б﴿кешен архитектурасына қойылатын талаптар өндірістік кәсіпорынның өзінің архитектуралық –көркемдік келбеті жағынан тұтастай ансамбль болуын көздейді, былайша айтқанда өндірістік, қосалқы, энергетикалық және қойма ғимараттары тобы келісілген күйде салынып, толық технологиялық мақсатты қамтамасыз етіп, қалалық құрылыс және қоршаған табиғи орта талаптарына сай келуі тиіс. Бұның ішінде соңғысының ,қоршаған ортаны қорғаудың мәні өте зор.
Өндіріс технологиясындағы ғылыми-техникалық прогресс қалаларда өндірістік-біртұтас (селитебны) аудандарды құруға мүмкіндік береді, бұларда тұрғын жайлар өндірістік кәсіпорынның өзімен бірігіп кетеді,бірақ ол кәсіпорын қоршаған ортаға зиянды заттар шығармауы тиіс.Осыған байланысты архитектуралық ансамбльдер жаңа сипат иеленіп, азаматтық және өндірістік бағыттағы ғимараттар араласып кетеді. в)өндірістік кешенге кіретін ғимарат сәулетіне қойылатын талаптар оның сыртқы көрінісін жақсартып,оңтайлы көркемдік шешім алынуы тиіс. Мұнда тек декорациялық құралдар емес, сонымен қатар материалдар, бәрінен бұрын таза күйдегі конструкциялар пішіні басты нысана болуы тиіс,өйткені қазіргі заманғы техниканың конструкцияны гармоникалық үйлесімді және пропорционал етіп алуға зор мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |