Хазірет айша


ешкімге  көтере  алмайтын  жүкті  жүктемейді»



Pdf көрінісі
бет139/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
ешкімге  көтере  алмайтын  жүкті  жүктемейді»

 

деген аят мансұқ қылғанын (үкімін жойғанын) айтты. 



ал,  айша  анамыз  бұл  жерде  де  ешқандай  үкімнің 

жойылмағанын  алға  тартты.  Өзінен  бұл  аят  туралы 

сұрағанда:

–  мен  мұны  сұрап  білгелі  бері  ешкім  менен 

бұл туралы әлі сұрамапты, – деп, осы аятқа қатысты 

расулалланың мыналарды айтқанын жеткізді:

–  Бұл  кісіге  тап  келген  ауру,  әртүрлі  қиындық 

немесе  жинап,  кейіннен  жоғалтудан  қорыққан  мал-

мүлік секілді алла душар еткен жағдайлар. алтынның 

кірден тазартылғанындай пенде қиындықтар арқылы 

күнәларынан тазартылады

554




Хадис

айша  анамыз  тұрған  үй  хадис  ғылымының 

алғашқы  мектебі  деуге  болады.  Бұл  мектептегі 

шәкірттердің  арасында  құл,  қожайын,  бала,  әйел, 

жас-кәрі,  тіпті  арабтардан  араб  еместерге  дейін  бар 

еді. Бұл мектеп өкілдерінің арасындағы ерекше тұлға 

айша анамыз болатын. Бөлмесі пайғамбар мешітіне 

жалғастыра  салынғандықтан,  үйінде  жүрген 

кездердің өзінде мешіттегі жағдайлардың бәрінен ха-

бардар  болып  отыратын.  алла  расулының  мешітте 

айтқан  уағыздарын  қалт  жібермейтін.  Әрбір  жаңа 

үкімді  үйреніп,  уахидің  келуімен  орнап  жатқан  дін 

қағидаларынан ең алдымен сол хабардар болатын. 

Иә, хадис ғылымы деген кезде сахабалар арасын-

да хазірет Әбу Хұрайра, абдулла ибн Омар, Әнәс ибн 

мәлик және абдулла ибн мәсғуд сияқты көп хадис 

жеткізген кісілерді де айтпай кетуге болмас. Олар мук-

554


  Қараңыз: Тирмизи, Тәфсир 3 (2990, 2991, 2992)


Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

350

сирун


555

 деп аталған. алайда, муксирундардың арасын-

да айшаның алатын орны айрықша. себебі ол бірқатар 

хадистерді  естіген  кезде,  алла  расулының  жанында 

жалғыз болған. сондықтан хадис тізбегі бір-ақ кісіден 

тұрған.  Әрине,  бұл  басқалардың  пайғамбарымыздың 

кей  сәттерін  білуге  мүмкіндік  таппаған  жерлерде 

қасында  үнемі  айша  болғанын  көрсетеді.  Басқаша 

айтқанда,  бір  муксирун  басқалардың  риуаятын 

жеткізе алса, ал анамыз барлық риуаяттарда дарала-

нып тұрған. сондықтан да, ол риуаят еткен хадистері 

«фәрд» немесе «мүнфәрид» (жеке бір кісіден жеткен) 

деп аталады. Әрине, бұл хазірет айшаның сол кезге 

дейін оқып-үйреніп түсінбегендерін қайта сұраудың 

нәтижесінде қордаланған хадистер болатын. Әсіресе, 

алла  расулының  отбасылық  өмірі,  жеке  жағдайы, 

түнгі  құлшылығы  мен  жалғыз  қалған  сәттеріне  куә 

болып, басқаларға баяндауда айша анамыз бір төбе 

еді. Тіпті, айша анамыз болмағанда әсіресе, отбасы-

нан  бастап  алла  расулының  жеке  өміріне  қатысты 

бірқатар хадистер кейінгілерге жетпей, Ислам дүниесі 

үлкен қазынадан құр қалар еді деу артық емес. 

Егер  әйелдігіне  қарамай  басқа  муксирун  сияқты 

алла  расулы  қатысқан  әртүрлі  мәжілістерге  қатыса 

алғанда,  күмәнсіз  айшаның  риуаят  еткен  хадистері 

көп болар еді

556



555



 муксирун: Әбу Хұрайра, абдуллаһ ибн Омар, Әнәс ибн мәлик, 

абдуллаһ ибн аббас, Жабир ибн абдиллаһ және Әбу саид әл-Хұдри 

сияқты  пайғамбарымыздан  көп  хадис  риуаят  еткен  сахабаларға 

берілген атау. 

556

  Басқа муксирунның көбірек хадис риуаят етуінің тағы бір себебі, 



олардың айша анамыз қайтыс болғаннан кейін де өмір сүргендігінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет