Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі



бет7/12
Дата27.02.2023
өлшемі38,63 Kb.
#170402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Халы аралы жеке Ы ы п ні бойынша д рістер кешені д ріс №1. Х
Doc, БЖБ.№2 Гео. 7Сынып, 1347550, информатика, lektsiya 5, Нурмаханбет-Бекнұр
Дәрістің мақсаты:
Негізгі сұрақтар:

  1. Сыртқы экономикалық мәмілелердің жалпы сипаттамасы, түрлері.

  2. Сыртқы экономикалық мәмілелердің коллизиялық ережелері және оларды жою шаралары.

Дәріс мазмұны: Сыртқы экономикалық мәміле – бұл халықаралық жеке құқықтағы ең күрделі, ауқымды және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Ол кәсіпкерлік қызмет аясында жүргізіледі және мемлекеттің экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Оның ішіне мемлекеттің сыртқы сауда қызметі, халықаралық инвестициялық, валюталық және қаржы, несие операциялары, өндірістік кооператив және өзге де қызмет түрлері кіреді.
Сыртқы сауда қызметі қазақстандық заңнама бойынша кәсіпкерлік қызмет ретінде танылады және ол халықаралық тауар, қызмет, жұмыс, интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен оларға деген меншік құқықтарын алмасу түрінде жүзеге асады.
Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кемінде бір тарабы шетелдік тұлға болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге не әкелуге байланысты мәмілелер танылады.
Сыртқы сауда қызметінің субъектілері ретінде оның қазақстандық және шетелдік қатысушылары танылады.
Сыртқы саудаға тән негізгі белгілер:

  1. тараптардың бірі шетелдік тұлға болуы және басқа мемлекетте орналасуы тиіс;

  2. мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болуы тиіс (мүлік жалдау, тауар жеткізу, жүк тасымалдау т.б).

Сыртқы экономикалық мәміле дегеніміз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында екі мемлекетте орналасқан тұлғалар немесе кәсіпорындар арасында жасалған шарттар болып табылады.


Дәріс №8. Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау
Дәрістің мақсаты:
Негізгі сұрақтар:

  1. Халықаралық тасымалдау шарты түсінігі, түрлері, нысаны.

  2. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік.

  3. Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау.

Дәріс мазмұны: Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты – жүктер мен жолаушыларды бір жерден екінші жерге жеткізу болып табылады. Халықаралық тасымалдау дегеніміз – мүлікті және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші бір мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.
Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:

  • жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;

  • жүкті не жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халықаралық тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;

  • халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта да қолданылады;

  • халықаралық тасымалдаудың қайнар көзі ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.

Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге не жүкті қабылдап алуға уәкілетті адамға оны беруге міндеттенеді.
Халықаралық тасымалдаудың бірнеше түрлері бар:

  1. теңіз тасымалдауы;

  2. әуе тасымалдауы;

  3. теміржол тасымалы;

  4. автокөлік тасымалы;

  5. аралас тасымалдау.

Тасымалдау шартында әртүрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау шартының субъектісі негізінен жеке және заңды тұлғалар танылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымал үшін белгілі бір ақшалай сыйақы төлеуге дайын тұлға танылады; екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлға қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет