Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет367/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Key words:
 
Kazakh wrestling, young athletes, nutrition, diet, proteins, fats, carbohydrates, energy value. 
 
Ұлттық спорт түрлері, оның ішінде қазақ күресі жастарды тәрбиелеуде зор мәнге ие, себебі онымен 
айналысқан жас өрен тек қана күшті, қуатты, шымыр болмайды, сондай-ақ рухани жағынан да байиды. 
Сондықтан,  ата-бабаларымыз  оны  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  етіп  қалдырып  отырған,  қазақ  жастарын 
жауынгер ретінде жаттықтыруда, алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе-бет шайқаста жеңе білуге 
тәрбиелеуде тиімді пайдалана білген [1]. 
Елімізде  соңғы  жылдары  қазақ  күресіне  жастар  тарапынан  қызығушылық  күшеюде,  әрбір  қазақ 
баласының  жанындай  сүйетін  спорт  түріне  айналды  десек,  қателеспейміз.  Қазіргі  таңда  қазақ  күресін 
жастар  арасына  кеңінен  таратып,  оны  халықаралық  деңгейге  көтеру  бағытында  қомақты  іс-шаралар 
атқарылып  жатыр.  Елімізде  көптеген  спорттық  мектеп-интернаттарда  қазақ  күресі  бөлімдері  ашылып, 
дарынды  балалар  мен  жастарды  баптау  ісі  кеңінен  қолға  алынуда.  Қазақ  күресімен  үздік  айналысып, 
айтарлықтай  спорттық  жетістіктерге  қол  жеткізген  жас  палуандардың  оқу-жаттығу  жиындары  жүйелі 
түрде өткізіліп, ірі-ірі отандық және халықаралық бәсекелерге қатысуды дәстүрге айналдырды [2]. 
Кез  келген  спорт  түрі  сияқты,  қазақ  күресінен  де  жас  спортшыны  дайындау  ұзақ  та  көпжылдық 
қажырлы еңбекті қажет ететін педагогикалық процесс екені белгілі жайт. Əрине, бапкердің түпкі мақсаты 
шәкіртін спорттық табысқа, көрсеткішке жеткізу екені сөзсіз, алайда ол жас палуанның дене құрылысының 
дұрыс өсіп-дамуына, денсаулығын сақтау мен нығайтуға аса зор зейін қоюы керек. Педагогикалық процесті 
табысты  жүзеге  асыру  үшін  жас  спортшының  бір-бірімен  тұтаса  байланыста  дамитын  дене  күшінің, 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
190 
жылдамдығы мен төзімділігінің, ептілігі мен икемділігінің дұрыс дамуының негізі болып табылатын тиімді 
тамақтандырудың негіздерін білуі қажет [3]. 
Қазақ күресімен жүйелі түрде айналысу барысында дене жаттығуларымен және спортпен шұғылдану 
өскелең  жас  организмнің  қуат  қорының  едәуір  дамуына  септігін  тигізеді.  Алайда,  балалар  мен  жас-
өспірімдердің спорттық шыңдалу ерекшеліктері, қимыл-қозғалыстық және вегетативтік функцияларының, 
жұмыс  істеу  қабілеттерінің  көтерілуі  өскелең  жас  организмнің  әлі  де  болса  өсіп-жетілуі  мен  дамуы 
аяқталмаған жағдайда өтуімен байланысты [4].  
Соңғы жылдары дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың жасарып кеткенімен қатар, 
жас спортшылардың жаттығу жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығы да айтарлықтай артып отыр [5]. 
Жас  спортшыны  жедел  дайындау,  машықтандыру  мақсатында  оқу-жаттығу  бағдарламаларының  ұдайы 
күрделіленуіне байланысты оған шамадан тыс психикалық-эмоционалдық ауыртпалықтар түсетіндігі де 
белгілі [6].  
Осындай жағдайда балалар мен жастардың спортпен айналысу барысында өскелең жас организмнің 
қалыпты  өсуі  мен  дамуының,  денсаулығын  қорғау  мен  нығайтудың  және  олардың  арасында  әр  түрлі 
аурулардың алдын алудың негізі ‒ физиологиялық-гигиеналық талаптарға сай саламатты тамақтандыру 
болып табылады [7,8].
 
Спорттық  жүктемелер  едәуір  қарқынды  энергия  жұмсалуымен,  организмде  оттегі  тапшылығының 
(гипоксия)  дамуымен  және  ерекше  жүйкелік-психикалық  ширығулармен  байланысты  болып  келеді  де, 
қоректік  заттарды  жоғары  мөлшерде  қабылдауға  мұқтаждайды.  Осылардың  барлығы  организмдегі  зат 
алмасу процестеріне ықпал етпей қоймайды. 
 
Жас  спортшыларды  физиологиялық-гигиеналық  талаптарға  сай  тиімді  тамақтандыру  арқылы 
спорттық  қызметтік  қабілеттілікті,  төзімділікті  көтеруге  және  бұлшық  ет  жұмысынан  соң  күш-қуаттың 
қалпына  келуін  жеделдетуге  болады.  Сондықтан,  спорттық  дене  ширығуларына  организмнің  тұрақ-
тылығын көтеретін, мүмкіншілігі жоғары биологиялық қажеттіліктердің арасында, тамақтану факторы өте 
маңызды  екендігі  сөзсіз.  Сонымен  қатар,  балалық  шақта  және  жасөспірімдік  кезеңде  организмнің 
физиологиялық  қажеттіліктеріне  сай  тамақтануы  өскелең  жас  ағзаның  үйлесімді  дамуына,  жұмысқа 
қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуына ықпал етеді, қоршаған орта факторларына бейімделуіне жағдай 
жасайды,  өмір  сүру  сапасына  айтарлықтай  ықпалын  тигізеді,  денсаулығын  сақтау  мен  жақсартудың 
қажетті шарты болып табылады [9].
 
Біздің  жұмысымыздың  мақсаты  қазақ  күресімен  айналысатын  жас  спортшылардың  тамақтануын 
физиологиялық-гигиеналық  тұрғыдан  негіздеп,  жастарда  саламатты  тамақтану  дағдыларын  қалыптас-
тыруға бағытталған ұсыныстар дайындау болып табылады. 
Жас  спортшылар  ағзасы  үшін  аса  маңызды  тағамның  ең  құнды  бөлігі  ақуыздар  болып  табылады. 
Ақуыздардың негізгі көзі ‒ ет, балық, ірімшік, сүт және сүт өнімдері, сүзбе, жұмыртқа, уылдырық, соя, ас 
бұршағы, жармалар және жаңғақтар сияқты тағамдық өнімдер екендігі белгілі. Жас балалардың тағамдық 
рационында ақуыздардың ұзақ уақыт кем болуы, организмде бірқатар патологиялық өзгерістерге әкеледі. 
Оның өсуі мен дамуы баяулайды, салмағы түседі, гормондардың жасалуы бұзылады, әр түрлі жұқпалы 
ауруларға реактивтілік пен беріктік төмендейді. Ақуыздардың кемдігі, организмді өз ақуызын жұмсауға 
мәжбүрлейді, әсіресе, қаңқа еттерінің құрамындағы. Сонымен қатар, ақуыздардың маңыздылығы мине-
ралдар мен дәрумендердің алмасуындағы және бауыр функциясындағы рөлімен байланысты болғандықтан 
қосалқы  бұзылулармен  де  білінеді:  сүйектерде  кальций  мен  фосфор  азайып,  басқа  мүшелерге  артық 
жиналады, бауырдың тосқауылдық функциясы төмендейді. 
Жас  спортшылардың  қимыл-қозғалыс  әрекеті  кезінде  қаңқа  еттері  қантты  едәуір  көп  мөлшерде 
тұтынады. Сондықтан жас организмнің қызметтік қабілеттілігі жоғары болуы үшін, көмірсулардың көптеп 
енгізілгені  дұрыс.  Көмірсулар  көздері  болып  өсімдіктер  өнімдері,  әсіресе  ұннан  жасалған  тағамдар, 
жармалар, тәтті дәмдер келеді (2-сурет). Жануарлар өнімдері ішінде көмірсулар тек қана сүтте және сүттен 
жасалған  өнімдерде  болады.  Жас  спортшылар  дене  жұмысын  орындау  барысында  көмірсулар  бірінші 
кезекте жұмсалады және олардың қоры таусылғанда ғана алмасуға майлар қосылады. 
Организмнің көмірсулармен қамтамасыз етілуінің бірден-бір көрсеткіші ‒ қандағы глюкоза мөлшері 
дене  жұмысы  кезінде  азаяды.  Мұндай  жағдайда  глюкозаның  қанда  азаюы  бауырдағы  гликогеннің  жұ-
мылдырылуымен  өтеледі.  Өтеу  пәрменді  болмаса  гипогликемия  күйі  туады  да,  еттер  қажетті  энерге-
тикалық потенциал ала алмай, жұмысты көздеген деңгейде атқаруға мүмкіндігі жетпейді. 
Липидтердің  тағамдық  көздері  болып  табылатын  өсімдік  және  жануар  майлары  жас  спортшылар 
ағзасын  қуатпен,  алмастырылмайтын  май  қышқылдарымен,  майда  еритін  А,  D,  Е,  К  дәрумендерімен 
қамтамасыз етеді. Майлардың тағамдық рационда кем болуы дене салмағының азаюына, жас организмнің 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
191 
өсуі  мен  дамуының  баяулауына,  бауыр,  бүйрек,  орталық  жүйке  жүйелері  қызметінің  бұзылуына, 
капиллярлардың зақымдалуына және теріде дистрофиялық өзгерістердің пайда болуына әкеледі. 
Ағзасында  үздіксіз  өсіп-даму  үдерістері  өтіп  жататын  жас  спортшылар,  тек  нәруыздар,  көмірсулар 
және майлармен ғана емес, зат және энергия алмасуында аса маңызды роль атқаратын дәрумендер мен 
минералдық заттармен жеткілікті қамтамасыз етілуі қажет. 
Қарқынды  спорттық  машықтануларда  дәрумендерді  тұтыну  қалыптылығы  жоғарылайды.  Жас 
спортшылар  организміне  аса  қажетті  нутриенттер  ‒  минералдық  заттар  болып  табылады  және  олар 
организм тіршілігінде маңызды рөл атқарады, сондықтан тамақпен тұрақты түсіп тұрулары оның қалыпты 
тіршілік  етуінің  міндетті  жағдайы  болып  табылады.  Тағам  рационында  жекеленген  дәрумендер  мен 
минералдық заттардың ұзақ уақытқа созылған тапшылығы жас организмнің пластикалық және басқа да 
функцияларында күрделі бұзылыстарды тудыруы мүмкін. 
Жас спортшының өскелең организмінің энергияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тәуліктік тағам 
рационының сандық мөлшері мен сапасы физиологиялық және гигиеналық талаптарға сай болуы керек. 
Тағамдық рационның калориялығы жас спортшы организмінің тәуліктік энергия шығынын толық жабуы 
керек.  Жоғары  үрдісті  физикалық  белсенділік  танытатын  жас  спортшыларда  энергияға  ең  жоғары 
мұқтаждық байқалады, себебі қарқынды спорттық жаттығулар кезінде энергия шығындары, тыныштық 
күймен салыстырғанда, бірнеше есеге көбейеді. 
Төмендегі 1-кестеде жас спортшыларды тамақтандыруда ұстанатын рационның негізгі құрамдары мен 
энергиялық құндылығы туралы мәліметтер беріліп отыр. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет