Мұражайлардың Халықарлық кеңесінде мұражайтану ғылыми сала ретінде толық қабылданды. 1977 жылы Кеңес Одағында өткен мұражай ісіне байланысты Халықаралық XI конференцияда музеология комитеті құрылды. Онда іргелі ғылыми-зерттеу еңбектерді жазуға бағдарламалар қабылданып, мұражайтануды университеттерде оқытуға ұсыныс жасалды және 18 мамыр Халықаралық мұражай күні болып бекітілді.
ХХ ғ. 40-80 ж.ж.мұражайісінің дамуы
1970 жылы республика көлемі бойынша мұражайлар саны 29-ға жетті.
1964 жылдың қаңтарында КОКП Орталық Комитеті жанынан құрылған идеологиялық комиссия одақ бойынша мұражайлар жұмысының есебін тыңдап, онда қатысқандар мұражай қызметінің аянышты халдерін ашық айтып, мұражай ісін көтеру мәселесін алға тартты.