Халықаралық жеке қҰҚЫҒы пәні бойынша дәрістер кешені дәріс №1. Халықаралық жеке құқық түсінігі


Дәріс №5. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы



бет5/12
Дата27.02.2023
өлшемі38,63 Kb.
#170402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Халы аралы жеке Ы ы п ні бойынша д рістер кешені д ріс №1. Х
Doc, БЖБ.№2 Гео. 7Сынып, 1347550, информатика, lektsiya 5, Нурмаханбет-Бекнұр
Дәріс №5. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы
Дәрістің мақсаты: Халықаралық жеке құқықтағы коллизиялық нормаларды талқылау. Негізгі сұрақтар:

  1. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлға ұғымы.

  2. ҚР азаматтары, шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар.

  3. Дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері шетелдіктердің ерекше категориясы ретінде.

Дәріс мазмұны: Жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ҚР азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.
Халықаралық жеке құқық нормаларымен шетелдіктердің мүліктік, жеке мүліктік емес, отбасылық, еңбек және іс жүргізу құқықтары реттеледі.
Шетелдік азамат екі құқықтық тәртіпке бағынуы тиіс: отандық тәртіп және өзі орналасқан мемлекеттің тәртібі.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайын айқындау үшін кез-келген мемлекетте халықаралық құқықтың адам құқықтары мен бостандықтары туралы жалпыға танылған қағидалары мен нормалары негізгі мәнге ие болады. Олар Адам құқықтары туралы жалпы декларацияда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте баяндалған.
Шетелдік азамат ретінде ҚР азаматы болып табылмайтын және шетелдік азамат екендігін растайтын дәлелдемелері бар азамат танылады. Қазақстандағы шетелдіктьердің құқықтық мәртебесі ең алдымен ҚР Конституциясымен, ҚР Азаматьтық кодексімен және 1995 жылғы 19-маусымдағы «ҚР-дағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығымен айқындалады.
Халықаралық құқық ережелеріне сәйкес шетелдіктердің ерекше категориясын дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметкерлері мен басшылары құрайды. Олардың құқықтық жағдайы «Дипломатиялық қатынастар туралы» және «Консулдық қатынастар туралы» Вена Конвенцияларымен айқындалады.
ҚР-да азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы көп жағдайда шетелдік азаматтардың мәртебесімен ұқсас келеді.
Шетелдіктер Қазақстан Республикасында азаматтық құқық қабілеттілігін қазақстандықтармен тең дәрежеде пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет