Халқының батыр ұлдары


Максим Иванович Милевский



бет64/77
Дата06.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#33913
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
Максим Иванович Милевский

Максим Милевский 1923 жылы Павлодар облысы, Лозов ауданы (қазір Успенка ауданы), Павловка ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. Ұлты украин, КОКП мүшесі. Орта мектепті аяқтаған соң туған селосында еңбекке араласты. 1942 жылы ақпанда Лозов райвоенкоматымен Қызыл Армия қатарына шақырылады. Кіші командирлер мектебін бітірген соң, Сталинград, Оңтүстік, 4-ші Украин, І-ші Балтықмаңы, 3 – ші Беларус майдандарына қатысқан.


1945 жылдың 5 ақпанында күні құлқын сәріде Занд ауданында (Шығыс Пруссия) гитлершілер ұрысқа дайындық жүргізе бастады: зеңбіректерді орнатып, жаяу әскерді жақындатып та қойды. Ал, нақ сол шақта Волноваха атындағы Қызылтулы гвардияшы 3-ші атқыштар дивизиясына қарасты танкіге қарсы арнайы дивизионның зеңбірек командирі гвардияшы сержант Максим Милевскийдің бейтарап аймаққа өз пушкасын түн жамыла алып келіп, жақсылап жасырып қойғанын олар сезген де жоқ. Көп кешікпей фашистер шабуылға шықты. Қатарласа сап түзеп, адымдасып келеді. Олардың минометтері мен артиллериясы түйдектете оқ жаудырды. Міне, жау танктері де көрінді. Біздің жаяу әскерлер шегінуге мәжбүр болды. Танктер мен өздігінен жүретін зеңбіректер жақындап келген сәтте, Милевскийдің зеңбірегі бебеу қатты. Алғаш рет оқ бүркегенде ақ, алда келе жатқан үш танкі мен өздігінен жүретін зеңбіректің тас-талқаны шықты.
Жау күшін қайта топтастырып, екінші рет алғашқысынан да қатты өршелене түсті.
Ақпанның қытымыр аязына қарамастан артиллеристер қызулы-ақ: олар шинельдері мен сырмаларын сыпырып тастап, түйдек-түйдек оқ атуда. Неміс автоматшылары жата-жата қалысты. Сол кезде гвардияшы аға сержант Милевский зеңбіректің жанына нысанашы мен оқ атушыны қалдырып, екі жауынгерді қасына ерітті де, алға шығып гитлершілерге граната лақтыра бастады. Қолда бар гранаттары тез таусылған, ал фашситердің жер бауырлап таяп қалғаны сонша, бір секірсе-ақ тап бергелі тұр. Осыны сезген Милевский окопқа жасырынды да, біз жатқан жерге атыңдар, - деп зеңбірек қасындағыларға белгі берді. Тек осылай етіп қана жауды кейін шегіндірген.
Үркердей ғана совет жауынгерлерін тұтас жаяу әскер күшімен қолға түсіре алмайтынына көзі жеткен жау оларға қарсы өздігінен жүретін екі зеңбірек жіберді. Бұл бронемашиналардың бірі 400-500 метр таяп келген кезде, коммунист Милевский жолдастарына оқ атуға бұйрық берді. Бронды тесетін алғашқы снарядтің өзі-ақ өздігінен жүретін пушканы жойып жіберді, ал зеңбіректің екіншісі кейін бұрылып, тартып отырды. Осы кезде біздің жаяу әскерлеріміз де көмекке жетіп, Милевский зеңбірегінің сүйемелдеуімен шабуылға шықты.
Осылай кеңес артеллерисі мен оның жауынгер жолдастары арқасында жаудың төрт тұтқиыл шабуылын қайтарған олар, көздеген рубежді алып, 60 гитлерліктерін мерт қылады. Біздің өзге атқыштар бөлімдерінің бағытын қалпына келтіріп берді.
КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша аға сержант Максим Иванович Милевскийге 1945 жылдың 19 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Соғыстан кейінгі уақытта Милевский Успенка ауданында өмір сүріп, автобаза директоры болып қызмет атқарды. [30, б.51-52]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет