Пререквизиттер: Химияға кіріспе, Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Элементтер химиясы.
Постреквизиттер: Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі, Мектепте зертханалық жұмыстар жүргізу әдістемесі, Химиялық технология, Биохимия.
Пән құзыреттілігі:
білімді және ақпаратты интерактивті қолдану мүмкіндігі;
білімділік - ғылыми жаратылыстану және әлеуметті -гуманитарлық пәндер бойынша оқу және жаңа білімдерді меңгеру қабілеттілігін арттыру, осы білімдерді және түсініктерді кәсіптік деңгейде қолдану;
білімді жалғастыру үшін күнделікті кәсіби қызметке керекті жаңа білімдерді алу шеберлігін меңгеру;
жүйелілік- химиядан алған білімдерін жүйеге келтіре білу;
зерттеушілік -зертханалық жұмыстардың барысындағы эксперименттің көрсеткіштеріне интерпретация және синтезін тәуелсіз бағалау қабілеттілігі және оны сәйкес теориямен байланыстыруға қабілетті болу;
мектеп практикасында химиялық эксперимент жасау және химия практикумының негіздерінен мақсаттарды есептерді шығару үшін білімін қолдана білу.
Оқыту нәтижелері:Пәнді меңгергеннен кейін студент келесілерді білуі керек:
- хабары болуы: ерітінді концентрациясын анықтау әдістерін және ерітінді және ерігіштік туралы түсінігі болуы;
- ептілігі болуы: - сапалық пен сандық талдаудың теориялық негіздерін, талдаудың инструментальды және химиялық әдістерін білу;
- дағдыланған болуы: сапалық пен сандық талдаудың зертханалық жұмыстарына арналған химиялық шыны ыдыстармен құрал-жабдықтарды пайдалана білуді меңгеру.
.