Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі


Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет2/23
Дата22.10.2022
өлшемі290,5 Kb.
#154625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. ХХІ ғасырдағы ең өзекті мәселелердің бірі қауіпсіздікті сақтау мәселесі болып табылуда.
Қауіпсіздікті сақтаудағы ең басты ролдердің бірін осы халықаралық саяси ұйымдары алуда. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы қауіпсіздікті сақтаудағы ролін зерттеу ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты-Халықаралық ұйымдар түсінігіне сипаттама бере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролін зерттеу.
Осы мақсатқа сүйене отырып, мынада міндеттерді қойдық-
-Ұйым түсінігіне;
-Халықаралық ұйымдар-әлемдік саясаттың ажырамас бөлігіне;
-Халықаралық ұйымның қалыптасу тарихын;
-БҰҰ-ның құрылымына;
-БҰҰ-функциясы мен мекемелеріне;
-Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) және НАТО байланысын;
-Еуропалық Одақ,Шанхай бестігі,Шанхай Ынтымақ-тастық Ұйымы және Дүниежүзілік банк тобы ұйымдары-мен байланысын зерттеу.
Тарихнама мәселесі-бұл кезеңге еліміздегі тарихшылар-дың еңбектері толық түрде қамтылған деп айту қиын. Қ. Тоқаевтың «Халықаралық қатынастар тарихы» атты еңбегінде жоғарыда аталған кезеңдегі халықаралық жағдайлар аталып өтіп, КСРО-ның осы уақыттағы сыртқы саясатындағы басты бағыттарын бейнелеген.
Осы тақырыпты зерттеуге арналған мақалалар еліміздегі саяси журналдардың ең беделділерінің бірі «Саясат» журналында көптеп жариялануда.
М. Амирбектің «Дүние жүзінің халықаралық ұйымдары» атты еңбегінде Әлемдегі халықаралық ұйымдардың тарихына, қызметіне, ұйымдардың құрылу мақсаттарына толық түсінік берген. Сондай-ақ халықаралық ұйымдардың сол кезеңдегі халықаралық қатынастарға тигізген әсерінің күштелігін атап өткен.
М. Жарбосынованың «Ұлттар ұйымы және Қазақстан» атты Егемен Қазақстан газетіне берілген мақаласында БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы ролдері туралы мынадай пікірлерін білдірген: «Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі пайда болып, қазіргі таңда 150-ден астам мемлекеттер үстінен қадағалайды. Бұл ұйым 1945 жылы әлемнің тыныштықты сақтауды көздейтін мемлекеттер тарапының инициативасымен құрылды.
Алғашқы осы іспеттес ұйым 1815 жылы Рейн бойындағы су жолын қадағалайтын Орталықтанған комиссия ұйымдастырылды. Алғашында БҰҰ-ның мақсаттарымен сәйкес мақсаттас ұйымдар Еуропада пайда бола бастаған. Кейініректе бұл ұйымдардың саны және мақсаттарына сәйкес ерекшеліктері көбейе бастады. Мәселен, Халықаралық телеграф одағы мен Әлемдік почталық одағын айтуымызға болады. Осы алғашқы ұйымдардың барлығы дерлік әлемдік қауымдастықты басқарудың қазіргі механизмінің бейнесін қалыптастыруға өзіндік қызметтерін атқарған»-, делінген.
В.К Ломакиннің «Мировая экономика» атты еңбегінде: «Ұлттар Ұйымы деген сөз алғашында Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясын жариялау барысында айтылды, оның авторы Д. Рузвельт еді. Бұл құжатқа алғашында 26 мемлекет біріктірілді. Кейініректе бұл атау «ұйым» атауына айналды.
БҰҰ-ның жарлығы жарлығы Думбартон-Окс конференциясында 1944 жылы талданды, 1945 жылы 26 маусымда Сан-Франциско конференциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекеттерінің өкілдерінің қатысуымен қабылданды. Жарлық өз күшіне 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. 1946 жылдан 2006 жылдар аралығында БҰҰ-на 141 мемлекет мүшелікке енді. Қазіргі таңда 192 мемлекет мүше елдер бар.
Қазіргі таңдағы саясаттанушылар мен саяси эксперттері БҰҰ-ның жұмысын «мардымсыз» деген баға беруде. Бұл мәселенің туындауына Югославиядағы және Ауғанстандағы саяси жағдай себеп болды. Шынында да, бұл соғыстарға БҰҰ ешқандай ықпал жасай алмады, соғысты тоқтатуға да шамасы келмеді. Осы саяси оқиғадан кейін ұйымды қайта реформалау және жұмысқа қабілеттілігін қайта қалпына келтіру әрекеттері жасалынуда.
Бірақ қазіргі кезде ұйымның ғаламдану кезіндегі ғаламдық мәселелерді шешуде, ХХІ ғасырдағы соғыс пен қауіпті болдырмауда әсер ете алу немесе ала алмауы бізге беймәлім.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құрайтын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформалау туралы мәселе алаңдатуда. «Төрттік блок» - Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды.
2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып (АҚШ үкіметінің сыртқы саясатты өзімшілдігін), ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады» делінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет