«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
236
• ойын шарты;
• өзгерген шарттарда шешім қабылдау;
• қолданылған шешімнің тиімділігі.
Бұл процесс шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлінеді:
‒ өзіндік сабақтарға дайындалу;
‒ басты міндетті қою;
‒ тексеру, түзету және оның нәтижелерін бағалау;
‒ жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс.
Көпшілік жағдайларда ойындарды жүргізу технологиясы келесілерден тұрады:
• дайындық кезеңі: ойынды дайындау, сценарийін дайындау, жоспар құру, жалпы сипаттау, мазмұнын
меңгеру, материалмен қамтамасыз ету;
• ойынға кіріспе: проблемалық мақсат қою, ойын шарттарын білу, топ құру мен рольдерді бөлу,
регламент белгілеу, қатысушыларға жалпы түсініктер және кеңес беру;
• ойынды жүргізу кезеңі: топтық жұмыс (әдебиеттермен жұмыс, тренинг, ойлану және т.б.); топ аралық
жұмыс, пікірталас (топтардың жұмысты баяндауы, нәтижені қорғау, пікірталас туғызу);
• талдау және қорытындылау кезеңі: ойынға қорытынды жасау, талдау, баға беру, ұсыныстар беру,
ойынды аяқтау және жинақтау [3].
«Педагогикалық ойын технологиясы» ұғымы педагогикалық процесті әр түрлі педагогикалық ойын
формасында өткізу әдістері мен тәсілдерін қамтиды. Педагогикалық ойынның жай қарапайым ойындардан
ерекшелігі ‒ олардың мәнді белгілерінің болуында.
Достарыңызбен бөлісу: