мәтін Ырыс пен берекет
Ертеде Бегайдар деген саудагер жігіт болыпты. Ойдан орып, қырдан кырып, табыс тауыпты. Үйіне дүниеиі қанша үйсе, ол соғұрлым кеми береді екен. Байлығының берекесі болмалты, Бегайдардың үйлі-баранды көршісі бар екен. Оның мал дегенде
бес-алты ешкісі болады, Бірак тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Бір күні Бегайдар көршісінен:
-Әй, көршім, сенің бала-шағаң бар. Мал дегенде бес-алты тоқал ешкің ғана бар. Бірақ отбасың берекелі, қарның тоқ. Ал мен жалғыз тұрамын. Үй көрмей сауда жасап, мол ақша табамын. Бірак берекесі жоқ. Сыры неде? - деп сұрады.
Көршісі:
- Қаратаудың басында мың жасаған данышпан бар. Содан ақыл сұра, - дел жауап берді, Бегайдар ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап- шалдығып келе жатып, бір лашыкка тап болды. Ішіне кірсе. шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен.
Бегайдар сусын ішіп, дәм татканнан кейін шалға жағдайын баяндады. Шал:
-Балам, данышпанға бара жатсаң, менің аманатымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп отыр. Соны қандай адамға берсем болады? - деді. Бегайдар:
-Жарайды, ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, - деп аттанып кетті. Тағы да ұзақжол жүріп, шаршап-шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде
бәйтерекке тіл бітіп:
-Әй, Бегайдар, данышпанға барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ бұтақтарым жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Беғайдар оның да аманатын арқалап, жолға шығады. Бір күні әрең дегенде данышпанға жетгі. Данышпан:
-Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар:
-Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірақ берекесі болмайды. Көршімнің бес-алты ешкісі, кеп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Сонын сырын
іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап:
-Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке кіретіні - ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат басындай алтын көмілген. Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтыңды қазып алды. Оны кыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Үзамай отбасына береке кіріп, ырысы тұрақтайды. Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті.
|