Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет28/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Әйелдердің өкілі

міне, өмірге осындай жақтан қарап, өте қарапайым 

өмір  сүрген  анамыз  алла  елшісімен  (саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)  өмірін  жолын  тоғыстырып,  бірге 

ғұмыр  кеше  бастаған  сәттен  бастап  өзіне  айрықша 

бір міндет жүктегенін аңғарды. Оның иығындағы бұл 

ауыр жүк әртүрлі жағдайда көрініс табатын еді. міне, 

осы көріністердің бірі әйел әлеміне қатысты болатын. 

Ол пайғамбарымыздың босағасын аттағаннан бастап 

барша әйелдердің өкілі болып, өзіне жеткізілген әрбір 

мәселені шешуде алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм)  мен  олардың  арасында  алтын  көпір  секілді 

қызмет  атқарды.  Оның  бұл  әрекеті  әсіресе  әйел 

сахабаларға оңтайлы болды. 

сол күннен бастап әлсіздердің панасы, жетімдердің 

қамқоршысы,  езілгендердің  үні,  дерттілердің  дертін 

бөлісуші  болып  өзіне  жеткізілген  мәселені  міндетті 

түрде  шешуге  тырысатын.  алла  елшісінің  айбыны-

нан  қаймыққандар  айша  анамызға  келіп,  мазалап 

жүрген  сауалдарын  пайғамбарымызға  жеткізуге  ты-

рысатын.  Осы  жағынан  алып  қараған  кезде  айша 

анамыз  пайғамбарымыздың  уәзірі  сияқты  болды. 

материалдық-рухани кез-келген бір мәселемен келген 

барша  әйелдердің  көңілін  жықпай,  міндетті  түрде 

мәселелері бір шешім тауып, қуанышпен қайтатын.



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

75

Жас болуы әрі айналасындағылардың да көбінесе 



өзімен қатарлас болуы, сол кездегі әйел адамға деген 

көзқарасты  өзгертті.  Өйткені,  ол  қоғамда  әйелдер 

толығымен  екінші  орында  тұратын.  Бұл  түсінікке 

әйел қауымы да дағдыланып кеткен еді. Ендігі жерде, 

анда-санда құрбылар жиналып ойын ойнауы, оларды 

үйіне әкеліп бір-бірмен етене араластыру, әйелдерге 

көбірек уақытын бөлу осы бір әйел адамдардың құқын 

жоғарылату, мәселелерін шешу бағытында жасалған 

әрекеттер еді. 

Кей  кездері  алланың  елшісі  де  оның  мұндай 

әрекеттеріне  куә  болатын.  Тіпті,  өзі  үйге  келген 

кездерінде оны байқаған құрбылары ұялғаннан қашып 

жасырынуға  тырысса,  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) оларды қайта шақырып мазаларын 

алмайтын

101


Жасы кішілер де келсін деп айша анамыз кейде 

ойыншық  та  әкеліп  қоятын.  Бір  күні  алла  елшісі 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі қанатты атты көріп: 

–  айша, мынау не нәрсе? – деп сұрағанда, айша 

анамыз еш саспастан:

–  Ол  ат  қой  –  деп  жауап  берді.  сонда 

пайғамбарымыз:

–  аттың  қанаты  бола  ма?  –  дегенде,  жауабы 

дайын тұрған айша анамыз: 

–  сүлейменнің аттарының да қанаты болды ғой! 

– деп жауап берді. сырттай қарағанда жай ғана ойын 

болып көрінгеніменен бұл жағдай айша анамыздың 

101


 Қараңыз: Бұхари, Әдәб 81 (5779); мүслим, фадаилус сахаба 81 

(2440); Әбу Дәуіт, Әдәб 62 (4931); Ибн мажә, никах 50 (1982)




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

76

Құран  мәдениетіне  қаншалықты  мән  беретінін 



байқатады.

Оның  бұл  жауабына  алла  елшісі  (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) тек күлімсіреп қана қояды

102


Әсіресе  пайғамбарымыздың  шаңырағына  кел-

геннен  бастап  айша  анамыз  надандық  дәуірдің 

әдеттерін қоғамнан алып тастауға бар күшін салды. 

алла  елшісіне  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  деген 

жақындығы, Құран мәдениетіне терең бойлағандығы, 

әйелдермен  жақыннан  араласып,  оларға  деген 

жанашырлық  әрекеттері  қоғамдағы  әйелдердің 

жағдайының түзелуіне біршама септігін тигізді. 

Ол  кездің  көзқарасы  бойынша  әйел  қашанда 

қор  саналып,  адам  орнына  саналмайтын.  Исламды 

қабылдағандарына  қарамастан  кейбір  адамдар  да 

көнеге тән осы әдетін қоймай, қоғамда әйел адамдар-

ды менсінбеушілік орын алды. Оларға тұтқыннан да 

жаман  қарым-қатынас  жасап,  еркіндіктеріне  ешкім 

бас қатырмайтын. 

ал  ендігі  жерде  олардың  үнемі  алла  елшісінің 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  жанынан  табыла-

тын  қоғамға  ықпалды  өкілдері  болды.  Тіпті,  кей 

жағдайларда  әйелдердің  шағымына  байланысты 

шығарылған шешім күйеулеріне қарсы бағытта болып 

қалатын.  Өздеріне  деген  қоғамда  қысым  барына 

қарамастан  мәселелерін  ашық  айтудан  тартынбай-

тын. солардың бірі айша анамызға мұңайып келіп:

–  Күйеуім менімен не ажыраспайды, не жаныма 

жақындамайды, – деді.

102

  Қараңыз: Әбу Дәуіт, Әдеб 62 (4932); Бәйһақи, сүнән 10\219 (20771); 



нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\306 (8950)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

77

мұны  айтқан  кезде  тамағына  өксік  булығып, 



көзіне  жас  келді.  Өксіп  жылап  тұрып  жылдар 

бойы  көріп  келе  жатқан  осы  қиындығын  байыппен 

түсіндіріп  берді.  Әуелі  онымен  ажырасқанын,  кейін 

күту  мерзімі  бітпей  тұрып  оған  қайтып  оралғанын, 

қазір күйеуі ажырасудан бас тартып, оны ойыншыққа 

айналдырғысы  келгенін  айтты.  Бірақ,  бұл  оны  әйел 

ретінде  қабылдамай,  қаласаң  кел,  қаласаң  кет  деп 

әйелді  мазақ  қылатын.  негізінде  күйеуінің  түпкі 

мақсаты  келіншегін  не  әйел  етіп  қабылдамай,  әрі 

басқа  адамға  да  тұрмысқа  шығуына  рұқсат  бермей, 

екі ортада әрі-сәрі күйге түсіру болатын. 

Оны мұқият тыңдаған анамыз мұны дереу алла 

елшісіне  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  хабарлады. 

мұны  естіген  кезде  алла  елшісі  де  таңқалды.  Бұл 

анық  қиянат  еді.  алайда,  бұл  мәселедегі  үкімнің 

қандай  болатыны  туралы  Жәбірейіл  періште  әлі 

алла  тарапынан  ешбір  хабар  әкелмеген  болатын. 

сондықтан  да  қанша  жаны  ашып,  мұндай  құқық 

бұзушылыққа қарсы шыққысы келген пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) не де болса иләһи ха-

барды күткенді жөн санады. Өйткені, зұлымдықтың 

мәңгі  жалғаспайтынын,  қараңғылықты  сейілтіп  бір 

жарықтың міндетті түрде келетініне сенімді еді. 

Бір күні Жәбірейіл келіп, отбасын ойыншыққа ай-

налдырмауды ескертетін мынадай үкім жеткізеді:

(Еркекке әйелін өз некесіне қайта алу мүмкіндігі 

берілген)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет