Хазірет айша


«Әсілі  мазаққа  ұшырағандар



Pdf көрінісі
бет156/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
«Әсілі  мазаққа  ұшырағандар 

солардың өзі. Азғындауы асқынып, құтыра түссін 

деп Алла оларды еркіне қалдыруда»

 (Бақара, 2\15). 

Құрайыштың еркектері осының өзін көп көріп, соны 

көздеп, садақ кезенді. Қылыштарымен тұра ұмтылып, 

омыртқасы  сынғанша  жабыла  таяқтаудан  тартынба-

ды. 


Осылай жүргенде алланың мұраты жүзеге асып, 

дін күшейіп, қуаттанды. Енді Ислам өз абыройымен 

биікке  көтеріліп,  қуаттанып,  бойын  тіктеді.  мұны 

көргендер топ-топ күйде жан-жақтан ағылып келе ба-

стады. 

Күні жетіп, алла пайғамбарын өз құзырына алды. 

нәбиінің  рухын  алғаннан  кейін  шайтан  үміттеніп, 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

388

тұзағын  құрды.  адамдарды  жолдан  тайдыруға  ты-



рысты.  Бұл  Ислам  бірлігін  бұзатын  қауіпті  жағдай 

еді. Заман бұзылып, түсінік жағынан адамдар толқи 

бастады.  Қиындықтар  туындады.  Бұл  кезде  пасық 

пиғылдылар  қолды  ысқылап,  енді  ойларын  жүзеге 

асыратын уақыт жетті деп үміттенді. алайда, арала-

рында оған жол бермейтін Әбу Бәкір бар еді. Әбу Бәкір 

дереу іске кірісті. Көп өтпестен иман іргетасын қайта 

нықтап, исламның ұлылығын паш етіп, дін қайтадан 

бұрынғы  күшіне  ие  болды.  Өйткені,  ол  нәзіктікпен, 

жұмсақтықпен істерді реттей білді. 

сөйтіп  жүргенде  ажал  оны  да  тырнағына 

іліктірді.  Енді  оның  орнын  мейірімді  әрі  әділетті 

Хаттабұлы  Омар  басты.  Омарды  тапқан,  ақ  сүтін 

емізген  алтын  құрсақты  ананы  алла  жарылқасын. 

Омар  да  өз  кезегінде  кәпірлердің  үнін  өшіріп,  бәрін 

өз  билігіне  қаратты.  ширкті  жойды.  Әлемде  жаңа 

жерлер  бағындырды.  Бірақ  асып-таспады,  дүниеге 

беріліп  кетпеді.  Қолға  түсірген  олжаларды  тиісінше 

таратып беріп, ол да алдындағы жолдасының ізін ала 

бақиға сапарын жалғады. 

Осының  бәрін  біле  тұра,  қане,  маған  не 

демексіңдер?  Әкемнің  қай  күні  сендерге  ұнамай 

отыр? Әділдікпен басқарған кездері ме, әлде сендерге 

Омарды ұсынып, өзі ажал құшқан күні ме? – деді.

менің  сендерге  айтпағым  осы,  айтарымды 

айттым. алладан өзім үшін де, сендер үшін де кешірім 

тілеймін. 

сөзін аяқтап, ендігі кезек жиналғандардың ойын 

білуге келді. Бәріне қарап сұрады:



Айша - ғылымның қайнар бұлағы

389


–  Құдай  ақы  айтыңдаршы,  сөздерімде  қате  бар 

ма?


–  Жоқ, ант етейік, бәрі де дұрыс!

668


Бір  күні  әкесінің  қабіріне  жақындап,  жүрек 

сыздатқан сөздермен:

–  алла  сенің  жүзіңді  жарқын  етсін,  әкешім! 

артыңда  қалдырған  жақсы  естеліктер,  жасаған 

жақсылықтарың  үшін  саған  үлкен  рахмет!  сен 

өткінші  дүниеге  мән  бермей,  арғы  дүниені  артық 

көрдің. расулалладан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

кейін  оқиғалардың  ауыры  сенің  басыңнан  өтті. 

Көрсеткен сабырың үшін қасиетті кітапта қайтарым 

уәде  етілгені  анық.  шеккен  қиындықтарың  үшін 

жақсылық  көретінің  күмәнсіз.  Осы  сабырыңа 

қайтарым  ретінде  алланың  уәдесі  жүзеге  асарына 

сенемін.  Өзіңе  кешірім  тілеп,  алланы  уәдесі  тезірек 

орындалса  екен  деп  тілеймін.  Кейбіреулер  дүниелік 

істі  бәрінен  артық  көрген  уақыттарда  сен  әрдайым 

діннің қамымен жүрдің. Өзіңе берілетін үкімге разы 

кейіппен  аллаға  аманат  етемін!  саған  алланың 

сәлемі мен берекесі жаусын!

669

 – дейді.



Хазірет  Османның  шейіт  етілгенін  естігенде, 

«шынымен де Осман өлді ме?» деп, рас екеніне көзі 

жеткенде былай деген:

–  алла  рақыммен  қарап,  оны  кешірсін!  Ол 

дүниенің  ауыртпалықтарынан  құтылды.  ал  сендер-

ге  келсек,  оған  қарсы  шыққандарға  кеше  үндемей 

668

  Ибн абдираббих, әл-Иқдул фәрид2\206, Калкашәнди, субхул аша 



1\248, нуәйри, нихаятул араб 7\230

669


  Ибн Әсәкир, Тариху Димашқ 30\443, Зәркәши, әл-Ижәбә 58, Кайра-

уани, Зәхрул әдаб 1\39






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет