айналған  батырлық  капитан  Гастелло  экипажының  ерлігі  емес,  капитан                         
А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы 
Ресей  Батыры  атағын  алып,  толықтырылды.  Берлин  операциясына  қазақстандық  118-ші,  313-ші 
атқыштар  дивизиялары  және  209-ші  атқыштар  полкі  қатысты.  Берлин  ратушасын  алуда  118-ші 
атқыштар  дивизиясының  взвод  лейтенанты  К.  Маденов,  ал  көше  шайқастарында  И.Б.  Мадин, 
Рейхстагка  ту  тігуде  Р.  Қошқарбаев  ерлік  танытты.  Айтпенбет  Нақыпов  Одерден  Петерсфельд 
қаласына  дейін  танкпен  келеді.  Соғыстан  кейін  Нақыповтың  танкі  қала  алаңына  ескерткіш  ретінде 
қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры 
атағын  иеленді.  Қазақ  қыздары  да  соғыс  ауыртпалығын  ер  азаматтармен  бірдей  көтерді.  Авиация 
саласын меңгерген қазақ қызы – Х. Доспанова Кеңес Одағының батыры М. Раскова басқарған әйелдер 
авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004 жылы 
Президенттің жарлығымен Х.Д. Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария 
Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса 
ерлігімен көзге түскен. Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 
Украина  территориясындағы  партизан  бірлестіктерінде  1500  қазақстандық  жаумен  шайқасты. 
М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың 
партизан  отрядында  70  қазақстандық  болды.  Ленинград  облысы  территориясындағы  партизан 
бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия территориясында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен 
шайқасты.  Қазақстандық  партизандар  жаумен  шайқаста  үлкен  ерлік  танытты.  Қ.Қайсеновпен  қатар 
Украина  территориясында  Қарағанды  облысынан  Д.И.  Сагаев,  Талдықорған  облысынан  П.С. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
22 
Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж. Омаров, алматылық – А.С. Егоров 
және  т.б.  қазақстандықтар  әртүрлі  партизан  құрылымдары  қатарында  шайқасты.  Белоруссия 
территориясын  жаудан  азат  етуге  қатысқан  қазақстандық  партизандар:  Ф.Озмитель,  Ғ.Омаров, 
Н.Қайсеитова,  Н.Салықов,  Х.Исмағұлов,  Н.Сыдыкова,  М.Стрельников,  И.А.Булаев,  И.Данияров, 
И.А.Ерещенко,  К.Темирханов,  Е.Балабеков,  Т.Жұмабаева  және  т.б.  Смоленск  облысында  құрылған 
партизан бірлестіктерінің құрамында 48 қазақстандық болды: А. Шарипов, Ж. Агадилов,      И. Өтебаев, 
М. Мұқанов, А. Төлегенов, Қ. Ахметов және т.б. ерлікпен көзге түсті. А.С. Егоров пен Ф.Ф.Озмительге 
Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  Соғыстың  кейінгі  жылдары  орталық  партизан  штабының 
шешімімен  тәжірибелі  партизандарды  шетел  мемлекеттері  территориясына  аттандырды.  Оларға 
партизан  отрядтарын  ұйымдастыру  тапсырылды.  Осы  мақсатпен  Қ.  Қайсенов  Румыния  мен 
Чехословакияны, ал А.С. Егоров Словакияны, С.О. Төлешов, Н. Супронов, Сарсенгалиев, А.Г. Акимин 
–  Польшаны  жаудан  азат  етуге  атсалысты.  Жүздеген  қазақстандық  соғыс  тұтқындары  Франция, 
Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне 
белсенді  қатысты.  Соңғы  мәліметтерге  сай,  тек  Франция,  Бельгия,  Италия  территорияларындағы 
партизан  құрылымдары  қатарында  180  қазақстандық  болған.  Француз  тарихшысы  Клод  Дельпла 
түркістандықтар  партизандық  қозғалыстарға  көптеп  тартылып,  үлкен  ерліктер  танытты  дейді.  Ал, 
неміс  тарихшысы  Патрик  фон  Мюллер  олардың  қиын  тағдырын  аяп,  свастика  мен  қызыл  жұлдыз 
арасында қалғандар деген сипат береді. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс 
жылдары  қолына  қару  алып,  майданға  1,9  млн.  адам  аттанды.  Қазақстаннан  әскери  комиссариат 
арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында 
қорғаныс  объектілерінде еңбек етті.  Осылайша әрбір  төртінші  қазақстандық  қорғаныс және  майдан 
объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, 
Германия  халқының  12%  мобилизацияланса,  Қазақстанда  халықтың  24%  мобилизацияланған. 
Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет