Ханымдар мен арулар


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата28.02.2020
өлшемі3,21 Mb.
#59255
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
c522526e83794959fe3f14108ed97c23


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Себептің  бəрі  –  отбасы  құндылықтарының  бұзылуында  болып 
тұр. 
Біздің  мақсатымыз  –  бұрынғы  əдеттер  мен  ғұрыптарды, 
дəстүр  мен  салттарды  қазіргі  өмірге    сол  қалпында  көшіру  емес. 
Біздің  мақсатымыз  –  қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  қалыптастырып 
ұстанған  өз  мəдениеті,  салт-дəстүрі,  рухани,  отбасылық,  этикалық 
құндылықтары бар екенін,  олар ешбір халықтың құндылықтарынан 
кем емес екенін көрсету. Осы құндылықтар қазақты халық ретінде 
сақтап  келгенін  көрсету.  Қандай  жағдайға  түссе  де,  қазақ  осы 
құндылықтарын  жоғалтпай,  оларды  өмірінің    темірқазығы  етіп 
келгенін,  солар  арқылы    ұлттық  өзінділігін,    ерекшелігін  сақтап, 
бүгінге жеткізгенін паш ету. Бұл құндылықтарымызды кешегі қызыл 
империя да түгелімен жоя алмады, қанша  тырысса да, қанша тиым 
салынса да, қудаланса да ел арасында шілдехана, сүндетке отырғызу, 
сəждеге  жығылып  намаз  оқу,  «наурыз  көже»  беру,  құда  түсу,  қыз 
ұзату, келін түсіру, марқұмды жерлеу, жоқтау, қырқын беру, ас беру, 
құран қатым шығару деген бүкіл халықтық əрі отбасылық дəстүрлер 
мен  ғұрыптар  мүлде  жоғалып  кеткен  жоқ,  болып  жатты.    Бұқара 
елдің тұрмысында жасырын түрде де, ашық түрде де жүзеге асып 
жатты. 
Көздің қарашығындай сақтап келген осыншама мол мұрамызды 
қазіргі заманда мүлде жоғалтып алмау керек. Қазақты өзіндік қасиеті 
бар,  ешбір  елден  кем  емес  этикасы,  эстетикасы  бар  ұлт  ретінде 
сақтап  қалу  қажет.  Ол  үшін  мұрамызды,  руханиятымызды  бүгінгі 
өмірге бейімдеп, əдемі қалпында өмірде пайдалана білуіміз керек, 
оларды келешек ұрпақтарға аманат етіп тапсыруға тиіспіз. 
Біздің  алдымызда  үлкен  сын  тұр.  Жаһандану  үрдісі  рухани 
өмірімізге  де  дендеп  кіріп,  өте  қатты  ықпал  етуде.  Өзіміздің 
мəдениетіміз  бен  руханиятымызды  менсінбеу,  оған  ескі  деп, 
«периархальщина,  предрассудки»  деп,  біразын  мансұқтап  
жатырмыз. Нигилистер Батыстың «тобырлық мəдениетін» қабылдап 
жатыр. Әлбетте, өзге елдің мəдениетін, əдебиетін, өнерін білу жаман 
емес. Бірақ мəселе қай мəдениетін қабылдауда классикалық, ізгілікті 
дүниелерін білу керек, одан үлгі алып, үйрену өте жақсы. Оларды 
біле отырып, өзіңді де ұмытпа, өзіңді төмендетпе. Ал, «тобырлық»  
Батыс – не беріп жатыр? Рухани азғындық,  имансыздық еркек пен 
еркектің, əйел мен əйелдің некелесуі, көшеге, магазинге  жаңалаш 
келу,  кісі  өлтіру,  зорлау,  т.т.  Сахнада  көрсетіп  жүрген  «тобырлық 
өнердің» ешқандай эстетикасы жоқ.

24
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қазақты өз келбетінде сақтап қалып, басқа жұрттың руханиятына 
еліктеп кетпей, жаһандануды  сылтау етіп, өзге елдің мəдениетіне 
сіңіп  кетпеудің  басты  тетігі,  құралы  –  ең  алдымен  отбасындағы 
тəлім-тəрбие  болмақ.  Отбасында  дұрыс  тəрбие  алмаған  қызды, 
бозбаланы балабақша да, мектеп те, университет те  түзей алмайды. 
Оған көзіміз жетіп отыр. 
Қазіргі  ең  актуальді,  ең  зəру  проблема  –  өзіміздің  ұлттық 
менталитетімізді  сақтау.  Ол  үшін  отбасылық  құндылықтарды 
жасөспірімге жөргектен  бастап  миына сіңіру қажет. Бұл шаруаның 
ең негізгі өзегі – отбасында жасөспірімді ерте кезден имандылыққа 
баулу, тəрбиелеу, ата-баба дəстүрін құрметтеуге, əрі ұстануға  үйрету. 
Имандылыққа  тəрбиелеу  деген  не?  Ол  –  ең  алдымен 
адамгершіліктің,  тазалықтың  шарттарын  орнықтыру  жəне  оларды 
өмір бойы ұстану.
Ұстану:  адамға  қиянат  жасамау,  күнəға  батпау,    яғни  ұят,  обал, 
сауап,  ынсап,  қанағат  деген  ұғымдарды  санаға  сіңіру.  «Ұят  кімде 
болса, иман сонда» – деген Абай. Ал иман деген не? Ол – Аллаға 
сену. Адам қайтыс болары  хақ. О дүниеде Аллаға жауап беретінді 
ұмытпау. Күнəң  үшін тозаққа түсетінің есте болуы тиіс. Құдайдан 
қорқу.  Қазіргі  көрініс  беріп  жүрген  сұмдықтар  –  сол  иманның 
жоқтығы, Құдайдан қорықпау. Мен біреуге қиянат жасап қойдым-ау, 
мен күнəға баттым-ау, обал болды-ау деген ой жоқ. 
Өмірдің  тірегі,  сəні  де,  мəні  –  əйел  екені  белгілі.  Әйел  қандай 
болса,  қоғам  сондай.  Ендеше  əйел  түзелмей,  қоғам  түзелмейді. 
Демек,  ең  əуелі  əйелдің  жағдайын  түзеу  міндет.  Бізде  гендерлік 
саясат бар, ол кеңес заманында  да болған, бірақ біржақты еді, яғни 
əйелдерді – қоғамдық, саяси қызметке тарту басты мақсат болды. Ал, 
қарапайым, қатардағы əйелдің жағдайы, мұң-мұқтажы ескерілмеді. 
Біздіңше, гендерлік саясат деген жекелеген қыз-келіншекті саясатқа, 
қоғамдық қызметке тарту ғана емес, онымен ғана шектеліп қалмау 
керек. Мемлекеттегі əйел затын (мейлі үйде отырған, немесе бала 
қарасын, ауру бақсын) бəрін түгел қамқорлыққа алу қажет, оларға 
тиісті  дəрежеде  жағдай  жасап,  нақты  жəрдем  көрсету  керек.  Әр 
перзенті  үшін  қомақты  жəрдемақы  беріп,  үймен,  т.б.  нəрсемен 
көмектесу    –басты  шаруа  болуға  тиіс.  Отбасын,  отбасылық 
құндылықтарды  сақтап,  жетілдіру  үшін  –  ең  əуелі  əйелдер  мен 
олардың перзенттеріне жағдай жасалуға тиіс. 
Сонда  ғана  отбасының  өмірі  жақсарады,  неке  ұзақ  сақталады, 
дұрыс тəрбие беріледі, қоғам түзеледі. Бейресми  дерек бойынша 100% 

25
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
некенің 30%-ы алғашқы жылы, 20%-ы бес жылға жетпей бұзылады 
екен.  Сонда  50%  отбасы  жойылады.  Бұл  да  –  имансыздықтың 
салдары. 
Ал,  осы  айтылғандардың  бəрін  қалай  жүзеге  асыруға  болады? 
Барлық міндетті тізіп жатпай-ақ, негізгі шарттарды атасақ деймін. 
1)  Біздегі  практикалық    педагогика    жаңаша  ұғынылуы  қажет. 
Демек, ол туралы жаңа, ұлттық  концепция жасау керек. Ол 
менталитет пен өмір талабын ескеріп жасалуға тиіс. 
2)  Тəрбиенің ең басты өзегі – отбасылық құныдылықтарды алға 
шығару. 
3)  Тəрбиені отбасынан бастап, имандылыққа негіздеу керек. 
Осындай  принциптер  мен  проблемаларға  негізделген  жаңа 
педагогикалық  концепция  –  қазақ  халқын  сақтаудың,  оны  жаңа 
сапаға  көтерудің,  демографиялық    өсірудің  –  басты  кепілі  деп 
білеміз.  Сонда  ғана  біз  əлемдік  өркениетке  өз  келбетімізді  сақтай 
отырып енеміз əрі оған өз үлесімізді қоса аламыз.
Болат КӨМЕКОВ,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті Тарих 
факультетінің профессоры, 
ҚР ҰҒА академигі
Самат ӨТЕНИЯЗОВ,
Қазақ-Америка университетінің 
профессоры, тарих ғылымдарының 
кандидаты
ƏБІЛҚАЙЫРДЫҢ БОПАЙ СҰЛУЫ
Қазақ  елінің  тарихында  өзінің  есімдерін  алтын  əріппен  жазып 
кеткен  батыр  əйелдер  болды.  Соның  бірегейі  өз  ерліктерімен, 
ақылдылығымен тарихта атын қалдырған Бопай сұлу (Бəтима, өмір 
сүрген уақыты шамамен 1690-1780 жылдар). Ханның бəйбішесі, ел 
анасы, байырғы дала өркениетінің дəстүрімен, көргенділікпен елдің 
қамын  ойлайтын  ұрпақтарын  тəрбиелеген  Бопай  сұлудың  қазақ 
қоғамында өзіндік орны ерекше.

26
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Бопай сұлу Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның жары мен құты 
болды.    Бопай  Әбiлқайыр  ханның  екінші  əйелі  бола  тұра,  өзінің 
табиғатынан  ерекше  салиқалы,  басалқы,  тағатты  қасиеттерінің 
арқасында аса жоғары «сұлтанша» лауызымына ие болды.
Бопай  сұлудың  шығу  тегі  туралы  екі  түрлі  дерек  бар.  Бір 
деректерде Бопай сұлу Кiшi жүздегi белгiлi батыр адай Мырзатайдың 
бір туған бауыры делінсе, екінші бір деректерде Кіші жүздің беделді 
қазақ  сұлтандарының  бірінің  қызы,  атақты  Дербісəлі  сұлтанның 
қарындасы болған деп айтылады.
Әбiлхайырдың Бопай сұлуға үйленуi жəне екеуiнiң арасындағы 
шынайы  махаббат  пен  ынтықтық  туралы  ел  iшiнде  көптеген  аңыз 
əңгiмелер  таралған.  Көп  нұсқасы  бар,  сол  аңыздардың  бiрiндегi 
Әбiлхайыр  мен  Бопай  сұлудың  ғашықтық  сезімдері  қазақтың 
лиро-эпос  жырларындағы  кейіпкерлердің  сезімдерінен  кем  емес. 
Сол  ғашықтар  хикаясы  туралы  əдемi аңыз  халық  арасына  кеңінен 
таралған.
«Бір  күні  Кiшi  жүздегi  əйгiлi  батыр  Жəнiбек  пен  Әбiлхайыр 
жолда келе жатып кеш түсе бiр ауылға кез болады. Бұл бiр батырдың 
ауылы екен. Ауыл иесi аса бай, жасы үлкен кiсi екен. Оның бой жетiп 
отырған  қызы  Бопай  сұлуды  көргенде  Әбiлқайыр  ақыл-есі  кете 
ғашық болады. Жəнiбек батыр жас төренің бұл мінезіне таң қалады.
Келесi  күнi  жолға  аттанған  Әбiлқайыр  күтпеген  өнер  шығарып 
сол ауылда қалатынын айтады. Жəнiбек батырға өз жөнiмен кетуге 
тура келедi. «Қайтсем де Бопай сұлуды алмай тынбаймын» – деген 
Әбiлқайыр оған ермей қалып қояды.
Қыз ауылына қайтып келген Әбiлқайыр өзiнiң төре тұқымынан 
екенiн жасырып Бопайдың əкесiнiң малын бағуға жалданады. Ұзын 
бойлы, батыр тұлғалы, жiгiттiң сұңқары Әбiлқайыр батыр жылқышы 
болып жүрсе де, аз уақыт iшiнде ауыл адамдары арасында сенімге ие 
бола бастайды. Көп ұзамай сырын ашқан жас батырды Бопай сұлу да 
жан тəнiмен ұнатып сүйіп қалады. Осылай екі жастың арасындағы 
сезім ұлғая түсіп, Әбілқайыр Бопай сұлудың əкесiнен рұқсат сұрауға 
бел  буады.  Мұндай  жағдайды  күтпеген  қыздың  əкесi  қызының 
бағасын білгендіктен, өзіне кедей жігітті тең көрмейді. Ендігі кезекте 
ол  қызын  Әбілқайырға  берместің  амалын  іздестіріп,  «Қызымның 
қалың  малына  ала  аяқты  90  күрең  ат  жəне  60  боз  ат  əкелесiң, 
əйтпесе  қызымды  бермеймiн»  –  деп  шарт  қояды.  Аталған  шарт 
жас батырға ауыр тиеді. Дегенмен көзсіз ғашық болған Әбілқайыр 
қыз  əкесінің  шартын  орындауға  жолға  аттанады.  Бопай  сұлудың 

27
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
əкесі  «Жалғыз  атты  кедей  жiгiт  бұл  шартымды  орындай  алмас»  – 
деп  үмiттенеді.  «Тiрi  жүрсем  Бопай  сұлуды  алмай  тынбаймын»  – 
деп  серт  берген  Әбiлхайыр  əлгi  айтқан  жылқыны  ағайындарынан, 
ел-жұрттан  сұрайды,  алайда  ешқандай  нəтиже  шықпайды.  Шарқ 
ұрған жас батырдың осындай аянышты күйiн естіген Жəнiбек батыр 
жетiп келедi. Қу кедейлiк қолын кесiп отырған жас төренi аяған, əрi 
келешегiне сенген Жəнiбек батыр Әбiлхайырға керектi 150 айғырды 
өз  жылқысынан  шығарып,  санап  бередi.  Оған  қоса  ол  өзi  барып 
Бопай сұлудың əкесiне қазақтың əдет-ғұрпы бойынша құда түседі. 
Сөйтiп  əйгiлi  қазақ  батыры  Жəнiбек  екi  ғашықтың  басын  қосып, 
үлкен азаматтық іс жасайды».
Әрине,  ежелден  келе  жатқан  қазақтың  дəстүрі  бойынша  Бопай 
сұлудың атастырылып қойылғаны белгілі. Оның үстiне байдың қызы 
болғандықтан, сəйкесінше мықты адамға айттырылған. Әбiлқайыр 
мен  Бопай  сұлудың  арасындағы  ғашықтық  сезім  дəстүрді  бұзуға 
мəжбүрледі.  Қалай  болғанда  да  Әбiлқайыр  сынды  жас  батырдың 
Бопай  секілді  əйгiлi  сұлуға  үйленуi  оның  шын  мəнiнде  өмiрдегi 
бақыты  едi.  1711  жылы  олардың  тұңғыш  баласы  Нұралы  дүниеге 
келді.
Бопай  төре  ұрпағының  шаңырағына  құтты  келін  болды.  Ол 
келiн болып түскелi Қажы сұлтан шаңырағының құт-берекесі арта 
түсті. Әбілқайырдың тасы өрге домалады. Көп ұзамай Әбiлқайырды 
Кіші  жүздің  игi  жақсылары  ақ  киiзге  көтерiп  хан  сайлады.  Бопай 
сұлудың  өз  басы  да  қазақ  əйелiне  тəн  кiшiпейiлдiлiк,  ақылдылық, 
ұстамдылық,  парасаттылық  жəне  басқа  сол  секілді  қасиеттерiмен 
Әбiлқайыр шаңырағында жақсы келiн, əрi жақсы бəйбiше атанды. 
Әйел болса да ердiң ақылы мен батырлығын өз бойына сыйдырған 
абзал  жан  едi.  Бопай  сұлудың  аса  беделдi  болғаны  соншалық 
Әбiлқайырдың көптеген саяси iстерiн ақылмен шешуге көмектескен. 
Батыр  атанған  Әбілқайырдың  қилы  мінездеріне  тоқтау  айтып, 
сабырлылыққа  шақырып,  сабасына  түсiрiп,  қиын  мəселелердi 
бабымен  шешуге  көмектескен.  Бопай  Әбілқайырдың  ел  басқару 
ісінде кеңесшісі, арқа сүйер тірегі болған. Елдің ішкі жəне сыртқы 
саясаты  мəселелері  шешілетін  құрылтайларда  Бопай  өзі  құқық 
білгірлері билер мен шешендік өнер иелерімен қатар сөз сөйлеп ел 
басқару ісіне қатысқан. «Бопай сұлу өзінің ақылымен құрметке ие 
болған, сондықтан да кей кездері орданы басқару ісіне үлкен əсер 
еткен. Әдетте əйелді барлық қоғамдық жұмысқа араластырмайтын 
қарым-қатынастың  болғанына  қарамастан,  Бопай  сұлудың  өзінің 

28
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жеке  мөрі  болған»  –  деп  Қазақстан  тарихы  бойынша  ірі  маман 
А. И. Левшин жазып өткен. Сондықтан ел iшiнде қадірі артқан Бопай 
анаға халқы мəртебелі, парасатты «Бара бəйбiше» атағын сыйлаған. 
«Бара  бəйбiше»  ұғымының  Батыс  Қазақстанда  бiрнеше  мазмұнды 
мағынасы бар. Негiзiнен – өз ақылымен, даналығымен елге қадiрлi 
болған  ел  iшiндегi  аса  беделдi  аналарымызға  айтылған.  Сонымен 
қатар, Бопай сұлу есімі «Ардақты бəйбiше», «Ардақты ана» болып 
ел есiнде мəңгi қалды.
Әбілқайыр  əйелі  Бопайдың  кеңесін  тыңдап,  оның  пікірін 
бағалаған.  Әсіресе  Еділ  қалмақтары  мен  башқұрттармен  қарым-
қатынастың  өршіген  шағында  Әбілқайырдың  сол  кездегі  Ресейге 
жақындасуын қолдаған Бопай болатын. 1731 жылы А. И. Тевкелев 
бастаған Анна Иоанновнаның елшілігі келген кезде, бірінші болып 
өз мөрін басқан еді. Сонымен қатар өз үлгісі негізінде өзгелерді де 
осы шартқа көндіре алған.
Әбілқайыр  өлгеннен  кейін  ұлы  Нұралының  хан  болып 
сайлануы, Бопайдың Ресей империясымен дипломатиялық қарым-
қатынасының негізінде іске асқан.
Бопай  ақыл-кемеңгерлігімен  қатар,  таңқаларлық  ерекше  əдемі 
болған.  Бұл  туралы  көптеген  аңыз-əңгімелер  ғана  куəлік  етпейді. 
1736 жылы Кіші жүз даласына ағылшын саяхатшысы жəне суретшісі 
Джон Кэстль келген. Кэстльдің суреттеріндегі оның бейнесіне қарай 
отырып,  Бопайдың  бес  баласы  бар,  қырықтан  асқан  əйел  екеніне 
сену  қиын.  Сонымен  қатар,  дала  сұлуының  соншалықты  нəзік 
келбетінің арғы жағында асқан ақыл мен қатал мінездің болғанына 
сене алмайсыз.
ХVIIІ ғасырдың ортасында, яғни 1748 жылы Әбiлхайыр өлгеннен 
соңғы  дəуiрдегi  тарихи  құжаттарда  Бопайдың  аты  көп  кездеседi. 
Оның  Орынбор  басшыларына  жəне  Петербургке  жазған  хаттары 
сақталған.
Бопай  сұлу  1780  жылы  31  мамырда  қайтыс  болған.  Алайда 
ел  ақындары  мен  дана  қарттары  аузынан  Бопай  есiмi  түскен  жоқ. 
Белгiлi  Адай  ақыны  Абыл  жыраудың  (1777-1864)  Баймағамбет 
сұлтанға айтқандарының iшiнде мынандай толғаулар бар:
Апамнан (Бопайдан) туған əкең Айшуақ хан,
Табаның таймай тұр-ау мiнген тақтан.
Дəлiрген тажал сынды дəрежеңдi,
Деп жүрсiң Құдай қорып, Қыдыр баққан...

29
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Әбiлқайыр ханның Бопайдан басқа да əйелдерi болған. Бопайдан 
кейiн  əр  түрлi  жағдайда  екi  əйел  алған  екен.  Алайда,  барлық 
құжаттарда  Бопай  сұлудың  ғана  аты  аталады.  Оның  осынша 
құрметке  ие  болуы  тек  Әбiлқайыр  ханның  əйелi  ғана  емес,  өзiнiң 
жеке басының ақылдылығы мен беделiне байланысты болды.
Әбiлқайыр хан мен Бопай сұлудың алты перзентi дүниеге келдi. 
Солардың бесеуі ұл, бiреуi қыз бала болған. Ұл балалары Нұралы 
(1710/11-1790), Ералы (1720-1794), Қожахмет (1722-1749), Айшуақ 
(1723/24-1810),  Әдiл  (1730-1750).  Қыз  баласы  Зылиқа  1745  жылы 
дүниеге  келген.  Әбiлхайыр  балаларының  iшiнде  Қожахмет  пен 
Әдiл жастай қайтыс болған. «Алып – анадан туады» демекші, Бопай 
сұлудың тəрбиесімен өніп-өскен үш ұлы да хан болып, еліне елеулі 
қызмет атқарған. Нұралы (1748-1786), Ералы (1791-1794), Айшуақ 
(1797-1805). Кiшi жүз хандары болды.
Аңызға  айналған  Бопайдың  тұлғасының  даңқы  қазақ  еліне 
таралған. Бопайдың аты мақтаныш пен өнегенің рəмізіне айналған. 
Бопайдың  мавзолейіне  тəу  ету  мақсатында  қадірлеп,  қастерлеп 
халық  рухына  сыйынған.  Ел  iшiнде  қыздарға  Бопай  деп  ат 
берушілер  көбейген.  Соның  ішінде  өз  дəуірінің  мақтанышына 
айналған  Кенесарының  қарындасы  Бопай  Қасымқызын  да  атап 
өтуге əбден болады. Бопай сынды ақылына көркі сай кемеңгер əйел-
ана  тұлғалары  қазақ  тарихында  көнеден  бері  баршылық.  Мұндай 
тұлғалардың  қоғамдық-саяси  қызметтері  мен  тарихтағы  орнын 
анықтап,  тиісінше  баға  беріп,  ұрпақтарға  сабақтастық  желісінде 
салиқалы дəстүрлерін жеткізу – бүгінгі күннің еншісінде.
Рəбиға СЫЗДЫҚ,
А.Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының бас 
ғылыми қызметкері, 
ҚР ҰҒА академигі
БАТЫРЛАР МЕН ҒАШЫҚТАР ЖЫРЫ – 
ƏДЕБИ ТІЛ ҮЛГІСІ
Ауызша  туып,  ауызша  дамыған:  таралған,  сақталған  қазақ 
көркем  үлгілерінің  ішінде  сөздік  байлығы  жағынан  да,  тілге 
жеңіл, жүрекке жылы тиетін көркемдік кестесі жағынан да ерекше 

30
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
тұрған қазақ əдеби дүниесінің ішіндегі ең көлемдісі, ең əсерлісі – 
эпикалық туындылар: батырлар жырлары мен ғашықтық жырлар 
(лиро-эпостар).  Олардың  көбі  –  авторсыз  (авторы  белгісіз) 
туындылар. Бұларды ауыз əдебиеті, яғни фольклор қазынасы деп 
жүрміз.  Бұлар  о  бастан  да  аз  болмаса  керек,  бірақ  ұзақ  жырды 
түгел  жаттап,  ауыздан  ауызға  жеткізу,  ұрпақтан  ұрпаққа  табыс 
ету  –  оңай  шаруа  емес.  Сол  себептен  де  «Ер  Едіге»,  «Алпамыс 
батыр»,  «Қобыланды  батыр»,  «Ер  Тарғын»,    «Қамбар  батыр», 
«Ер Сайын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-
Шолпан»  сияқты  жырлар  кеңірек  таралып,  жиірек  айтылып 
келгенін білеміз.
Ауызша  жасап  келген  үлгілердің  ішінде  қысқа  қайырылатын 
жəне иесі (авторы) белгілі өлең-толғаулар бастапқы қалпынан көп 
өзгермей,  біршама  жақсы  сақталған  болса,  эпостар  сияқты  өте 
ұзақ жырлар ауыздан  ауызға, ұрпақтан ұрпаққа жəне əр жерге, əр 
кезеңде  жалғасып  (айтылып)  отырғандықтан,  бұларда  қосылып, 
қысқарып,  тіпті  сəл-пəл  өзгертіліп  отырған    тұстардың  кездесуі 
сөзсіз. Сондықтан үлкен-үлкен жырлардың екі-үш не одан да көбірек 
нұсқалары  (варианттары)  бар.  Бұлардың  да  басым  көпшілігінің 
мазмұнын  (тақырыбы),  идеясын  (нені  жырламақ  болғаны), 
көркемдік  сипатын  (əдебилігі)  əдебиеттанушылар  айқындап 
берген  болатын.  Академик  Ә.Марғұланнан  бастап,  күні  кешегі 
жəне бүгінгі зерттеушілер эпостық жырлардың түп-тегін, сақталу 
кеңістігін,  сақтап  жеткізушілердің  рөлі  мен  қызметін,  сақталу 
дəрежесін  т.т.  кеңінен  сөз  еткендері  белгілі.  Тіпті  бүгінгі  ертегі 
санатында  жүрген  «Ер  Төстік»  сияқты  туынды  о  баста  көлемді 
болғанын, Баянаула мен Ерейментауда оның өлеңмен айтылатын 
нұсқасы да бар екенін, «Арғы мерген», «Қара мерген», «Жерден 
шыққан Желім батыр», «Ер Дотан», «Ақ Көбек» атты ертегілердің 
о баста пайда болып, ұмытыла келіп, қара сөзді əңгімелер түрінде 
бізге жеткенін Ә.Марғұлан атап кетеді
1
.
Бұл  жерде  пікірталастар  да  бар:  эпикалық  əңгімелер 
эпикалық жырларға негіз болды ма əлде керісінше ме? Академик 
Ә.Марғұлан атаған мергендердің барлығы «Ер Төстік» эпосынан 
шығып, бергі кездегі əлеумет тіршілігіне қарай өзгеріп айтылған 
соның  үзінділері  ме?  Мұндай  ертегілерді  Ә.Марғұлан  «Қария 
сөздер» деп атайды, Қорқытты «ұлы жырау» дейді.
1
 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. -66 б. 

31
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Өткен XX ғасырдың орта тұстарындағы пікірлердің, яғни «Ер 
Төстік» əуелде жыр ма əлде қара сөзді ертегі ме?», «Қорқыт жырау 
болса,  толғаулары  қайда?»  деген  сұрақтардың  дұрыс-бұрысын 
шешудің  қажеттігін  əдебиеттанушылар  мен  тарихшылардың, 
тіпті мəдениеттанушылардың еншісіне қалдырып, оның ауызша 
дамыған  əдеби  тілге  қатысы,  «əдебилік»  сипатын  білдіретін 
белгілері турасында мынадай ой-толғамдарымызды ұсынамыз.
Алдымен,  Қорқыт,  Жиренше  шешен,  Аяз  би,  Алдаркөсе, 
Шықбермес  Шығайбай,  Қожанасыр  туралы  сөздердің  бізге 
жеткендері  –  əр  өлкеден,  əр  кезеңде  жиналғандар.  Бұлардың 
көлемі, баяндалу стилі, көркемдігі əдеби үлгіге жататын белгілері 
жағынан  бірдей  емес,  яғни  бұлардың  да  канондық  мəтіндері 
жоқ, болуы мүмкін де емес. Өйткені айтушыдан жазып алынып, 
жинақтарда,  журналдарда,  шағын  жинақтарда  XIX  ғасырдың  ІІ 
жартысынан бастап жарық көргендері – аз ба, көп пе жариялауға 
ыңғайластырып,  ішінара  редакцияланып  жіберілген  мəтіндер. 
Айталық, Жиренше шешен, Алдаркөсе, Қожанасыр туралы «Дала 
уəлаяты  газетінде»  жарияланған  материалдар  мен  олардың  ХХ 
ғасырдың  орта  тұсынан  бастап  жарық  көрген  нұсқаларымен 
салыстырғанда,  араларында  тілдік-стильдік  айырмашылықтар 
айтарлықтай екені көрінеді. Бұл жерде біз «Жиренше шешен мен 
Асанқайғының  əңгімесі»  деп  берілгендерді  аңыз  əңгімелерден 
гөрі «шешендік сөз», «поэтикалық толғау» деп таныр едік.
Ауызша  дамыған  əдеби  тілдің  ерте  кезеңдерден  бастап 
халық  арасына  жақсы  таралып,  XIX  ғасырдың  II  жартысында 
кейбіреулерінің  жиналып  хатқа  түскен,  басылым  көре  бастаған 
үлгілері  –  ауыз  əдебиетіне  жататын  эпостар  мен  шешендік 
сөздердің, тұрмыс-салт жырларының тілдік-көркемдік бітімін де 
талдап-тану қажет. Бұл əңгіме – жеке монографиялық еңбектерде 
өз алдына кеңінен сөз ететін үлкен тақырып. Бірақ бұл проблема 
мүлде тың жатыр деуге болмайды
2
.
Фольклорлық  мұраларды  сөз  еткен  əдебиеттанушылар  өз 
тақырыптарына қатысты ғылыми талдау барысында жырлардың 
тілдік  көркемдігіне  тіл  маманы  ретінде  емес,  əдебиетші  ретінде 
соқпай  кетпейді
3
.  Ауыз  əдебиеті  мұралары  жанры,  тақырыбы, 
мезгіл  мен  мекен  кеңістігі  қайда,  қашан  дүниеге  келгені,  хатқа 
2
 
Ыбраев Ш. Эпос əлемі. – Алматы: Ғылым, 1993.
 
3
 
Жұбанов Е. Қазақтың ауызекі көркем тілі. – Алматы: Ғылым баспасы, 1996.

32
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
түсуі тұрғысынан сан алуан. Сондықтан «əдебилігі» жағынан, яғни 
көркемдік  сипатын  тануда  барлығын  қосып  жіберуге  болмайды. 
Дегенмен  ең  қысқа  қайырылатын  мақал-мəтелдерден  бастап, 
эпикалық жырларға дейінгі мол дүниенің əрқайсысы да «көркем 
туынды»,  «көркем  дүние  үлгісі»  деген  статусқа  ие  бола  алады. 
Солардың ішінде қазақтың ауызша дамыған əдеби тілінің дүниеге 
келуінде, дамуында, сақталуында, тіпті бүгінгі қазақ жазба əдеби 
тіліне  əсер  етуінде    үлкен-үлкен  «полотнолардың»  (жырлардың) 
оның ішінде, əсіресе, батырлар жырларының орны айрықша.
Бүгінге қолымызда фольклор дүниесіне жататын ондаған том 
жырлар  бар.  Қазақ  əдеби  тілін  сөз  еткенде  батырлар  жырынан 
«Ер Едіге», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», 
«Қамбар  батыр»,  «Орақ-Мамай»  жырларының  белгілі  бір 
нұсқаларының  тілдік-көркемдік  көрінісіне  зер  саламыз.  Әрине, 
бұл  өзге  жырлар  аталған  циклге  қосылмайды  деген  сөз  емес. 
Көрсетілген  жырлар  –  «Ноғайлының  ауыр  жұртында»  қазақ 
халқын  құраған  ру-тайпалардың  тұрмыс-салты,  таным-толғамы 
анық  көрінетін  туындылар.  Бұлар  қазақ  топырағында  негізінен 
жыр  түрінде  таралып,  сақталған.  О  баста  олар  ертегілер,  аңыз 
əңгімелер  сияқты  қара  сөзбен  айтылған  ба  əлде  əуелден  өлеңі 
мен қара сөзі аралас болып таралған ба? – кесіп айту қиын. Бірақ 
қазақта  əр  жырдың  басым  бөлігі  өлеңмен  келген  (сондықтан  да 
«жыр» деп аталса керек). Жыр қара сөзі аралас, яғни екі сегментті 
туынды  болып  келеді.  Ал  кейбір  түркі  халықтарында,  мысалы, 
«Алпамыс батыр» татарларда қара сөзді ертегі түрінде айтылады. 
Аталған жырлардың əрқайсысының бірнеше нұсқасы бар. Олардың 
тақырыбы,  оқиға  желісі,  кейіпкерлері  бір  болғанмен,  тілдік-
көркемдік  тұрпаты  біраз  өзгешелеу  болып  келеді.  Мысалы,  «Ер 
Едіге» жырына назар аударалық. Бұл жырдың ең əрідегі нұсқасын 
XIX  ғасырдың  орта  тұсында  əкелі-балалы  Шыңғыс  пен  Шоқан 
Уəлихановтар ел ішінен, яғни қазақтардан жаздырып алған. Бірақ 
бұл  вариант  бірден  жарық  көрмей,  оны  1904  жылы  профессор 
П.М.Мелиоранский  жариялаған  болатын.  Шоқанның  айтуына 
қарағанда, жырдың бұл варианты ең əрідегісі жəне көркемі болып 
танылады.
Осы нұсқаны біздің талдауымыз бойынша, ноғайлы цикліндегі 
нағыз қазақша жыр деп тануға болады, яғни біз мұны XV ғасырда 
дүниеге келген эпостардың тұңғышы деп топшылаймыз. Қазірге 
бізге  таныс  түбі  бір  «Едіге»  жырын  ноғайлы  жұртындағы 

33

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет