Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО: ООН по промышленному развитию) ЮНИДО Бас Ассамблея тарапынан 1967 жылы құрылды. 1985 жылдан бері БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі сатусына ие.
166 мемлекет мүше болған.
Басты мақсаты:
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде өнеркәсіптік даму бағытындағы саясатты үйлестіру;
Ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейде өнеркәсіптік даму мен ынтымақтастық салаларында мүше мемлекеттер арасында қатынастарды нығайту [20; 192-205].
Штаб пәтері Австрияның Вена қаласында орналасқан. Басты органдары:
Жоғары басшылар конференциясы.
Өнеркәсіптік даму кеңесі.
Хатшылық және Бас директоры.
Жергілікті жерлердегі ЮНИДО бөлімшелері.
Бюджеттік және жоспарлау комитеті.
Техникалық комитеті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО: Продовольственная и сельскохозяйственная Организация Объединенных Наций) ФАО 16 қазан 1945 жылы құрылып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі статусына ие.
Мүше елдер: Еуропалық Одаққа ЮНИДО-ға мүше елдердің барлығы, бұған қоса Біріккен Араб Әмірліктері, Соломон аралдары және Оңтүстік Африка Республикасы да ұйымға мүше болып табылады. Ал Пуэрто-Рико ассоциацияланған ел ретінде ұйымда тіркелген [21; 97].
ФАО-ның басты мақсаты:
Дүниежүзіндегі ашаршылықты жою;
Халықтың тұрмысы мен азық-түліктің сапасын жақсарту;
Ауыл тұрғындарының өмір деңгейін көтермелеу;
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын күшейту.
Штаб пәтері Италияның Рим қаласында орналасқан[22; 97]. Басты органдары:
Бас конференция.
ФАО кеңесі және оның комитеттері
Бас директор мен хатшылық
Аймақтық бөлімшелері мен байланыс бюросы.
ФАО-ның жарнасы мүше мемлекеттердің қайырымдылық қаржысын, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының (ПРООН) бөлген қаражатын және «Дүниежүзілік банктің» қаржылық көмегімен қамтамасыз етілуде.