Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет31/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

82

Бұл оқиға да әйелдер мәселесіне жұрттың назарын 



аударған  айтулы  шешім  болды.  Әлеуметтік  өмірде 

бары да, жоғы да білінбейтін әйелдер енді өздерінің 

таңдауларын жасап, пікір білдіріп, тіпті, күйеулерінен 

ажырасуды  да  талап  ете  алатын  жағдайға  жетті. 

Оның үстіне шағымданып келген алдыңғы қатардағы 

әйелдердің алғашқы қадамынан оң нәтиже де шыққан 

еді. 

шағымданып  келіп,  шаттанып  кетіп  жатқан 



әйелдерді  көрген  соң,  осындай  себептермен 

келушілердің саны күнен-күнге арта түсті. 

Бір  күні  исламға  алғаш  болып  кіргендердің  бірі 

Осман  ибн  мазунның  әйелі  Хаулә  бинт  Хаким

109

 

абыржулы кейіпте пайғамбарымыздың алдына келді. 



айша анамызбен үйленуіне себеп болғандықтан, 

хазірет  Хауләні  пайғамбарымыз  жақсы  танитын. 

Оның мынадай абыржулы түрін көрген алла елшісі 

айша анамызға қарап:

–  айша,  Хуайлә  (Хауләны  еркелеткені)  қалай 

мұндай жағдайға жеткен? – деп сұрады. 

мәселені білетін анамыз хазірет Хауләнің күйеуі 

Осман ибн мазунды меңзеп былай деді: 

–  Уа,  алланың  елшісі!  Хаулә  үйленбеген  әйел 

секілді жағдайға жетіпті. Өйткені, күйеуі күндіз ораза 

тұтып, түнді де тек ғибадатпен өткізетін көрінеді. 

Демек,  Осман  ибн  мазун  құлшылыққа  беріліп, 

отбасына  немқұрайлылық  көрсеткені.  Отағасы 

ретінде отбасы мүшелерінің де онда қақысы бар еді 

ғой.  негізінде  бұндай  оқиғалардың  барлығы  дерлік 

109


  Хазірет Хаула кейде Хуайла деп те аталған.


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

83

ақиқат айқындалу үшін, Ислам дінін кемеліне келтіру 



үшін болып жатқан себептер еді. 

алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  ана-

мыздан  осыны  ести  сала  Осман  ибн  мазунға  хабар 

жіберді.


Осман ибн мазун келгенде:

–  Осман,  бізге  тек  қана  діндарлық  бұйырылған 

жоқ. Үлгі ретінде маған қарасаң да болады ғой? Әлде 

сен менің сүннетімнен теріс айналасың ба? – деді.

Осман  ибн  мазун  өмір  бойы  қазіргісінен  де 

көп  құлшылық  жасауға  ниеттеніп,  қолындағы 

бар  мүмкіндіктерді  ақырет  үшін  қолданамын  деп 

ойлаған еді. Өзін дінге арнап жүрмін деп есептейтін 

ол пайғамбарымыздың мына сұрағына жауап беруге 

сасып қалды:

–  О,  не  дегеніңіз,  қайта  сүннетті  сол  қалпында 

орындауға тырысамын! 

ненің сүннет екенін жақсырақ білетін алла елшісі 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның бұл сөзіне мына-

дай жауап қайтарды:

–  араларыңдағы алладан ең көп қорқатын және 

діннің  шектеулеріне  жоғары  дәрежеде  бағынатын 

менмін.  алайда,  мен  ұйықтаймын,  тұрып  намаз  да 

оқимын,  ораза  да  тұтамын,  аузым  ашық  кездер  де 

болады, әйелдермен некемді де қидырамын. Құдайдан 

қорық,  ей,  Осман!  Өйткені,  сенің  мойыныңда 

отбасыңның  ақысы  бар.  Қонағыңның  сенде  ақысы 

бар! нәпсіңнің де сенде белгілі бір дәрежеде қақысы 

бар! Ендеше, сен біршама күні ораза тұтсаң, біршама 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

84

күн аузыңды аш, түннің белгілі уақыттарында намаз 



оқы, белгілі бөлігінде ұйықтап демал!

110


Кейде бұған керісінше жағдайлар да орын алатын. 

Түнде  еш  ұйықтамастан  таңды  атыратын  әйел  са-

хабалар  да  кездесетін.  Олар  туралы  да  пыш-пыш 

сөз  жүретін.  Хазірет  Хаулә  да  солардың  бірі  еді. 

айша  анамыз  оның  жағдайын  білген  соң,  алланың 

елшісіне жеткізді. Түнді көз ілместен құлшылықпен 

өткізетінін  естіген  пайғамбарымыз  қарсылық  та-

нытты.  Өйткені,  ғибадатты  қиындатып  өмір  сүру 

мүмкін емес еді. алла құзырында аз да болса үздіксіз 

жасалған  ғибадаттардың  сауабы  мол  әрі  адам  бала-

сына өте оңтайлы еді. сондықтан да Пайғамбарымыз 

әуелі: 


–  сонда  ол  түнде  де  ұйықтамай  ма?  –  деп 

естігеніне  сенбегендей  тағы  сұрады.  алайда,  алла 

елшісіне  жеткен  хабарлардың  барлығы  да  рас  бола-

тын. 


–  сендер  өз  шамаларың  келетіндей  жауап-

кершілікті мойындарыңа алыңдар. мынаны біліңдер, 

сендер  шаршап  әлсірейсіңдер,  ал  алла  шаршамай-

ды

111



.

Бір күні айша анамызға бір жас қыз келіп:

–  Әкем  өз  жағдайын  жақсарту  үшін  мені 

мәжбүрлеп  көкесінің  баласына  үйлендірмекші.  мен 

бірақ бұған қарсымын, – деді. 

110


  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\226 (25935), 268 (26351); Ибн Хиб-

бан, сахих 1\185; 2\19, Табарани, әл-мұғжамул кәбир 9\38 (8319); 

Хәйсами, мажмауз Зәуаид 4\301; абдурраззақ, мұсаннаф 6\167, 

168, 7\150 (10375, 12591) 

111

  Бұхари, Тәхәжжүд 18(1100), саум 51 (1869); мүслим, салат 215 (782); 



Әбу Дәуіт, салат 317 (1368); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\122 (24956) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет