Дәріс №12. Халықаралық еңбек құқығы Дәрістің мақсаты: Негізгі сұрақтар: Еңбек қатынастары саласындағы коллизиялық байланыстар.
Халықаралық еңбек құқығы мен ҚР еңбек құқығы.
Шетелдік жұмыс күшін тартудағы мемлекет саясаты.
Дәріс мазмұны:Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік элементпен күрделенген еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің маңызы өте зор. еңбек құқығындағы коллизиялық мәселелерді шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеде келесі байланымдар қолданылады:
құқықты таңдау еркіндігі (тараптардың еркіндігі);
қай заң бұл құқықтық қатынаспен неғұрлым жақын байланыста.
Еңбек мәселелерімен халықаралық деңгейде айналысатын арнайы ұйымдар бар. Оларды атап өтетін болсақ, 1919 жылы құрылған Халықаралық еңбек ұйымы. Ол БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемесі болып табылады. ҚР 1993 жылдан бастап аталған ұйымның қатысушысы болып табылады.
Осындай ұймдардың тағы бірі – Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым. Ол 1951 жылы құрылды. ҚР 2002 жылдың 2-желтоқсанынан бастап осы ұйымның толық мүшесі болып табылады.
Дәріс №13. Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік Дәрістің мақсаты: Негізгі сұрақтар: Мұрагерлік саласындағы коллизиялық нормалар.
ҚР-дағы шетелдіктердің мұрагерлік құқықтары.
Шетелдегі қазақстандық азаматтардың мұрагерлік құқықтары.
Дәріс мазмұны: Қазақстанда қызмет ететін мұрагерлік құқық нормалары мұрагерлікпен байланысты барлық қатыгастарды реттйді. Бірақ кей жағдайларда мұрагерлік мәселелерін шешу үшін шетелдік құқықты қолдану қажеттігі туындауы мүмкін. Қазақстандық заңнама бойынша мұрагерлік қатынастар мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері бойынша айқындалады.
Кейде тәжірибеде қазақстандық заң сілтеме жасаған мемлекеттің заңнамасында нақ сол жағдайлар бойынша қазақстандық құқықты қолдану қажеттігін көрсететін коллизиялық нормалар болуы мүмкін (мысалы, Швеция заңнамасы). Бұл әрекет қарсы сілтеме деп аталады.
АҚШ пен Ұлыбританияда мұралық мүлік рерінде қалған мүлікті жылжитын және жылжымайтын деп бөледі. Себебі, қозғалатын мүлікті мұраға алу кезінде мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері бойынша заң қолданылса, қозғалмайтын мүлікте – сол мүліктің орналасқан жері заңы қолданылады.
Мұрагерлікпен байланысты коллизиялық мәселелер мемлекеттердің ішкі заңнамаларын қолдану нәтижесінде шешіледі. Ал халықаралық конвенциялар тек кейбір мәселелерді ғана шешеді.
ҚР аумағында шетелдік элемент қатысатын мұрагерлік құқық қатынастары бірнеше жағдайлар негізінде пайда болады:
Қазақстан аумағында шетелдік мұрагерлердің пайдасына мұраның ашылуы;