Бағдарламасы «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері»



Дата28.06.2017
өлшемі247,57 Kb.
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-

/01-2013



ПОӘК

Оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы



«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері»

№ 1 басылым

.09.2013 ж.


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері»

5В011200 – «Химия» мамандығы үшін
ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Алғы сөз

1.ӘЗІРЛЕНГЕН


Құрастырушы _______ «______»_________2013 ж. А.К.Сапакова, б.ғ.к.,

доцент м.а., «Химия және география» кафедрасы


2.ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия және география» кафедрасының отырысында


«_____»___________2013 ж., № _______хаттама
Кафедра меңгерушісі м.а. _________ Д.Р. Онтагарова
2.2 Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


«_____»___________2013 ж., № _______хаттама
Төрайымы_________Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға

мақұлданған және ұсынылған
«_____»___________2013 ж., № _______хаттама
ОӘК төрайымы _________ Г.К. Искакова
4. АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны





  1. Қолдану саласы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы ережелер

  4. Оқу пәннің (модульдің) мазмұны

  5. Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі

  6. Пән бойынша оқу-әдістемелік карта

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы

  8. Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
«5В011200» – «Химия» мамандығы студенттеріне арналған «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешеннің кұрамына енгізілген оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы.
2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәнінің оқытушыға арналған бағдарламасы келесі құжаттар талаптары мен ұсыныстарына сәйкес құрастырылған және аталған пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру тәртібін белгілейді:

«5В011200» – «Химия» мамандығының Типтік оқу бағдарламасы

«5В011200» – «Химия» мамандығының Типтік оқу жоспары, 10 сәуір 2012 ж. № 158 бұйрығымен іске қосылған және бекітілген;

- СТУ 042-СГУ-5-2012«Пәндердің оқу- әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәндердің оқу- әдістемелік кешенініңқұрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:



Бейорганикалық химияның теориялық негіздері және оның тарихы; атом-молекулалық ілім, атомның электрондық құрылысы, Д.И. Менделеевтің периодтық заңы; химиялық байланыс, валенттік; химиялық қосылыстардың негізгі класстары; химиялық термодинамиканың негізі, электрохимиядағы ерітінділер теориясы; периодтық жүйенің химиялық элементтерінің қасиеттері, бейорганикалық заттардың анализ әдістері.Бейорганикалық химияның теориялық негіздері – химия мамандықтары студенттерінің оқитын бірінші оқу пәні болып табылады. Болашақ орта мектеп мұғалімінің дайындығы бейорганикалық химияны меңгеру деңгейімен анықталады. Бейорганикалық химия құралы шығармашылық ойлау, студенттерде ғылыми көзқарас қалыптастыру, химияның өмірмен байланысын ашу, болашақ мұғалімді білім түрлерімен қаруландыру, белсенді педагогикалық әрекет үшін білім мен білікті қалыптастыруға көмегін тигізуі керек. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері курсының мазмұны студенттер химияның басқа да бөліктерін терең оқу үшін әрекет жасайды: 1. аналитикалық, 2. физикалық және коллоидтық, 3. органикалық, 4. биологиялық химия. Сонымен қатар, 1. биология, 2. физика пәндерін терең түсінуге, ұғынуға мүмкіндік береді. Бейорганикалық химияның теориялық негіздеріне бағдарлама бойынша мынадай тараулар кіреді: «Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары», «Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы», «Атом құрылысы», «Периодтық заң және Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі», «Химиялық үрдістердің энергетикасы мен бағыты», «Химиялық кинетика», «Ерітінділер», «Электролиттік диссоциация теориясы», «Тотығу-тотықсыздану реакциялар». «Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты» тарауында химиялық термодинамика материалдары қарастырылады: тарауда анықтама материалдары көмегімен термодинамикалық ұғымдарды алғашқы таныстыру арқылы берілген химиялық реакцияның жүру мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін білім беріледі. Координациялық химия қазіргі химия ғылымы мен практикасының маңызды материалы болғандықтан, комплексті қосылыстар химиясының негізгі мәселері пәннің барлық тарауларында беріледі. «Электролиз» тақырыбы металдарды алу тәсілдерін қарастырғанда беріледі. «Ерітінділер» тарауында электролиттердің қасиеттері қарастырылады да, бейэлектролиттердің қасиеттері физикалық химия курсында оқытылуы тиіс.
3.2. Пәнді оқып-білудің мақсаты: «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Элементтердің және олардың жай және күрделі бейорганикалық және органикалық заттардың қасиеттері барлық химиялық білімдердің негізін құрайтын теориялық түсініктері мен концепциялар курстың пәні болып саналады. Бұл пән студенттерді зат құрылысы туралы қазіргі түсініктері, химиялық процесстердің негізгі теорияларымен таныстырады, химиялық циклдің жеке ғылымдарын: аналитикалық, физикалық, коллоидтық химия студенттердің әр қарай оқып біліуінің негізі болып саналады және басқа химиялық пәндерді терең түсінуіне себепкер болады. Болашақ мамандар – ғылыми жұмысшылар мен химия пәнінің мұғалімдеріне бұл пән өлі және тірі табиғатта жүретін процесстерді өте терең түсіну үшін қажет, себебі олар көпшілік жағдайларда өзінің негізінде химиялық характері болады және негізгі химиялық заңдылықтарға бағынады.

Химия бакалавры бейорганикалық химия саласында білу керек: жалпы теориялық заңдарды, Д.И. Менделеевтің периодтық занының негізін, оның дамуын және қазіргі күйін, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, комплексті қосылыстардың координациялық теориясының негізін, бейорганикалық қосылыстарды тазарту әдістерін; манызды бейорганикалық қосылыстардың зертханалық және өнеркәсіптік алу тәсілдерін; химия тарихынан мәліметтерді; қазіргі химиялық тілді, терминологияны және символиканы; реакциялардың тендеулерін құрастыру, есептерді шығару, синтезді жүргізу, бейорганикалық қосылыстарды талдау.


3.3 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті: Басқа химиялық және биологиялық пәндерді жетек игеру үшін қажетті бейорганикалық химияның жалпы теориялық негіздерін терең оқыту. Бейорганикалық химияның негізгі теорияларының және заңдары мен ұғымдарының негізін үйрету. Студенттерді эксперименттік жұмыстарды орындау дағдысына, әртүрлі есептерді шығаруға, эксперимент қорытындысын графикалық түрде көрсетуге, қажетті күрделі математикалық есептеулер жүргізуге үйрету. Бейорганикалық химияны салысында білім берудің жаңа әдістерін енгізу, сапалы ғылыми мамандарын даярлау ісіне аса көп көңіл бөлу.
3.4 Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • Барлық негізгі химияның стехиометриялық заңдарын білу және оларды заттың молекулярлық формуласы есептеу кезінде, заттың моль саның массаның граммына немесе молекула, иондар, атомдар санына ауыстуру үшін қолдану білу тиіс;

  • Периодтық заңды қолдану арқылы периодтық жүйенің құрылымы мен атом ішіндегі электрондар таруының арасындағы байланыстың себебін, Паули принципін және Хунд пен Клечковский ережелерімен қолданып, периодтық жүйеде орналасуын қарастырып әртүрлі элементтің электрондық конфигурациясын жазу, элементтердің қасиеттерінің периодтар бойынша өзгеруін теориялық түсіндіруін және s, p, d, f – элементтердің (жалпы қасиеттері мен өзгешеліктерін) меңгеру тиіс;

  • Химиялық байланыстың табиғаты туралы теорияларының (Планктың кванттық теориясы, электронның екіжақты қасиеті, Шредингер теңдеуі, Льюис теориясы, Коссель теориясы, ВБӘ, МОӘ) негізгі тұжырымдарын білу. Коваленттік байланыстың табиғатын түсіндіре алу, екіатомды молекулаларының МО энергетикалық деңгейлерінің диаграммасын құрастыра игеру тиіс;

  • «Тотығу», «тотықсыздану», «тотығу-тотықсыздану реакциялар» терминдерінің мағынасын білу, тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіре қолдана алуы тиіс;

  • 1 және 2 термодинамика заңдарының анықтамаларын білу. Энергия түрлерін және олардың бір-біріне ауысуын ажырата білу, реакциялардың жүру бағытын анықтау. «Жылдамдық константасы», «Ле-Шателье принципі» терминдерінің мағынасын түсіндіре алу, олармен нақты жағдайларда қолдана білу, сонымен қатар тепе-теңдік константасымен байланысты есептерді шығару, берілген теңдеу бойынша жылдамдықты, жылдамдықтың константасын, реагенттің тепе-теңдік концентрациясын түсіну тиіс.

3.5 Курстың пререквизиттері:

3.5.1 Пререквизиттер: «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәнін меңгеру үшін келесі дағдылар мен білімдерді білу қажет:

- математика саласында. Дифференциалды және интегралды есептеулердің элементтері. Жаратылыстануда математиканың ролі. Графиктер мен функциялар. Сызықты функция және оның графигі. Натуралды және ондық логарифмдер. Дифференциалды функциялар, олардың есептеулерде қолдану.



- физика саласында. Механика элементтері. Жұмыстың энергиясы. Кинетикалық энергия. Потенциалды энергия. Энергиянының сақталу және өзгеру заңы. Электростатика және электродинамика элементтері. Электр өрісі. Кернеулік және потенциал. Молекулалардың полярлығы. Электр тоғы. Заттағы зарядты тасымалдаушылар. Электрөткізгіштік. Потенциалдардың контакт айырымы. Жарықтың электрмагнитті табиғаты. Реалдық газдар, сұйықтар, қатты дене. Электр өрісіндегі зат. Электр өрісіндегі металдар. Молекулалардың дипольді моменті. Фарадей заңы. Фотондардың затпен әрекеттесуі. Кванттық теорияның негіздері. Микробөлшектердің толқындық қасиеттері. Гейзенбергтің белгісіздік (анықталмағыштық) принципі. Шредингер тендеуі. Энергетикалық деңгейлердің схемасы. Кванттық саедар және олардың физикалық мағынасы. Атомдардың рентген спектрлері. Мозли заңы. Атомдар мен молекулалардың магниттік моменттері. Паули ұстанымы. Атомдардың қасиеттерінің периодтылығы. Атом ядросы және элементарлы бөлшектер. Элементарлы бөлшектер. Атом ядросы. Атом ядросының құрамы және құрылысы. Ядро моделі. Массалардың дефектілігі. Радиоактивтілік, оның зандылықтары. Радиоактивтік сәулеленудің биологиялық әсері. Ядролық реакциялар. Ядролық қару.
3.6 Курстың постреквизиттері:
3.6.1 Постреквизиттер: «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәнін оқыған кезде алынған білімдер келесі пәндерді оқығанда қажет:

- физикалық химия:

  1. Химиялық процесстерінің кинетикасы.

  2. Ерітінділер.

  3. Химиялық реакциялардың энергетикасы. Электродты потенциалдар. Электролиз.

- аналитикалық химия:

  1. Бейорганикалық қосылыстардың қасиеттері

  2. Катиондар мен аниондарға сапалық реакция.

  3. Ерігіштік көбейтіндісі.

  4. Электролиттік диссоциация теориясы.

  5. Сутектік көрсеткіш.

  6. Электродты потенциал. Электролиз.

- зат құрылысы:

  1. Химиялық байланыс.

  2. Қатты деңенің химиясы.

- коллоидты химия:

  1. Комплексті қосылыстар

  2. Дисперсті жүйелер.

- биологиялық химия:

1. Өлі және тірі табиғаттағы биохимиялық процестер.



- экология:

1. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының химиялық және физикалық қасиеттері және қоршаған ортаға әсері.

2. Биосфераның негізгі компоненттерінде жүретін химиялық процесстердің

механизмі.

3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

1кесте


Курс

Семестр

Кредиттер

ДР сағ.

СПС сағ.

ЗС сағ.

ОСӨЖ (сағ)

СӨЖ сағ.

Бар-лығы

сағ.


Қорытынды бақылау түрі

1

1

4

30

-

30

30

90

180

емтихан




  1. ОҚУ ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

Кесте 2

Тақырыбтардың атауы және олардың мазмұны

Сағат саны

1

2

МИКРОМОДУЛЬ 1 «АТОМ-МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ. ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН ЗАҢДАРЫ»

Дәріс сабақтары

Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары.

2

Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы.

2

Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

4

Химиялық байланыс.

4

Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты.

2

Химиялық реакциялар жылдамдығы.

2

Химиялық тепе-теңдік.

2

Зертханалық сабақтар

Зертханалық жұмыстарының техникасы.

  1. Зертханада жалпы жұмыс істеу ережелері.

  2. Эксперименталді нәтижелермен жұмыс істеу.

  3. Химиялық ыдыс және басқа құралдар.

  4. Таразы және өлшеу.

2

Заттардың тазарту және бөлу әдістері.

  1. Сүзу.

  2. Қайта кристалдану.

  3. Қайта айдау. Сублимация.

  4. Балқу температураны анықтау.

  5. Сүйық заттарды тазарту әдістері.

  6. Газдарды тазарту әдістері.

2

Молекулалық, атомдық массаларды және химиялық эквиваленттерді анықтау.

  1. Көміртегі (ІҮ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасын анықтау.

  2. Металлдың эквивалентінің молярлық массасын анықтау.

  3. Металлдың салыстырмалы атомдық массасын оның молярлық жылу сиымдылығы бойынша анықтау.

2

Химияның негізгі заңдары.

Химиялық байланыстың негізгі типтері. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары.

1. Қышқылдардың алынуы.

2. Негіздердің алынуы.

3. Тұздардың алынуы.



2

Химиялық реакцияның жылдамдығы.

  1. Химиялық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттардың коцентрациясына тәуелділігі.

  2. Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігі.

  3. Гетерогенді химиялық реакцияның жылдамдығы.

2

Химиялық тепе-теңдік.

1. Әрекеттесуші заттардың концентрациясының химиялық тепе-теңдікке әсері.



2. Әрекеттесуші заттардың температурасының химиялық тепе-теңдікке әсері.

2

Ерітінділер. Ерітінділерді дайындау.

  1. Проценттік крнцентрациялы ерітінділерді дайындау.

  2. Эквиваленттің молярлы концентрациялы ерітінділерді дайындау.

2

МИКРОМОДУЛЬ 2 «ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ»

Дәріс сабақтары

Ерітінділер.

2

Электролиттік диссоциация теориясы.

2

Комплексті қосылыстар.

2

Тотығу-тотықсыздану реакциялар.

2

Электродтық потенциалдар. Электролиз.

2

Қорытынды сабақ.

2

Зертханалық сабақтар

Электролиттердің ерітінділері.

  1. Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің электрөткізгіштігі.

  2. Қышқылдардың күштерін салыстыру.

  3. Біртекті ионды қосу арқылы әлсіз электролиттің диссоциациясын төмендету.

  4. Универсалді индикатормен рН анықтау.

2

Тұздар гидролизі.

  1. Индикаторлар арқылы әртүрлі тұздар ерітінділерінің рН анықтау.

  2. Тұздардың толық гидролизі.

  3. Тұздар гидролизінің дәрежесіне әсер ететін факторлар.

2

Тұңбалардың түзілу және еру жағдайлары.

  1. Қиын еритін тұздардың түзілуі.

  2. Біртекті иондардың концентрациясының түңба түзілуіне әсері.

  3. Ионның концентрациясы азайғанда электролит тұңбасының еруі.

  4. Қиын еритін электролит тұңбаларының ерігіштігі ерітікіш көбейтіндісінің мәніне тәуелділігі.

2

Комплексті қосылыстар.

  1. Жай және комплексті иондар арасындағы айырмашылығы.

  2. Комплексті қосылыстарының алынуы.

  3. Комплексті қосылыстарының бұзылуы.

2

Тотығу-тотықсыздану реакциялар.

  1. Тотықтырғыштар – элементарлы заттар.

  2. Тотықтырғыштар – құрамындағы химиялық элемент жоғарғы тотығу дәрежесінде.

  3. Тотықсыздандырғыштар – элементарлы заттар.

  4. Тотықсыздандырғыштар – құрамындағы химиялық элемент төменгі тотығу дәрежесінде.

  5. Диспропорциялану реакциялар.

  6. Ішкімолекулалық тотығу, тотықсыздану реакциялар.

2

Есептерді шығару.

1. Химиялық формулалар бойынша есептерді талдап шығару.

2. Химиялық теңдеулер бойынша есептерді талдап шығару.

3. Курстың тақырыптары бойынша есептерді шығару.

4. Бақылау жұмысы.


2

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі.

1. Атом құрылысының қазіргі теориясы.

2. Топ және периодта элементтің, жай заттың және химиялық

қосылыстардың қасиеттерінің өзгеруі.

3. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементке

сипаттама беру.



2

Талдап қорыту.

1. Студенттердің білімдері мен дағдыларының денгейін анализдеу.

2. Зертханалық сабақтардың негізгі тақырыптары бойынша кенес беру.

3. Зертханалық практикум бойынша қорытынды рейтингті анықтау.



2


5 СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары.

Бейорганикалық заттардың жіктелуі және номенклатурасы.

5.2. Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Химиялық байланыс.

5.3. Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты.

Химиялық реакциялар жылдамдығы.

Химиялық тепе-теңдік.

5.4. Ерітінділер.

Электролиттік диссоциация теориясы. Тотығу-тотықсыздану реакциялар. Электродтық процестер.
ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Кесте 3


Тақырыбы

Көрнекті құралдар,

ТОҚ,


зертханалық тақталар (стенд)


Өздік меңгерілетін сұрақтар


Бақылау нысанасы


Дәрістер

Зертханалық сабақтар

Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары.

Зертханалық жұмыстарының техникасы.


Кестелер, схемалар

Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары.


Ағымды бақылау

Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы.

Химияның негізгі заңдары.

Химиялық байланыстың негізгі типтері. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары.




Схемалар,

кестелер


Бейорганикалық заттардың жіктелуі және номенклатурасы.


Ағымды бақылау

Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Молекулалық, атомдық массаларды және химиялық эквиваленттерді анықтау.


Сүреттер, кестелер,

диаграммалар, схемалар,

графиктер


Атом құрылысы. Периодтық заң және Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі.


Ағымды бақылау

Химиялық байланыс.

Есептерді шығару.


Кестелер, плакаттар

Химиялық байланыс.


Ағымды бақылау

Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты.

Тұңбалардың түзілу және еру жағдайлары.


Схемалар, плакаттар

Химиялық процестердің энергетикасы және бағыты.


Ағымды бақылау

Химиялық реакциялар жылдамдығы.

Химиялық реакцияның жылдамдығы.


Кестелер, плакаттар

Химиялық реакциялар жылдамдығы.


Ағымды бақылау

Химиялық тепе-теңдік.

Химиялық тепе-теңдік.


Кестелер, плакаттар


Химиялық тепе-теңдік.


Ағымды бақылау

Ерітінділер.

Ерітінділер. Ерітінділерді дайындау.


Схемалар, кестелер

Ерітінділер.


Ағымды бақылау

Электролиттік диссоциация теориясы.

Электролиттердің ерітінділері.


Схемалар, кестелер

Электролиттік диссоциация теориясы.

Ағымды бақылау

Комплексті қосылыстар.

Комплексті қосылыстар.


Суреттер, схемалар

Комплексті

қосылыстар



Ағымды бақылау

Тотығу-тотықсыздану реакциялар.

Тотығу-тотықсыздану реакциялар

Суреттер, схемалар

Тотығу-тотықсыздану реакциялар.




Электродтық потенциалдар. Электролиз.

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесі

Суреттер, схемалар

Электродтық процестер.





Қорытынды сабақ.

Заттардың тазарту және бөлу әдістері.


Суреттер, схемалар









7 Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы

Кесте 4


Оқулықтардың , оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Дана (саны)

Студенттердің саны

Қамтамасыз етілу пайызы

Логинов Н.Я «Аналитическая химия». Просвещение, 1990 г.

10

4

100

Крешков А.П. «Курс аналитической химии». Москва, 1976 г.

10

4

100

Алексеев В.Н. «Качественный анализ». Москва, 1973 г.

10

4

100

Ольшанова К.М. «Аналитическая химия». Изд. Химия, 1980 г.

10

4

100

Цитович И.К. «Аналитическая химия». - Москва, 1985 г.

10

4

100

Васильев В.П. «Аналитическая химия». - Москва 1989 г.

5

4

100

Воскресенский А.Г. «Сборник задач и упражнений по аналитической химии». - Москва, 1985 г.

20

4

100

«Основы аналитической химии» КН – 2 Москва 1999 ж. под. Ред. Золотова

5

4

100


8 ӘДЕБИЕТ

8.1 Негізгі әдебиет


  1. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.

  2. Аханбаев К. Химия негіздері. – Алматы, 1985 ж.

  3. Баешова А.Қ. Жалпы және биобейорганикалық химия. – Шымкент, 2003.

  4. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.

  5. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.:Высш.шк,1988.- 640с.

  6. Глинка Н.Л. Общая химия/ Под ред. А.И,Ермакова. - 28-е изд., перераб. и доп.- М.: Интеграл-Пресс, 2000.- 728 с.

  7. Қарсыбеков М.Ә., Қарсыбекова Н.М. Анорганикалық химия. – Алматы, 2005.

  8. Карапетьянц М.Х., Дракин С.И. Общая и неорганическая химия.- 4 е изд., стеротип.-М.: химия. 2000.- 592 с.

  9. Зайцев О.С. Неорганическая химия (Теоретические основы. Углубленный курс). М.: Просвещение, 1997.- 320 с.

  10. Спицин В.И., Мартыненко Л.И. Неорганическая химия. Часть 1. М.: Изд-во МГУ, 1994.- 624 с.

  11. Суворов А.В. , Никольский А.Б. Общая химия.-4-е изд., испр. - СПб.: Химиздат, 2000.-624 с.

  12. Степин Б.Д., Цветков А.А. Неорганическая химия. - М.: Высш.шк., 1994.-

608 с.

13.Хьюи Дж. Неорганическая химия.-М.: Химия, 1987.- 696 с.

14.Дей К., Селбин Д. Теоретическая неорганическая химия.- М.: Химия, 1976.-

568 с.


15. Коттон Ф. Уилкинсон Дж. Современная неорганическая химия. В 3-х томах.-М.: Мир, 1975.

16. Слейбо У., Персонс Т. Общая химия.- М.: Мир, 1979.- 550 c.

17.Дикерсон Р., Грей Г., Хейт Дж. Основные законы химии. В 2-х томах. - М.:

Мир, 1982.

18. Браун Т., Лемей Г. Химия в центре наук. В 2-х томах - М.: Мир, 1983.

19. Кемпбелл Дж. Современная общая химия. В 3-х томах.- М., 1975.

20. Анорганикум / Под ред. Л.Кольдица. в 2-х томах. - М.: Мир,1984 .

21. Химия и периодическая таблица/ Под ред. Е.М.Соколовской, Л.С.Гузея.- М.:

Изд-во Моск.ун-та, 1989. – 640 с.

22. Беремжанов Б.А., Нурахметов Н.Н. Жалпы химия.- Алматы: Мектеп, 1993.-

678 с.

23. Практикум по общей и неорганической химии/ Под. ред. М.М. Буркитбаева,



К.Б. Бекишева - Алматы: Казак. университет, 2002.

24. Танашева М.Р. и др. Неорганическая химия, вопросы и упражнения. –

Алматы, Казак университет, 2000 г.

25. Бабич Л.В. Практикум по неорганической химии. - М.: Просвещение 1991 г.

26. Сборник упражнений и усложненных задач с решениями по химии. – Минск,

«Вышэйн школа», 1973.- 234 с.

27. Глинка Н.Л. Задачи и упражнения по общей химии. – Ленинград: «Химия», -

1985. – 263 с.

28. Ахметов Н.С., Азизова М.К., Бадыгина Л.И. Лабораторные и семинарские

занятия по неорганической химии. – М.: ВШ, 1979 – 255 с.



8.2. Қосымша әдебиет


  1. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. –М.: высш.шк, 1997.- 527с.

  2. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А., Цветков А.А. Основы номенклатуры неорганических веществ.-М.:Химия, 1983.-112с.

  3. Лидин Р.А., Молочко В.А., Андреева Л.А. химические свойства неорганических веществ.- М.: Химия, 1997.- 480 с.

  4. Любимова Н.Б. Вопросы и задачи по общей и неорганической химии.-М.: Высш.шк., 1990 - 351с.

  5. Зайцев О.С. исследовательский практикум по общей химии.-М.: Изд-во МГУ,1994.-480с.

  6. Практикум по неорганической химии /Под ред.проф. В.П.Зломанова.-М.: Изд-во Моск.ун.-та,1994.-320с.

  7. Практикум по общей и неорганической химии: /Л.С.Гузей и др Под.ред. С.Ф.Дунаева.-М.: Изд-во Моск. Ун-та, 2000-87с.

  8. Коровин Н.В., Минулина Э.И., Рыжова Н.Г. Лабораторные работы по химии.- М.:Высш.шк., 1998.-256с.

  9. Васильева З.Г., Грановская. Лабораторные работы по неорганической химии.- Л.:Химия, 1986.-288с.

  10. Хомченко Г.П. Практикум по общей и неорганической химии с применением полумикрометода.- М.:Высш.шк., 1980-333с.

  11. Практикум по неорганической химии. /Под.ред. Н.Н.Павлова, С.В.Петрова.-М.:Высш.шк.,1986.-296с.

  12. Иванова М.А., Кононова М.а. Химический демонстрационный эксперимент./Под ред. С.А.Щукарева.-М.:Высш.шк., 1984.-208 с.

  13. Платонов Ф.Б. Лекционные опыты и демонстрации по общей и неорганической химии. /Под ред. Г.П.Хомченко.-М.:Высш.шк., 1976.-327с.

  14. Четков И.Н. Химический эксперимент с малым количеством реактивов.-М.:Просвещение, 1989.-191с.


.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет