21
жазынан Алашорда жетекшілерінің біріне айналады. Осы партияның
бірінші және екінші съезінде ұйымдастырушылық қызмет атқарып, ол
авторларының бірі болып саналатын «Алаш» партиясын құрудың
жобасы алғаш «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында
жарияланады.
1937
жылғы 8 қазанда Алматыда ұсталып, 1938 жылы
желтоқсанның 8 күні жазықсыздан жазықсыз ату жазасына
бұйырылып, атылады.
Міне, өз ұлтының рухани ой-санасын өрістетуді, отаршылдық
езгіден азат етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат жігерін соған
арнаған ұлы тұлға осылайша 64 жасында еліне теңдік әпереді деп
ұққан Кеңес өкіметінің қаһарлы үкімінен қаза тапты. Бірақ
А.Байтұрсынов кейінгі ұрпағына мың жыл азық боларлық рухани мұра
қалдырып кетті.
А.Байтұрсынов әдебиеттану саласында да ұланғайыр еңбек етті.
1923 жылы «Ер Сайын» жырын, 1926 жылы «23 жоқтау» атты
жинақты Мәскеуден шығарып, алғы сөз жазып, түсініктемелер берді.
Ал әдебиетке қатысты келелі ой-пікірлерінің бастау көзі – 1913
жылғы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» деген
мақаласы болып табылады. Бұл ұлы Абай шығармашылығы туралы
жазылған алғашқы ғылыми мақала еді.
А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан аса зор
үлесі – 1926 жылы басылып шыққан «Әдебиеттанытқыш» атты әйгілі
еңбегі. Ахметтің осы кітапта тұңғыш рет қазақ тілінде түзген
анықтамалар мен терминдері уақыт өтсе де өз құнын жойған емес.
Ахмет Байтұрсыновты үлкен ақын ретінде танытатын екі жинағы
бар. Оның бірі – 1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырық
мысал» - мысал аудармалары. Екіншісі – 1911 жылы Орынборда
жарық көрген «Маса» атты өлеңдер жинағы.
Достарыңызбен бөлісу: