ХАТТАМА
Психологиялық тренинг
Тақырыбы:«Эмоцияны басқарып үйренейік».
Мақсаты:жасөспірімдер арасындағы агрессивті мінез-құлықтың алдын-алу және агрессияны басқара білуге қалыптастыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, газет, А3 қағазы, маркерлар, жұмсақ ойыншық, нақыл сөздер
Өткізілген уақыты: ақпан, 2020жыл.
Өткізілген орны: Техникалық шығармашылық орталығы
Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары.
2020 жылдың ақпан айында «Техникалық шығармашылық орталығында»
5-11 сынып оқушылары арасында «Эмоцияны басқарып үйренейік» тақырыбында тренинг өткізілді. «Көрме» жаттығуында оқушылар бойындағы ашу-ызасын көз алдына елесте те отырып, ойша шығара алды.
«Сен агрессияны қалай жеңесің?»бейнеролигі көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар арасында агрессия дұрыс жеңіп, басқара білетін оқушылар болса, ал бірі агрессияны күшпен немесе, еш әркет жасамайтын оқушылар болды.
«Газет» жаттығуындаоқушылар газетті бір қолымен сілкіп жырту арқылы ішкі қысымнан арылып, босаңсуды сезіне алды.
«Екі теке» жаттығуында оқушылар өз эмоциясын шығару мен қатар бақылап, басқаруға үйренді.
Шешімі:
Тренинг қойылған мақсатқа қол жеткізді. Агрессия жайында түсініктерін кеңейіті және агрессияны қалай жеңуге, бақылау білуге үйренді.
Педагог-психолог:
«№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
ХАТТАМА
Психологиялық тренинг
Тақырыбы:«Эмоцияны басқарып үйренейік».
Мақсаты:жасөспірімдер арасындағы агрессивті мінез-құлықтың алдын-алу және агрессияны басқара білуге қалыптастыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, А3 қағазы, маркерлар, гүл, шарлар түрлі түсті, нақыл сөздер
Өткізілген уақыты: 01.11.2023 жыл.
Өткізілген орны: 26 кабинет
Қатысқандар: 9 сынып ата-аналары.
2023 жылдың қараша айында «№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында №26 кабинетте саналы тәрбие ,сапалы білім беруде салауатты ұрпақ қалыптастыруда мектеп,ата-ана ,ұстаз бірлігін қалыптастыру мақсатында 9 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Эмоцияны басқарып үйренейік» тақырыбында тренинг өткізілді. «Ашулы шарлар» тренингіндеата-аналар бойындағы ашу-ызасын көз алдына елесте те отырып, ойша шығара алды. «Сіз агрессияны қалай жеңесіз?» бейнеролигі көрсетіліп, ата-аналарға сұрақтар қойылды. Ата-аналар арасында агрессияны дұрыс жеңіп, басқара білетін аналар мен әкелер болса, ал бірі агрессияны күшпен немесе, еш әркет жасамайтын аналар болды.
«Гүл беру» жаттығуында ата-аналар гүлдерді бір -бірлеріне ұсынып алдымен өзінің есімін атап , бойындағы жақсы қасиеттерін өз есімінің атап шығып келесі ата-аналарға беру арқылы ішкі қысымнан арылып, босаңсуды сезіне алды.
Шешімі:
Тренинг қойылған мақсатқа қол жеткізді. Агрессия жайында түсініктерін кеңейтті және агрессияны қалай жеңуге, бақылай білуге үйренді.
Педагог-психолог : С.Калхаманова
Достарыңызбен бөлісу: |