Дмитрий Капитонович Потапов
1942 жылдың жазында атқыштар ротасының командирі лейтенант Потапов Воронеж майданында ұрысқа түседі.
Нағыз ауыр шайқастың бірі болды. Біздің мақсатымыз белгілі болғандай немістерді алдап ұстай тұру еді. Ал немістер болса Сталинградқа, Орал тауларына қарай беттей берді. Біз фашистерге қарсы бас көтеруге мүмкіндік бермей, жаңа әскери тың күшті бірінен соң бірін еңгізіп отырдық. Әрине қиын болды. Бірақ әр қайсысы жауды Волгаға жібермеу керек екендігін біліп, біздің әскерилер нағыз батыр екендіктерін көрсетіп берді. Фашистер Сталинград түбіне орныққан кезде біздің әскерилердің жігері он есе арта түсті.
1943 ж. 1 қыркүйегінде Потапов ұрысқа қатысқан дивизия, Сума қаласына таяу еді. Сума қаласын алу үшін ең алдымен Битице селосына бекінген немістерді алуымыз керек болатын. Фашистер мұнда орыс әскерилері өтпестей қылып, көптеген адамдар мен қару-жарақ, техникасын шоғырландырған еді.
Қараңғы түнде біздің гвардиялықтар өзеннен өтіп ауылға тақап келді. “Отан үшін – гвардиялықтар!” - деп бастаған Потапов пистолетін көтеріп, жауға қарсы ұран тастады. Оның ротасы бірінші болып, неміс окоптарына түсіп, гитлерге граната лақтырып, көптеген орудия танкілерін жояды.
Осы түнде гвардия дивизиясы Сума қаласын алады. Көрсеткен ерлігі үшін “Ерлігі үшін” медаліне ие болады.
Орлов-Курск доғасында немістерді талқандағаннан кейін, немістердің ізіне түсіп, 700 км. үлкен Днепр майданына шықты. 1-ші Украин майданының, 1-ші гвардия армиясы, Сума Қызыл жұлдыз дивизиясы Дарница ауданында өзеннің сол жағалауын тазалап, Киевке шығады. Оң жағалауына немістер болса қатты бекініп алған еді. Неміс басшысы Геббельстің айтуы бойынша Днепр бұл орыстар үшін ешқашан алынбас шекара, Кеңес армиясына алдымен Днепрден өтіп, шешуші шайқасқа шығу керек болатын.
Қазан айының мейрамы жақындап қалғаннан кейін бәріне Киев қаласын азат етіп, қорғап қалу керек болды.
Лейтенант Потапов өз учаскесінен дүрбі арқылы жау қорғанысының әлсіз жерін ұзақ іздеп бақылады. Ал өзеннің арғы шетіндегі жау қорғанысы мықты бекініп, әр метрінен қарсы оқ жаудыратын мүмкіндіктері болды. Потапов пулемет-станкалық ротаның командирі болып сайланғаннан кейін, ол алдымен шабуылды өз ротасымен бастау керек екендігін түсінді.
Өзеннен өтпес бұрын полк командирі шақырып алып, алдымен пулеметшілер ротасы алдынғы траншеяда жауды тазартып, өздері соған орнығып алғаннан кейін жауды ұстап тұрып, сол уақытта қалған роталарымызды өзеннен өткізіп алу керек дегендей тапсырма алды.
Қазан айының бұл түні оның есінде мәңгілікке сақталынды. Түнгі уақытта қалын суық тұман, өзеннен өтіп бара жатқан солдаттар бір-бірлерін әзер танығандай еді. Олардың ойында тек бізді сезіп қалмаса болғаны.
Ал жағаға дейін 50 метр қалған еді. Олардың жақындап қалғанын сезген фашистер оқ жаудырғаннан кейін солдаттарымыз секіріп-секіріп түсті.
Потаповтың қасына «Максима» пулеметін жетектеген бес жұп жауға қарсы тұрып шайқасты. Кешке дейін жаудың он үш шабуылын қайтарады. Неміс шабуылы бірінің артынан бірі арта түсті. Оның төрт жұбы жау оғына душар болып, нағыз батыр ретінде көріне білді.
Қалғаны тек үш кісі – Потапов, Лейтенант Николай Давыдов және байланысшы жауынгер. Бізді немістер әлі көп екен деп ойлау үшін, біз үш рет бағытымызды өзгерттік. Он үшінші шабуылды тойтарған сәтте кеш те батты. Осы сәтте біздің артымыздағы полк те келіп жеткен еді. Киевті азат еткеннен кейін Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін А. Невский орденімен марапатталды.
1944 жылы 10 қаңтарда “Правда” газетінде аға лейтенант Д.К. Потаповқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру жөнінде жарлық шықты.
Д.К.Потапов 1965 жылдан Павлодарда тұрып ДЭУ-35-те жол мастері болып жұмыс істеді, павлодарлық зиратта жерленді. [48, б.9]
Достарыңызбен бөлісу: |