Қызығушылықты ояту
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіз бе, балалар!
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, бүгінгі сабағымызға дайынбыз ба?
- Иә.
- Ендеше, балалар бүгінгі сабағымыз өзгеше болмақ. Сендердің жарысқыларың келе ме?
- Иә.
- Ендеше, балалар бүгін жарысатын боламыз. Ол үшін сендердің белсене қатысып, мына дөңгелекшені көп жинауға тырысыңдар. Кім көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады. Келістік пе?
- Ендеше біз келген қонақтарға өз білімімізді көрсетейік. 3 топ болып жарысып, білімдерімізді ортаға саламыз. 1 топ – «Зейін» тобы.
2 топ – «Ақыл» тобы.
3 топ – «Білім» тобы.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, үй тапсырмасына дайынбыз ба?
- Олай болса, үй тапсырмасы «Ақ шаш» мәтінін мазмұнға айтып беру. Ал екінші үй жұмысы одан өзгеше болмақ мұнда 3 топтың бір - бір мүшелері ортаға шығып, бірінің бастаған өлеңін бірі жалғастырады. Егерде қателессе ол топқа ұпай берілмейді.
(балалардан осылайша үй тапсырмасы сұралады)
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Балалар, үй тапсырмасын жақсы дайындап келіпсіңдер. Енді менің сұрағыма жауап беріңдерші.
• Балалар, В. Сухомлинский қай халықтың жазушысы екен?
• Мәтінде не туралы айтылған?
• Ананың шашы неліктен ағарады екен?
• Ғали Орманов кім? Ол қай облыста дүниеге келген?
• Балалар, «айтқаныңды екі етпей, ақ сүтіңді өтермін» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
• Тағы басқа қандай ана туралы өлеңді білесіңдер?
ІҮ. Жаңа сабақ.
- Балалар, анамызды барлығымыз қадірлеп, құрметтейміз бе?
- Анамыз бізге үнемі жақсы, тәртіпті, бұзық болмауға, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге әрдайым қарапайым, әділ болуға тәрбиелейді солай емес пе?
- Ал, сендер аналарыңның айтқанын екі етпей орындап жүрсіңдер ме?
- Өте жақсы, сендер қандай жақсы оқушылар едіңдер. Өздеріңдей оқу озаты, кішіпейіл, үлгілі баламен танысқыларың келеме?
- Олай болса, біздің келесі тақырыбымыз сол баланың атаға көрсеткен қайырымдылығы жайында болмақ. Сонымен қатар бұл мәтінді жазған Бердібек Соқпақбаев екен. Ол – балалар жазушысы. Ол туралы не білесіңдер?
(балалар білгендерін айтып береді.)
- Балалар, білгенімізді ортаға салайық әр бір жауаптарыңыз үшін ұпайларың көбейеді.
- Дұрыс айтасыңдар. Сендердің айтқандарыңды менде толықтыра кетейін.
Бердібек Соқпақбаев – 1924 жылы, 15 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданында туған. Әзіл оспақ өлеңдерде шығарған. Анасынан ерте айырылып, өмір тауқыметін ерте тартқан. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағы жарық көрді. Ол жиырмадан астам роман, повест, әңгіме жазды. Оның «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожаның мінез - құлығы өзіне ұқсайтындығын автордың өзі айтқан болатын. Оның «Жекпе - жек», «Аяжан». «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион» т. б. шығармалары кеңінен таныс.
а) Мәтінмен жұмыс.
- Жақсы, балалар енді мәтінді алдымен мен оқып шығайын, сендер мұқият тыңдаңдар жарай ма?
(Мұғалім мәтінді баяу, асықпай балаларға түсінікті етіп оқып шығады, түсіндіреді)
- Балалар, мәтіннің ішінде сендер түсінбей қалған сөздер болуы мүмкін. Мысалы есікке қарай бейімделді деген жерде бейімделді сөзі есікке қарай жақындады дегенді білдіреді. Шал ілгері лықсып деген сөзде ілгері жылжып дегенді білдіреді.
- Басқа қандай сөз сендерге түсінікті емес?
- Өте жақсы балалар, олай болса осы мәтінді енді өздерің екі сөйлемнен қатар - қатар бойынша оқып шығыңдар.
(Балалар мұғалім айтқандай екі сөйлемнен оқып шығады.)
- Қараңдаршы, балалар бұл мәтіннің бізге берер тәрбиесі өте мол. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндік солай емес пе?
-
ә) Білгенге маржан.
- Олай болса, мәтін не туралы екен?
- Атай қайдан келе жатыр еді?
- Мәтіндегі тақырбас баланың аты кім еді?
Біз Мәуленнен үлгі алуымыз керек. Ол үлкен жақсы іс жасады. Бірақ балалар, ұрлық жасауға бола ма?
- Дұрыс айтасыңдар. Олай істеуге болмайды. Біз қателессек кешірім сұрауымыз керек пе?
Өте жақсы. Мәулен қандай бала?
- Енді балалар, мына жерде сендер нені көріп тұрсыңдар?
- Шырша
- Біз кеше ғана жаңа жылды қарсы алдық, шыршаны айналып, аяз атадан сыйлық алдық солай емес пе?
б)«Жасыл шырша» ойыны (топтар бір - біріне сұрақ қояды)
- Олай болса, балалар осы шыршаны ойыншықтармен толықтырып, әсемдеуіміз керек. Ол үшін топ өзара бір - біріне сұрақ қояды. Мысалы, Зейін тобы Ақыл тобына, Ақыл тобы Білім тобына, Білім тобы Зейін тобына. Егер, топ сұраққа жауап бермесе қарсы топтың жауап беруіне болады.
(Мұғалім балаларға ойыншық береді. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, оны шыршаға іледі. Әр топ 2 сұрақтан қояды)
Ү. Дәптермен жұмыс.
- Жақсы балалар, сендер сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Бұған қарап мен сендердің мәтінді дұрыс түсінгендеріңді көріп отырмын. Балалар, біз мәтіннің ішінен қандай мақал - нақыл сөздер кездестірдік қане, кім тауып маған айтып береді.
• «Ұрлық істеу – ол жақсы адамның кәсібі емес»
• «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі»
(Балалар нақыл сөздерді тапқаннан кейін мұғалім тақтаға іліп, ол туралы балалардың түсініктерін үш топтан да сұрап шығады және дәптерлеріне жаздырады.)
ҮІ. Аутотренинг:
- Қазір үстелге еркін отырып, екі қолыңызды тізе үстіне қойып, көздеріңізді жұмып отырыңыздар. Ештеңе ойламай өздеріңді бос, еркін сезініңіздер, мені тыңдаңыздар.
Қыс. Айнала аппақ ұлпа қарға оранған. Аяғың қар үстінде, таятындай болған соң баппен асықпай, аяңдай басасың. Көзің аппақ қарға шағылысып, бойыңды күннің шуағы нұрға бөлейді, денің рахаттанады. Өзіңді емен еркін сезініп, көңілің көтеріліп, кеудеңді ән кернейді. Ай хай рахат - ай! Қандай тамаша!
ҮІ. Жаңа сабақты бекіту
1. «Орнын тап» ойыны.
- Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Сендер мына тақтадағы шығарманың оқиғаларын
рет - ретімен орналастыруларың керек жарай ма?
- Иә
Атаның әңгімесі – 3
Трамвайдан түскенде – 1
Атаның немересі – 4
Атаның балаға риза болуы – 6
Бейтаныс баланың көмегі – 2
Ата мен немересінің әңгімесі – 5
2. Топпен жұмыс.
- Балалар, қазір үш топқа да үш түрлі тапсырма беремін.
- « Зейін» тобына суретке қарап әңгімелеу.
- «Ақыл» тобына мәтін бойынша қандай сурет салар едің?
- «Білім» тобына жақсылық пен жамандыққа байланысты мақал құрау, оның ішінде ұқыптылық пен ұқыпсыздық, адалдық пен әділдік және ұрлық туралы болуы мүмкін.
- Ендігі балалар, төменде берілген түсініктемені іштеріңнен өздерің оқып шығыңдаршы.
«Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Мәтіндегі оқиғалар бір - бірімен байланысты болады»
(Мұғалім осы түсініктемені түсіндіріп, оқушылардың ойын сұрап, нақты мысал келтіреді)
ҮІІІ. Жаңа тақырыпты қорыту.
- Балалар, сонымен бүгінгі тақырыптан не түсіндік?
- Мәуленнің атаға көмектескені дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
- Сендерде жолда үлкен кісілерге көмектесесіңдер ме?
- Біреудің бауынан жеміс ұрлауға бола ма екен?
- Үлгілі оқушы болуға тырысамыз ба?
- Өте жақсы балалар, сендердің мәтінді түсінгендеріңді көріп тұрмын. Ендеше жинаған дөңгелекшелерді санап кімнің жеңімпаз болғанын анықтайық.
|