Халықтың арғы шығу тегін зерттеуде антропологияның нәсілдік ұқсастықтарды, өзгешеліктерді зерттейтін салаларының маңызы зор



Дата07.02.2022
өлшемі14,1 Kb.
#92164
Байланысты:
20-0 1 курс


Халықтың арғы шығу тегін зерттеуде антропологияның нәсілдік ұқсастықтарды, өзгешеліктерді зерттейтін салаларының маңызы зор. Адамдардың белгілі бір географиялық аймаққа бейімделуімен, шығу тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен қалыптасатын ұқсастықты нәсіл немесе антропологиялық түр-сипат деп атайды. Антропологиялық түр-сипат халық боп бірігу барысында қалыптасады. Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1 -мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуроиеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны дөңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас. Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны қусырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дәңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайкыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды. Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарынікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар. Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті. Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді. Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендігін көрсетеді. Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келгендер жаулап алушылар болса керек. Ғүндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностың топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды. Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.Түрік дәуірінің антропологиясы. Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын. Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі. Түрік заманында Қазақстан жерін мекендеген халық өзінің алақұлалығымен ерекшеленеді. Бұрын-соңды Қазақстан жерінде антропологиялық бет-әлпетінің осыншама ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да шығыстан батысқа қарай қоныс аударған тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем. Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса айту керек. Сырттан келіп қосылған халыктар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.Исмағұловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеупгі тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады. Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет тшінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет