Ханымдар мен арулар


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР



Pdf көрінісі
бет6/30
Дата28.02.2020
өлшемі3,21 Mb.
#59255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
c522526e83794959fe3f14108ed97c23


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
орыс  деректерінде  көп  баяндалады.  Әбілқайыр  ханның  тұсында 
сұлулығымен  қатар,  ақылдылығымен  көзге  түскен    Бопай  ханым 
Кіші жүзде үлкен құрметке ие болады. Ал 1748 жылы  Әбілқайыр  
ханның  қазасынан  кейін  Кіші  Жүздің    ішкі  саяси  өмірінде,  қазақ-
орыс қатынасында билікте отырған  ұлдарына  кеңесші, ақылшы  бола 
білген Бопай ханымның есімі жазба деректерде  өте жағымды бейне 
ретінде  жақсы  баяндалады  [4,  410-412,  432-436,  510-519].  Бопай 
ханым  қайтыс  болғаннан  кейін  де,  оның  моласы  талай  уақыттар 
бойы рухани ем іздеген нəзік жандарға азық ретінде қызмет етуін 
тоқтатпайды.   
Хандық дəуірден бері  ел аузында кең таралған ауыз əдебиетінің 
үлгілерінде    Ел  Анасы  болған      Домалақ  ана  жөніндегі  аңыз-
əңгімелер өте көп. Текті жерде туып-өсіп Адал жар, Ел анасы  бола 
білген Домалақ ана ұрпақтарына ақылдылығымен, сабырлылығымен, 
көрегендігімен,  кемеңгерлігімен,  əулиелігімен  есте  қалады.  Оның 
жерленген  жері  күні  бүгінге  дейін  апаларымыз  бен  əжелеріміздің, 
қарындас – жеңгелеріміздің зиярат ететін жеріне айналған.
Тарихымызда аналарымызға қойылған материалдық ескерткіштер 
– күмбездер, мавзолейлер, мазарлар күні бүгінге дейін жетіп отыр. 
Домалақ  ана  кесенесі,  Рабиға  сұлтан  бегім  мавзолейі,  Бопай 
ханым мазары əлі күнге дейін өздерінің негізгі міндетін жоғалтпай, 
жаңа ұрпақ өкілдеріне рухани қызмет етуде. 
Аналарымызға  деген  құрметті  қазақ  халқының  ру-тайпа  жəне 
оның бөлімшелерінің  атауларынан,  тіпті  ру-тайпалар ұрандарынан 
көруге болады.
Енді  осы  пікірімізді  төменде  дəлелдеп  көрсетелік.  Алдыменен 
есімі ұранға айналған Аналар туралы тоқталсақ.
Негізінен    алғанда,  қазақ  халқының  құрамындағы  ру  –  тайпа 
ұрандарының шығуы мен пайда болуы мəселесі Отандық тарихнамада 
əлі  күнге  дейін  арнайы  тақырып  ретінде  зерттелмеген.  Тек  кейбір 
зерттеу  еңбектерінде  бұл  мəселе  жанама  түрде  қарастырылып 
өтеді  [5,  408-409;  6,  1-2;  7,  106-108;  8,  94].  Сондай  ізденістердің 
материалдарына  сүйене  отырып,  қазақ  ру-тайпаларының 
ұрандарының пайда болуы жөнінде мынадай тұжырымдарға келеміз. 
Біріншіден, барлық ру-тайпалардың  ұрандарының негізіне белгілі 
тарихи кезеңде өмір сүрген нақты  бір тарихи тұлғалар алынады. 
Екіншіден, тарихи тұлға есімі ұранға айналуы үшін оның ерекше 
қасиеттері  –  əулиелік,  батырлық,  көсемдік,  шешендік  секілді 
қасиеттері айрықша көрінуі керек. 

55
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Үшіншіден,  кейбір  ұрандар  бірнеше  ғасыр  бойы  қолданылып, 
кейіннен  оның  орнына  жаңа  ұрандар  ауыстырып  отырса,  кейбір 
ұрандар өзі пайда болған кезінен бері уақыт тезіне шыдап отырған. 
Төртіншіден,  ұрандардың  шығуын  зерттеу  қазақ  халқының 
этногенезін кең түрде қарастыруда көмекші қызмет ете алады екен.
Қазақ  халқының  этникалық  құрамындағы  ірі  ру-тайпалардың 
ұрандарына  назар  аударғанымызда,  көзіміздің  жеткені  мынау 
болды. Барлық ұрандардың негізіне ерекше қасиетке ие болған ата-
бабаларымыздың  есімдері  алынған  екен.  Тек  бір  ғана  тайпаның 
ұранының негізіне  – ана есімі алыныпты. Ол – арғын тайпасының 
құрамындағы ең белді ру – Қаракесек руының ұраны. Ұран – Қарқабат 
деп  аталады.  Қарқабат  ананың  кім,  қандай  тұлға  болғандығы 
жөнінде  ауыз  əдебиетінің  материалдарында  көптеген  мəліметтер 
кездеседі. Ол мəліметтерде Қарқабат ананың асыл қасиеттері туралы 
көп айтылады.  Қарқабат  ұранының  бір ерекшелігіне – оның уақыт 
сынына төтеп беріп, пайда болған кезінен бері өзгермей келе жатуы 
жатады.  Бұл  да  анаға  деген  құрметтің  жарқын  бір  көрінісі  болса 
керек.
Қазақ  халқында  аналардың  есімдерімен  аталатын  ру-тайпа 
бөлімдері  көптеп  кездеседі.  Бұл  да    аруақты  Аналарға  деген  бір 
құрметтің түрі болса керек. 
Қазақ  халқының  шежірелік  құрылымындағы  ру-тайпалардың 
құрамындағы  бөлімдер  мен  бөлімшелерге,  тармақтарға  көңіл 
аударсақ,  Аналар  есімдерінің  рулық  тармақтарға  берілу  жолдары 
əртүрлі болғанымен, бір ортақ нəрсе бар. Оған  – руға есімі берілген 
аналарымыздың  бəрінің    ақылды,  көріпкел,  кемеңгер,  сабырлы, 
салмақты жəне тағы осындай жақсы қасиеттерді иеленген тұлға болуы 
жатады. Ауыз əдебиетінің мəліметтері мен шежірелік материалдарға 
сүйенсек,  Кіші  жүздегі  Кете  тайпасының  атауы  –  Кете  бике 
анамыздың есімімен байланысты [9,72-73]. Кете бике анамыздың 
есімі қалай ру атына берілгендігі туралы ел арасында тараған аңыз-
əңгімелер бар [10, 91-92].  Әлімнің ішіндегі Қаракесек тайпасында 
Қасай,  Шектіде  –  Жекей  деген  тармақтар  бар.  Шежірелерде 
Қасай  мен  Жекейдің    апалы-сіңілі    қыздар    болғандығы  туралы 
айтылады[11,  16-17].  Найманның  Матай  тайпасында  –  Қызай, 
Қаракерей тайпасында – Мұрын атты рулық бөлімдердің бар екені 
белгілі  [12,  125].  Ел  арасында  кең  таралған  аңыз  əңгімелерде  бұл 
екі  анамыз  Домалақ  ананың  қыздары  болыпты.  Бірінің  есімі  – 
Күнбибі,  екіншісінің  есімі  –  Жүзей  екен.  Күнбибі  анамыз  Қызай 

56
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
деп  аталып,  одан  тараған  ұрпақтар  қызайлар  деп  аталып  кетіпті. 
Ал  Жүзей  анамыздың  лақаб  есімі  Мұрын  делініп,  одан  тараған 
ұрпақтар  мұрындар  делінеді.  Есімдері  аталған  Аналарымыздың 
асыл қасиеттері ғана олардың есімдерін ру тармақшасына бергізіп, 
олардың  есімдерін  мəңгіге  қалдырып  отыр.  Бұл  да  халқымыздың 
аналарға деген сый-құрметтерінің бірі деп білеміз.
Осылайша  жоғарыда  айтылған  ойларымыздың  бəрін  түйіндей 
келе, қазақ халқының асыл қасиеттерінің бірі – Анаға деген құрмет 
ежелгі замандардан бері қалыптасып, хандық дəуірде де жалғасын 
тапқан дейміз. Хандық дəуірдегі осы асыл қасиет аналарымыздың 
есімдерін жазба деректерде, ауыз əдебиетінде, ру-тайпа ұранына, ру-
тайпа атауларына қалдырады. Сол арқылы аналарымыздың есімдері 
күні бүгінге дейін жетіп, өз халқымен бірге жасап келеді жəне жасай 
береді де.
Əдебиеттер:
1.  Ұлытау төріндегі толғаныс // Егемен Қазақстан, 26.08.2014.
2.  Сыздықова  Р.,  Қойгелдиев  М.  Қадырғали  би  Қосымұлы  жəне 
оның  жылнамалар  жинағы.  –  Алматы:  «Қазақ  университеті», 
1991. – 272 б.
3.  Дулати  М.Х.  Тарих-и  Рашиди.  Алматы:  М.Х.Дулати  қоғамдық 
қоры, 2003. – 616 б.
4.  Казахско-русские  отношения  в  XVI-XVIII  веках  (сборник 
документов и материалов). Изд. АН Казахской ССР, – Алма-Ата, 
1961.
5.  Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и 
народностей и сведения об их численностей. – СПб., 1897.
6.  Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. 
Том  первый.  Юридический  быть.  Приложения  №1.  -1-2  бб.  – 
Ташкент, 1889.
7.  Тынышпаев М. История казахского народа. – Алматы, 1993.
8.  Мейер  Л.  Материалы  для  географии  и  статистики  России, 
собранные  офицерами  генштаба.  Ч.1.  Киргизская  степь 
Оренбургского ведомства. СПб., 1865.
9.  Қазақ  ру-тайпаларының  тарихы.  Қаракесек  бірлестігі  (Әлім, 
Кете, Шөмекей). Т.13. – 4-кітап, 550-б. – Алматы: «Алаш» тарихи 
–зерттеу орталығы, 2010.

57
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
10. Үсенбаев Т. Алшын шежіресі. – Қызылорда, 2003.
11. Дəуренбекұлы  Ж.,  Құттыбайұлы  С.  Алты  ата  Әлім.  –  Алматы, 
1992.
12. Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. – Алматы: «Атамұра», 1994.-
160 б. Ататек кестелерімен.
Сарбас АҚТАЕВ,
Қазақстан Республикасының еңбек 
сіңірген мəдениет қызметкері, 
құрметті профессор
ЕЛ АНАСЫ АЙҒАНЫМ
Адам бойындағы асыл қасиеттің бəрі ананың ақ сүтінен жаралып, 
күннің  нұр  шапағынан  нəр  алып  бүр  жаратынын  атам  қазақ 
атамзаманда-ақ білген. Алаш баласының ананы айрықша ардақтап, 
есімін асқақ ұстайтыны да сонан болса керек. «Алып – анадан» деп, 
алыптың алыбы – халықты анаға теңейтіні де тегін емес. Шынында 
да ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де, аузын айға білеген 
ақын да, семсерін кекке суарған батыр да, ой кенін қазған ғалым да, 
əлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған ғой. Туған халқының 
атақ-даңқын  дəуірлетіп,  дүйім  дүниеге  танытатын  да  солар.  Ал 
олардың  ананың  ақ  сүтіне  жүгінбей,  ақылына  жығылмай  кеткені 
кемде-кем. Демек, бұл дүниеде анадан асқан, анадан ардақ жан иесі 
жоқ.
Бар  тірліктің  бастау  көзі,  əрі  ұйытқысы,  əрі  түтқасы  осы  ана  – 
қарлығаштай қанатымен су сеуіп, қашанда өз отбасының ғана емес, 
күллі отандасының тыныштығын қорғайды. Ел басына қатер төнсе, 
ерлермен бірге атқа қонып, өз халқының бейқұт өңірі, бейбіт өмірі 
үшін шыбындай жанын қиып, қасықтай қанын төгуге де əзір. Үй-
ішінің алаңсыз тірлігін ғана емес, ұлыстыңынтымақ-бірлігін ойлап, 
жоғында ерінің орнын басып, елінің қамын жеген аналар да адамзат 
тарихында  аз  ұшыраспайды.  Солардың  бірі  де  бірегейі  Айғаным 
анамыз.
Ресей  əкімшілігінің  ресми  құжаттарында  Уəлидің  ханша 
Айғанымы деген атпен əйгілі ханымның тегі хан тұқымынан емес, 
қара  халықтан.  Атығай  елінде  қарапайым  қазақтың  отбасында 

58
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
дүниеге  келген.  Әкесі  Сарғалдақ  Құдайберді  –  Бəйімбет  арасында 
бала оқытқан ұстаз молда. Атасы Мəлік-қожа да оқыған, көзі ашық, 
кезіндегі білімді адам болған. Ол өз білгенінін балаларына үйретіп, 
сауатын  ашып  қана  қомай,  олардың  ілгері,  іргелі  жерден  оқып, 
білімді де білікті азамат боп шығуына көп көңіл бөлген. Сондықтан 
да ол Сарғалдағын сонау Қара Бұқарда оқытқан. Он екі пəнді түгел 
тəмəмдап,  ауылға  ғалым-ұстаз  болып  оралған  баласы  ел  ішінде 
бірдензор абырой-беделге ие боп, кейін билікке де араласқан. Озық 
ойлы Сарғалдақ ұлдарының ғана емес, қыздарының да оқып, білім 
алуына айрықша мəн берген. Соның арқасында Айғаным да жүйелі 
білім алып, жеті жұрттың тілін біліп өсті. Ол əкесінен араб, парсы, 
шағатай  тілдерін  үйреніп,  Шығыс  ойшылдарының  шығармаларын 
көп оқиды.
Осылай  алаңсыз  оқып,  жауқазындай  желкілдеп  бой  жетіп  келе 
жатқан  шағында  ауылға  Абылайдың  тағына  ие  болған  баласы, 
атақты Уəли хан келеді нөкерімен. Ханға еріп келген əнші-күйшілер 
мен  саятшы-серілердің  өнерін  тамашалауға  жиналған  жұрттың 
ішінен  өңі  аршыған  жұмыртқадай  аппақ,  сұңғақ  бойлы  ботакөз 
бойжеткен ханның көзіне оттай басылады. Жасының біразға келіп 
қалғанына, бұрын даүш əйелі барына қарамастан, хан қызға құлап 
түседі де, əкесі Сарғалдаққа жүз салады. Қыздың құны қырық жеті 
деп,  кім  мал  берсе,  сол  алатын  заман.Оның  үстіне  хан  қолқа  сап 
тұрған соң қарашада қарсылық көрсетер хал бола ма: бірден келісім 
береді. Бірақ өткір, өжет Айғаным бұйрықтысына шартты өзі қояды. 
«Бурабай баурайында Уəлидің бір емес, үш əйелі, əлденеше баласы 
бар көрінеді. Оларға апарыпқоңсы қондырмасын, мен десе мекенін 
осы  жаққа  ауыстырсын»  дейді.  Хан  келісіп,  қатын-балаларын 
Көкше етегіндегі мекендеріне қалдырып, өзі Есілге жақын жердегі 
Сырымбет тауына кеп қоныс тебеді.
Уəлимен  отасқан  он  алты-он  жеті  жылдың  ішінде  Айғаным 
оннан  астам  құрсақ  көтеріп,  Әбен,  Мəмке,  Шепе,  Шыңғыс, 
Қанқожа,  Әлжандай  алты  ұл  мен  Рақия,  Нұрила  атты  екі  қыз 
өсіреді,  төрт  нəрестесі  жастай  дүние  салады.  Қанша  балабасты 
болғанмен  табанынан  от  шыққан  уытты,  ажарына  ақылы  сай 
алғыр Айғаным ханның өзін ғана билеп-төстеп қоймай, оның елін 
де  бірге  басқарысады.  Кең  пейілі  мен  кемеңгерлігі,  мейірбандығы 
мен меймандостығы арқасында алыс-жақынға бірдей жағып, Орта 
жүздің  игі  жақсыларының  ғана  емес,  патша  əкімшілігінің  келім-
кетім өкілдерін де баурап алады. Сонан болар, отыз жеті жыл хандық 

59
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
құрған Уəли жасы жетіп, 1819 жылы дүние салғанда Ресей патшалығы 
оның төрт ханымынан туған толып жатқан ұлдарының бірін емес, 
Айғанымның  өзін  тақ  иесі  деп  таниды.  Ол  кезде  Айғанымның  өз 
кіндігінен тараған ұлдарының алды он төрт-ақ жаста еді. Абылайдай 
азуы алты қарыс біреуі шығып, тағы да бой бермей кете ме деп қауіп 
ойлаған патша үкіметі тақтан үміткер Уəлидің бауырының баласы, 
əменгерлік  салтымен  ханымға  үйленген  Сартайды  қудалап,  жұрт 
жиылып  хан  көтерген,  шын  мəніндегі  мұрагер,  бəйбішеден  туған 
тұңғышы  Ғұбайдолланы  да  қырына  алып,  жер  аударып  жібереді. 
Отаршылдардың  ондағы  ойы  кілең  көкжал  сен  тұр,  мен  атайын 
төрелерден илеуге оңай əйел затын қолайлы көруі еді.
Қазақтың  арғы-бергі  тарихында  билік  айтқан  əйел  аз 
болмағанымен,  хан  атанып,  таққа  отырғаны  жоқ  еді.  Болса  да 
олардың аты бертінгі ұрпаққа жетпей, ғасырлар қойнауында қалып 
қойған-ды.  Сол  себепті  Айғанымды  орыс  патшалығы  хан  деп 
білгенімен,  қазақтың  өзі  билеушіміз  деп  танығысы  келмеді.  Оның 
үстіне айбынды да айдынды Абылай ақыл-айламен басын біріктіріп, 
егеулі найзамен жат жұрттан қорғап, іргесін бекітіп кеткен хандық 
Уəлидің  «сен  тимесең,  мен  тиме»  дегендей  сылбыр  саясатының 
салдарынан  бұрынғы  беделінен  айырылып,  ауа  жайылып,  азайып 
ыдырауға бет алған-ды. Осындай қиын-қыстау кезеңде билік қолына 
тиген  Айғанымның  соныдан  соқпақ  салып,  елді  бірден  аузына 
қаратып ала қоюы оңай емес еді.
Қалай болғандада, отыз бесінде ханның мөрін қолына алып, он 
үш жыл ел билеген ол керемет көрегендік танытып, қазақ халқының 
болашағы орыс жұртымен тату көршілікте, достық қарм-қатынаста 
екенін тап басып, тани білді. Ілгері елдердің көшіне ілесу үшін өнер-
білім,  оқу  керек  екенін  терең  түсінді.  Заманмен,  қоғаммен  өрелес 
болу үшін ескіше сауатты боп қана қоймай, орысша да оқу керек деп 
ұқты. Өзгеге өнеге көрсетіп, алдымен өз балаларын орысша оқытты. 
Әсіресе, төртінші ұлы – Шыңғысқа үлкен үміт артып, көзі қарақты 
ана  одан  қара  шаңырақ,  хан  ордасының  болашақ  иесін  көргендей 
болды.
Ол  1830  жылы  16  наурызда  Көкшетау  округінің  бастығынан 
Ресей  үкіметіне  адал  берілген  ұлы  сұлтан  Шыңғыс  Уəлиевтің 
орысша  оқып,  жазумен,  саясатпен  шұғылданғысы  келетінін, 
Ханшаның өтініші бойынша облыс бастығы оны Омбы училищесіне 
қабылдауға  келісім  беріп,  оқитын-жеріне  жетуіне  ауызша  рұқстан 
еткенін айтып, Омбыға барар көлігіне дейін көмек көрсетті. Келесі 

60
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жылғы  бір  хатында  ол  Омбының  облыс  бастығынан  орысша 
оқып,  білім  алуы,  пайдалы  ғылымдарды  үйренуі  үшін  балалары 
Шыңғыс  пен  Төрежанды  сондағы  училищеге  қалдыруын  өтініп, 
Омбының азиялықтар училищесіне тобыл татары, молда Уəлитше 
Оразымбетованың  ұлы  –  Мұқаметқалиды  да  шəкірт  етіп  түсіруін 
сұрайды.
Осы  өтініштерінің  өзінен-ақ  Айғанымның  жастарға  деген 
қалтқысыз  қамқорлығы,  ұлтқа,  жікке,  текке  бөлмейтін,  алалықсыз 
ақкөңілділігі мен мұндалап тұрған жоқ па? Мұқаметқали татардың 
баласы болса, Төрежан Уəлидің басқа əйелінен туған ұл, былайша 
айтқанда, күндестен туған томарбас. Бірақ Айғаным бөле-жармай, 
оқуға ынтасы бар жастардың бəрін бірдей көріп, қамқорлық аясына 
алады.
Асылы,ол қарақан бастың қамынан халықтың мүддесін жоғары 
қойған  кісі.  Қараңғы  қазақ  жұртының  жарыққа  ұмтылып,  білім 
жолына  түсуіне  көп  күш-жігер  жұмсады.  Сырымбетте  қарапайым 
қазақ балалары үшін арнайы мектеп ашқызды. Мектептің тірегі де, 
тұтқасы да жан-жақты білімі бар мұғалім деп білген Айғаным əдейі 
сұратып оған Қызылжардан Құтмұханбет Иманқұлов деген ұстазды 
алдырды.  «Бұл  молда  менің  маңымда  жүрген  мерзім  ішінде  өз 
міндетін айрықша ынта-жігермен атқарып, қажыр-қайрат танытты,– 
деп жазды: – Ол менің балаларыммен бірге төңіректегі қазақтардың 
24  баласына  тез-ақ  хат  танытып,  тəп-тəуір  сауатын  ашты.  Оның 
үстіне қаруымдағы жұрттың он бес баласын жəне оқытып шығарды. 
Өзім сияқты өзгелер де Иманқұловтың еңбегіне дəн разы».
Омбыға  барғанда  биік  мəртебелі  үкімет  алдында  айрықша 
еңбегімен көзге түскен қазақ, қырғыз атқамінерлерінің награда алып 
жатқанына куə болған ханша Омбы облысының бастығы Де Сент-
Лоранға: «Сіздің мəртебеңізге мына жəйді жеткізуді парыз санаймын: 
келесі  кезектегі  сый-сыяпатыңыздан  ынталы  да  ықтиятты  қызмет 
атқарып  жүрген  Иманқұловты  ұмыт  қалдырмасаңыз  екен»,–  деп 
жазады. Бала болашағының ұстасы – ұстаз еңбегінің еш болмауын, 
елеусіз  қалмауын  Айғаным  сонда-ақ  ескерген.  Ұстазын  елемейтін 
елдің  ертеңі  жоқ,  мектебін  құнттамайтын  халықтың  болашағы 
бұлыңғыр.  Ал  ханша  өзі  ашқан  мектебінің  оқу  бағдарламасын 
жасауға  тікелей  араласып,  оның  орындалуын  ұдайы  бақылап 
отырған.  Соның  арқасында  ұлдары  мен  қыздарына  сапалы  білім, 
саналы  тəрбие  берген.  Шығысының  арғы-бергі  ел  тарихын,  салт-

61
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
дəстүрін терең білетін білімдар, Қанғожасының скрипка тартқанда 
теңдесі жоқ топ жарған күйші болуы да осыдан.
Айғанымның ең сүйікті немересі Шоқанның тəрбиесіне сіңірген 
еңбегі өз алдына бір төбе. Қазақ ойының жарық жұлдызы болашақ 
ұлы ғалым бес жасында хат танып, жеті жаста жеті жұрттың тілін 
білсе,  ол  тікелей  əжесінің  əсер-ыпалы.  Сəби  санасын  өлең-жыр, 
аңыз-əңгімелерімен,  етегілерімен  суарып,  кішкентайынан-ақ  оны 
сөз қадірін түсініп, өнерді əспеттеуге үйретті.
Жаратылысынан 
жаңашыл 
Айғаным 
қазақтардың 
малшаруашылығымен  қатар  жерсүмесін  еміп,  егіншілікпен 
айналысуына  да  қатты  көңіл  бөлген.Жермен  жұмыс  істеп, 
егіншілікпен  шұғылданудың  қыр  халқы  үшін  пайдалы  екенін 
баяндап,  жоғарыжаққа  талай  өтініш  түсіреді.  «Егін  салу  үшін 
тұқымдық  астық  бөліп,  жер  өңдейтін  құралдармен  жабдықтауға 
жəрдем етсеңіз екен. Қазақтарды егіншілікке үйрететін үш қызметші 
татар жіберіп, ұн тартатын бір диірмен салғызып, берсе тіпті жақсы 
болар еді» деп жазады ол Омбы облысының бастығына.
Әрине, егіншілікпен түбегейлі айналысу үшін жұрт ең алдымен 
отырықшылыққа  ауысып,  бір  орында  тұрақтап  тұруы  керек.  Бұл 
бағытта  да  алғашқы  үлгіні  Айғанымның  өзі  көрсетеді.  Патша 
əкімшілігіне  қолқа  салып,  Сырымбет  тауының  етегінен  қыстау 
тұрғызып,  тұрақты  мекен-жай  салып  беруін  сұрайды.  Ол  өтінішті 
Батыс  Сібірдің  генерал-губернаторы  П.М.Капцевич  патшаның 
өзіне жеткізіп, бағалы бастаманың мəнін ашар мəлімхат жолдайды. 
«Уəли  ханның  аталмыш  жесірі  Айғанымның  тілегін  назарыңызға 
сала отырып, жəне өз тарапымнан оның өтінішін орындау пайдасыз 
емес  екенін  айта  кеткім  келді.  Мұндай  шаралар  басқа  да  белгілі 
сұлтандар  мен  оның  бағыныштыларын  отырықшы  өмірге  көшуге 
ынталандырар үлгі-өнеге болар еді», – деп жазады ол.
І  Александр  патша  Айғанымның  тілегін  қанағаттандырып, 
игі  ниетінің  жүзеге  асуына  жан-жақты  көмек  көрсету  туралы 
жарлық  шығарады.  Ханымның  өзіне  төрт  жүз  теңге  зейнетақы 
тағайындайды. Алайда патшаның жарлығына қарамастан құрылыс 
жұмысы табандатқан он жылға созылып, 1834 жылы ғана аяқталады. 
Қазір қалпына келтіріліп, мұражайға айналған мекен-жайдың іргесі 
алғаш  осылай  қаланған-ды.  Оның  құрылысына  ханшаның  өзі 
тікелей  араласып,  қонақжайдың  ішкі  қабырғаларын  сылатпай,  ақ 
қозының  жүнінен  басылған  жұқа  қатырма  киізбен  қаптаттырған. 

62
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Кезінде  сол  үйде  Айғаным  қазақ  пен  орыстың  сүт  бетіне  шығар 
қаймағы  сынды  небір  сұңғыла  зиялыларын  қол  қусырып  қарсы 
алып, кең дастарқанның басында елдің саналуан көкейтесті күрделі 
мəселелерін шешкен ғой.
Өз  замананың  қоғамдық-саяси  ахуалын  жетік  білген  ханым  ел 
өмірінің ең бір күрмеуі қиын мəселелерін шешуге іркілмей кірісіп, 
не  нəрсенің  болсын  əділет  тұрғысынан  таразылауын  қарастырды. 
Әділдігімен, алғырлығымен асқан абырой-беделге ие болған ол ел 
басқарушылардан  əділеттің  ақ  жібін  аттамаумен  талап  етті.  Оның 
«Көкшетау  дуанындағы  қазақтардан  сайланған  аға  сұлтандар 
мен  мəжіліскерлер  жарлық  бойынша  белгіленген  мерзімнен 
артық  отырып  қалды.  Тəжірибеде  төбе  көрсетіп  қалып  жүрген 
алымқорлықтың  алдын  алып,  жолын  кесу  үшін  жəне  халықтың 
өз  ерік  үні  ғана  қаракет-қимыл  жасауы  үшін  сайлауға,  тіпті  дуан 
мүшелері  түгіл,  аға  сұлтанның  өзі  де  араласпағаны  абзал»,  –  деп 
жазуы əсте де тегін емес.
Осыған қарағанда Айғаным патша өкіметі ойлағандай айтқанға 
көніп, айдағанға жүретін қой аузынан шөп алмас көп момақанның 
бірі болмағанға ұқсайды. Қажет жерінде тиісті талабын да қойып, 
қалтқысыз  орындатып  та  отырған.  Әсіресе,  казак-орыстардың 
баса-көктеп қазақ жеріне қоныс салуына жол бермеуге тырысады. 
Ондай  оқиға  кездессе,  табан  аузында  жоғары  жаққа  хабарлап, 
шұғыл шара қолдануды талап етеді. Мəселен, Есіл өзенінің төменгі 
ағысы  бойындағы  орманды  өз  бетімен  кесіп,  үй  салып,  қыстақ 
жасайбастаған, қазақтарды қонысынан ығыстырып, малын өрісінен 
айыруға  айналған  казак-орыстардың  қылығын  естіп,  бұндай 
бейбастықты дереу тыю жөнінде дабыл көтереді. Осыған орай облыс 
бастығы де Сент-Лоран Қызылжар округінің бастығына былай деп 
жедел  нұсқау  береді:  «Уəлидің  ханымы  мен  өзге  де  ел  ағалары 
һəм  біраз  билер  маған  өтініш  арызбен  келді.  Есіл  өзінің  төменгі 
ағысынан жоғары жатқан Қалмақ-өткел алқабындағы бағы заманнан 
бері қазақтарға тиесілі жерге екінші полктің казактары басып кіріп, 
жалпақ  жатқан  жайылымдық  жерді  жайлап,  тұрғылықты  халықты 
ығыстырып  жатқан  көрінеді.  Осынау  өтінішке  тізімді  қоса  тіркей 
отырып,  сіздің  биік  мəртебелі  құзырыңызға  шекарадағы  кардон 
бастықтары мен земство полициясының қазақтардың рұқсатынсыз 
олардың жайлау-жайылымы бар жерде ағаш кесуіне, шөп шабуына 
жол берілмеуін ұсынамын».

63
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Әрбір  ескертпесінен  осындай  нəтиже  шығарып  отыруының  өзі 
Айғанымның жоғары ұлықтар алдында айбын-беделі мол болғанын 
аңғартса керек. Сондықтан да патша өкіметі оның еңбегін ерекше 
бағалап, барлық іс-қимылын қолдап отырды. Ол өз дəуірінің күрделі 
қоғамдық саяси мəселелерін шебер шешіп, қазақ жерінің тағдырын 
талқылауға  жан-тəнімен  араласып,  оны  ұстағанның  қолында, 
тістегеннің  аузында  кетірмеуге  жанталасты.  Қазақ  қырының 
терістік өңірін геодезиялық жағынан зерттеуді ұйымдастырған орыс 
ғалымдарына  қол  ұшын  беріп,  қажет  жерінде  олардың  жұмысына 
бақылау  да  жасады.  Қазақстанның  орталық  жəне  терістік  өңірінің 
өзекті мəселелерін шешерде би-болыстардың бəрі де Айғанымның 
ақыл-кеңесіне жүгінді. Бүл оның ел анасы болғанының белгісі. Ол 
1822 жылғы патша өкіметінің «Сібір қазақтары туралы жарлығына» 
орай  хандық  таратылып,  дуандар  құрылып,  аға  сұлтандық  билік 
енгізілуін  де  сол  аналық  кеңдікпен,  кемеңгерлікпен  қарсы  алып, 
басқарудың жаңа жүйесі жетілуіне елеулі үлес қосты.
Жасы  елуге  таянғанда  билікті  аға  сұлтан  болған  сүйікті  ұлы 
Шыңғысқа  тапсырып,  елдің  тілеуқоры  болып,  Айғаным  тікелей 
ұрпақ  тəрбиесімен  айналысады.  Балалары  мен  немерелері  сауат 
ашып,  оқып  жаза  білуі  үшін  молда  ұстап,  мұғалім  жалдағанмен, 
олардың бас ұстазы өзі болады. Ат ізін суытпай оның ордасына жиі 
келіп, қолынан дəм тататын айыр көмей əншілер мен алтын саусақ 
күйшілердің, жезтаңдай термешілер мен құйма кұлақ қиссашылардың 
өнері,  ел  қамын  толғаған  көсемдер  мен  таңдайынан  шаң  шыққан 
шешендердің өнегесі жастар үшін үлкен бір мектеп болды. Өрнекті 
сөздің өзі де айтулы шебері, реті келгенде ойын өлеңмен де кестелеп 
қоятын Айғаным сол өнерпаздардың көбімен қимасындай сыйласып, 
мұндасындай сырласып, бауырына тартып, базынасын да айтатын. 
Сондай  саңлақтармен  риясыз  адал  адамгершілік  қарым-қатынасы 
жайында ел аузында аңыз əңгімелер де аз емес.
...Уəли хан қайтыс болып, бес дуанға намаз айтылғанда арғынның 
атақты Байдалы шешеніжаназаға келе алмады. Қысқа жіп күрмеуге 
келмей,  «əне-міне  келемін»  деп  жүргенде  ханның  қырқы  да  өтіп 
кетеді.  «Қадірлес  қария  еді,  ат  ізін  салмағаны  несі,  келіп  көңіл 
айтпағаны несі?» деп ханның қаралы жесірі іштей өкпелеп жүреді. 
Күндердің  күнінде  Байдалы  да  келіп,  орданың  сыртыңда  тұрып 
сапарынан хабар білдіреді. Алайда басы қаралы, жаны жаралы əрі 
өкпелі ханым шешенді қолтығынан сүйеп аттан түсіріп алуға сыртқа 
шыға қоймайды. Сонда шешен атының басын кері бұрып тұра қап:

64

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет