Хазірет айша


Пайғамбарымыздың әйелдері және



Pdf көрінісі
бет77/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Пайғамбарымыздың әйелдері және 

айша анамыз

Хазірет  айшаның  (р.а.)  басқа  аналарымызбен 

араластығына  өтпей  тұрып  бір  мәселені  түсіндіріп 

өткен жөн. 

алланың  ең  сүйікті  құлының  зайыбы  болу 

бақытын  иеленген  әйелдердің  барлығы  қатардағы 

жай  адамдар  емес.  Олар  барша  мұсылмандардың 

анасы  һәм  мұны  оларға  алла  тағаланың  өзі  нәсіп 

еткен. Оларды зерттегенде үнемі осы шындықты на-

зарда ұстау керек. 

Әрине,  олар  да  ет  пен  сүйектен  жаратылған 

қарапайым  пенде.  Кей  кездері  басқаша  ойлап,  бір-

бірімен қарым-қатынасында өзіне тән мінез көрсетуі 

мүмкін.  сондықтан  осыған  қатысты  бір  мәселені 

қарастырғанда,  міндетті  түрде  себеп-салдарларын 

тегіс тексерген жөн. Кері жағдайда негізге сүйенбей 

бірнеше ғасырдан кейін өзіміздің сүрген өміріміздің 

өлшемі  бойынша  оларды  сынау  әрі  орынсыз,  әрі 

ешқандай оң нәтиже бермейді. 

Түсініктер  әрдайым  өзгеріп  отырады.  Қазір 

бізге  дұрыс  болып  көрінген  әрекеттерімізді  кейінгі 

ұрпақ  басқаша  бағалауы  мүмкін.  Тарихтағы  өткен 

оқиғаларды  сол  күннің  талаптарымен  қате  деп 

қабылдау  да,  ертеңгі  ұрпақ  жатырқай  қарайтын 

әрекеттерімізді бүгінгі күні қате деу де дұрыс емес. 



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

203


Әркім өз дәуірінің адамы және барлық адам сол кезеңге 

лайықты  іс  жасайды.  Ендеше,  тарихтағы  белгілі 

тұлғалар  мен  оқиғаларды  қарастырғанда,  олардың 

сүрген дәуірі мен сол оқиғалар жүзеге асқан ортаның 

құбылмалы  өзгерістерін  ескергені  жөн.  Әйтпесе, 

көптеген  мәселе  бүгін  қате  түсініліп,  айрықша 

тұлғалардың қадірі өз мөлшерінде ұғынылмайды. 

Жалпы 


алғанда 

сахабалардың 

алланың 

назарындағы  қадірі  жоғары  екені  белгілі,  Хақ 

тағала  оларға  разы  және  олар  да  алланың  барлық 

әміріне  қалтқысыз  мойынсұнған.  Олар  бәрінен 

бұрын  Құранның  мұғжизасы  болған  қауым.  Бұған 

қоса,  пайғамбарымыздың  дәрістеріне  тізе  бүккен, 

адамзатқа мұғалім ретінде тәрбиленген ең ерекше әрі 

қадірлі жандар

334



Пайғамбарымыздың 



әйелдеріне 

келетін 


болсақ,  әрбірінің  орны  бір  төбе  болатын,  өзгелерге 

беймәлім сырларға қанық еді, басқаларға берілмеген 

жақсылықтар  соларға  берілген.  Жұбайлары  алла 

елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  сырласта-

ры  еді.  Хақ  жолының  жолаушыларына  тән,  сөздері 

ерекше даналыққа құрылатын. сондықтан пайғамбар 

жұбайларының әрбір іс-әрекетінің астарындағы нәзік 

хикметтерді көре білу керек-ақ. 

Осы  себепті  пайғамбарымыздың  әйелдері  деген-

де екі түрлі мәселеге кезігеміз: Хадиша анамыз және 

басқа аналарымыз.

334


 сахабаның  алла  және  расулы  назарындағы  қадірін  білу  үшін 

қараңыз: Чапан Ергүн, Құран кәрімде сахабалар, ышык йайынлары, 

Измир 2002



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

204



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет