Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


-кесте  ‒  Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру кезеңдері    Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру кезеңдері



Pdf көрінісі
бет459/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
1-кесте  ‒ 
Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру кезеңдері 
 
Ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру кезеңдері 
І кезең 
ІІ кезең 
ІІІ кезең 
ІV кезең 
оқыту процесіне (дене 
шынықтыру және спорт 
саласына) қатысушылардың 
тренингтерді, өзара оқыту 
және шағын сабақтарды 
ұйымдастыру арқылы 
аталған іскерлікті меңгерудің 
қажеттілігін сезінуі 
білім алушылардың (дене 
шынықтыру және спорт сала-
сындағы) бір-бірін біріккен 
әрекетке қатыстыруға қол-
дауды, жауаптарды жалпы-
лауды, қорытындылауды, 
пікірлерді сынауды, жаңа 
материалды өткен 
материалмен 
байланыстыруды түсінуі. 
оқытушының (дене 
шынықтыру және спорт 
саласындағы) қарым-қатынас 
жағдайларына байланысты 
жағдаяттарды құруы, топтық 
тапсырмаларды өңдеуі 
(ақпаратты өзара алмасу, 
жасалған жұмыс бойынша 
есеп беру, оны бақылаушы 
топпен бағалау) 
оқытушының (дене 
шынықтыру және спорт 
саласындағы) білім 
алушыларды іскерлікті оқу 
құралдарының көмегімен әрі 
қарай меңгеруін қолдауы 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
235 
Оқытушының  (дене  шынықтыру  және  спорт  саласындағы)  білім  алушыларды  іскерлікті  оқу 
құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдай отырып, зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба 
жұмысын жасауға мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек екенін  білім алушыларға ескертіп отыру. 
Сондықтан жобалау технологиясының тиімділігі күннен-күнге арттыру бағыттарын жүзеге асыра отырып, 
қолданысқа ие болуын қадағалау [2]. 
Белгілі  ғалым  У.Х.  Килпатрик  жобалаудың  төрт  түрін  ажыратады:  жасампаз  (өндіргіш), 
тұтынушылық, мәселені шешуді жобалау, жобалау-жаттығу. Жобалаудың негізгі мақсаты мен міндеті ‒ 
болашақта  зерттеу  жұмыстарын  нығайта  отырып,  өз  бетінше  ізденуге,  мәселені  шешуге  қажетті 
құралдарды пайдалана отырып, жаңалыққа ұмтылуға бағыт-бағдар беру.  
Төмендегі сызбада жобалау технологиясының әдіс-тәсілі бейнеленген: (1-сурет). 
 
  
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
1-сурет  ‒ Жобалау технологиясының әдіс-тәсілі 
 
Жобалау әдісінде жобамен жұмыстың төмендегі кезеңдерін бөліп қарастырады:  
1. Іздену кезеңі:  
• мәселені іздеу және оны талдау;  
• жобаның тақырыбын таңдау;  
• жоба әрекетін кезең бойынша жоспарлау, ақпараттар жинақтау.  
2. Құрастыру кезеңі:  
• жоба міндеттерін тиімді шешу кезеңдерін іздеу;  
• дизайн талаптарын ескере отырып, құрастырудың нұсқаларын зерттеу;  
• экономикалық бағалау;  
• экологиялық сараптау;  
• құрастыру және технологиялық құжаттар даярлау.  
3. Технологиялық кезең:  
•  жобаны  іс  жүзінде  жүзеге  асырудың  жоспарын  құру,  қажетті  материалдарды,  құралдар  мен 
жабдықтарды іріктеу; 
• сапаны ағымдық бақылау;  
• құрылысына және технологияға қажетті өзгертулер енгізу.  
4. Қорытынды кезең:  
• жобаны орындау сапасын бағалау;  
• жобаның орындалу нәтижесін талдау;  
• жоба нәтижесін қолдану мүмкіндігін оқып-үйрену (көрме, сауда) [2]. 
Жобадағы әрекеттің басым болуы, жобаның пәндік-мазмұндық саласы, жоба координациясының си-
паты, қарым-қатынас жолы (ЖОО-ның, қаланың, аймақтың, мемлекеттің, дүние жүзі елдерінің қатысушы-
лары арасындағы қарым-қатынас), жобадағы қатысушылар саны, жобаның ұзақтығы. Жобадағы әрекеттің 
басым болуы: шығармашылық ізденіс, шеберлікті шыңдау, түрлі тәсілдерді меңгере отырып, жүзеге асы-
руға әрекет жасау [2].  
Сондай-ақ,  жоғарыда  қарастырылған  әдіснамаға  сүйене  отырып,  төмендегі  жаңа  инновациялық 
технологияға тоқталсақ, оқу іс-әрекеттеріне бағытталған әрбір қатысушы (спортшы) және топ тұтастай бір 
міндетті  шешуге  біріккен,  сонымен  бірге  жеңіске  жетуде  өздерін  қадағалайтын  ұжымдық  ойын  – 
дидактикалық  ойындар  негізін  құрайды.  Оқыту  мақсатындағы  ойынның  негізгі  элементтеріне  мыналар 
жатады:  
• оқу әрекетінің моделденетін объектісі;  
• ойынға қатысушылардың біріккен әрекеті;  
Жобалау әдісі 
Нәтижені алуға 
бағытталады 
Мақсатқа қол 
жеткізу 
Қандай да бір 
мәселені шешуді 
ұсынады 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
236 
• ойын шарты;  
• өзгерген шарттарда шешім қабылдау;  
• қолданылған шешімнің тиімділігі.  
Бұл процесс шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлінеді:  
‒ өзіндік сабақтарға дайындалу;  
‒ басты міндетті қою;  
‒ тексеру, түзету және оның нәтижелерін бағалау;  
‒ жабық технологиялық цикл бойынша кері байланыс. 
Көпшілік жағдайларда ойындарды жүргізу технологиясы келесілерден тұрады:  
• дайындық кезеңі: ойынды дайындау, сценарийін дайындау, жоспар құру, жалпы сипаттау, мазмұнын 
меңгеру, материалмен қамтамасыз ету;  
•  ойынға  кіріспе:  проблемалық  мақсат  қою,  ойын  шарттарын  білу,  топ  құру  мен  рольдерді  бөлу, 
регламент белгілеу, қатысушыларға жалпы түсініктер және кеңес беру;  
• ойынды жүргізу кезеңі: топтық жұмыс (әдебиеттермен жұмыс, тренинг, ойлану және т.б.); топ аралық 
жұмыс, пікірталас (топтардың жұмысты баяндауы, нәтижені қорғау, пікірталас туғызу); 
 • талдау және қорытындылау кезеңі: ойынға қорытынды жасау, талдау, баға беру, ұсыныстар беру, 
ойынды аяқтау және жинақтау [3]. 
 «Педагогикалық ойын технологиясы» ұғымы педагогикалық процесті әр түрлі педагогикалық ойын 
формасында өткізу әдістері мен тәсілдерін қамтиды. Педагогикалық ойынның жай қарапайым ойындардан 
ерекшелігі ‒ олардың мәнді белгілерінің болуында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет