Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет141/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы

353


түсіндіретін  мәліметтер  де  кездеседі.  Жұма  күні 

ғұсыл құйынудағы мақсат – жұмыс істеп қара терге 

түскен кісілердің рухани тазару мақсатында мешітке 

жиналғанында,  тәндік  кірден  тазаланып,  мерекелік 

көңіл-күйменен келуі, тіпті хош иіс себінуі. анамыз 

былай риуаят етеді:

Жұма  күні  адамдар  мешітке  шалғай  жерлер-

ден  келгендіктен  денелерін  тер  басып,  киімдері 

шаңданатын. расулалланың қасында отырған кезімде 

сондай шаруа кісілердің бірі келді. сонда расулалла 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм):  Күндердің  сұлтаны 

мына жұма күнінің құрметі үшін тазалансаңдаршы, 

– деді

563


.

айша анамыздың осы тақырыпқа қатысты риуаят 

еткен тағы бір хадисінде:

«Әттең,  ғұсыл  алып,  тазаланып  келсеңдер 

ғой!» 

делінгенді айтылған

564

. Өйткені, кейбір кісілер 



жұмыстан шыққан кір күйлерінде намазға келетін.

Бір құрбан айт алла расулы (саллаллаһу аләйһи 

уә сәлләм):

–  сендер  шалған  құрбандықтарыңның  етін  үш 

күннен артық жемеңдер, – деген. абдулла ибн Омар 

және  Әбу  саид  әл-Хұдри  сияқты  сахабалар  осы 

хадисті нақты үкім ретінде қабылдаса

565


, анамыз бұл 

мәселені  құрбандықтың  етінен  кедей-пақырларды 

құр қалдырып, үш күннен артық сақтамау деп түсінді. 

Өйткені, ол кезде мәдина тұрғындары құрбандықтың 

563

  Бұхари, Жұма 13 (860); мүслим, Жұма 1 (847); Ибн Хиббан, сахих 



4\38 (1237)

564


  Бұхари, Жұма 14 (861); Бүйуғ 15 (1965); Әбу Дәуіт, Тахара 130 (352)

565


  мүслим, Әдахи; Хаким, мүстадрак 4\258 (7568); Ибн мажә, Әтғимә. 

Қараңыз: Бұхари, Әтғимә 26 (5107), 36 (5122)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

354

етін тұздап, ұзақ уақыт сақтайтын. Егер нақты тыйым 



болғанда, бұл әрекеттің де тоқтатылуы талап етілер 

еді. 


–  шынымен-ақ,  алғашқыда  құрбандықтың 

етіне тыйым салынды ма? – деп осы үкімнің себебін 

сұраған ибн рабиаға:

–  Жоқ!  Ол  кезде  құрбандық  шалатындардың 

саны  аз  болғандықтан  құрбан  шала  алмағандарға 

осы еттен тигенді жөн санайтын. алайда, біз құрбан 

айттан он күн өткеннен кейін де қой етінен жегеніміз 

бар


566

 – деген. 

Кутубу  ситтәның  басым  көпшілігі  алла 

расулының  қойдың  жауырынын  жақсы  көргенін 

риуаят  етсе

567


,  хазірет  айша  бұл  хадис  тек  жақсы 

көргендігін ғана білдірмейтіндігін алға тартып:

–  Қойдың жауырын еті расулалланың ең жақсы 

көретін  мүшесі  емес.  Ол  кездерде  ет  аз  болатын. 

сонда ең тез пісіп, расулалланың алдына қойылатын 

ет қойдың жауырыны болатын!

568

алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жыл 



сайын зекет жинауға жауапкер кісіні жіберетін. Осы 

жағдайға қатысты риуаяттарда бұл қызметкердің еш 

себепсіз  Хайбардан  жиналған  жемістерді  бақылап, 

өзі  болжам  жасағаны  айтылады.  ал,  айша  анамыз-

дан  келген  бір  хадисте  бұл  болжамның  себебі  анық 

түсіндіріледі:

566

  Тирмизи, Әдахи 14 (1511), Ибн мажә, Әтғимә 30 (3313). сондай-ақ, 



қараңыз: Бұхари, Әтғимә, 26 (5107, 36 (5122) 

567


  Қараңыз: мүслим, Иман 194; Әбу Дәуіт, Әтимә, 21 (3780); Дарими, 

мұқаддима 7 (44)

568

  Тирмизи, Әтғимә 34 (1838)




Айша - ғылымның қайнар бұлағы

355


–  расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) зекет 

жинаушыға  жиналған  жемістерді  жұртқа  таратпай 

тұрып,  содан  алынатын  зекетті  анықтау  үшін  өз 

білгенімен мөлшерлеуін бұйырған

569

.

Басқа  риуаятшылармен  салыстырғанда  айша 



анамыздың  бұл  ерекшелігінің  негізінде  оқиғаларға 

бірнеше рет куәгер болуы және өзіне беймәлім немесе 

әуелгі білетініне кереғар хадиске кезіксе, соны дереу 

айтушыдан анықтайтын қасиеті жатыр. Бұл мәселеде 

анамыз  өте  мұқиятты  еді  әрі  үнемі  ізденіс  үстінде 

жүретін. 

Бір күні екі кісі келіп:

–  Бақытсыздық мына үш нәрседе: әйел, мініс жа-

нуары және үй деген сияқты хадис риуаят етілгенін 

айта  отырып:  «Бұл  мәселе  туралы  не  дейсіз?»  деп 

сұрады.  айша  анамыздың  жүзінен  ашуланғаны 

сезілді.  Бір  орында  байыз  таппай,  ерсілі-қарсылы 

жүрді де кенет:

–  Әбул  Қасымға  (пайғамбарымыз)  Құранды 

түсірушіге ант етемін, бұл мәселе Әбу Хұрайраның 

айтқанындай емес. расулалла (саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм) осы сөзін айтып жатқан кезде Әбу Хұрайра 

кіріп келген еді. сол мезет пайғамбарымыз «Жахилия 

дәуірінде жұрт «Бақытсыздық мына үш нәрседе: әйел, 

көлік және үй» деп есептейтін» деп хадисін аяқтаған 

болатын.  Әбу  Хұрайра  хадистің  аяғын  естіп,  басын 

естімеген ғой, – деді.

569

  ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\163 (25344); Әбу Дәуіт, Бүйу 36 (3413); 



Бәйхақи,  сүнән  4\123  (7231);  Ибн  Хузәймә,  сахих  4\41  (2315); 

Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 3\76; абдурраззақ мұсаннаф 4\123 (7203)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

356

Осының ізін ала 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет