Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет18/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Мысал аудармалары. 
Ахмет Байтұрсынов шығармаларының 
үлкен саласының бірі – поэзия. Бұл – негізінен замана талабы, уақыт 
сұранымынан туындаған шығармашылық ізденіс жемісі. Орыстың 
атақты мысалшысы И.А.Крылов шығармашылығына айрықша назар 
аударған ақын, оның көптеген шығармаларынан өз қажеттілігін тауып, 


22 
«Қырық мысал» деген атпен аудармаларын 1909 жылы Петерборда 
бастырып шығарды. 
Осы тұрғыдан алғанда, «Қырық мысал» жинағындағы 
аудармалардың «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалымен ашылуы Ахмет 
үшін белгілі бір мақсаткерлікті танытардай. Ол осы мысал арқылы сол 
кездегі қазақ өміріндегі ең бір келеңсіз жайды – ел бірлігінің жоқ 
екендігін аса бір күрделі мәселе ретінде көтерген.
«Қырық мысалдың» үлкен тобы адамдардың бойындағы көре 
алмаушылық, іштарлық, күншілдік туралы мәселелерге арналған. 
Бұларды зер сала отырып оқығанда, өз халқын осынау жаман 
қасиеттерден арылтуды арман етіп, мақсат тұтқан азаматтың жан 
толғанысын, үздіксіз ұмтылысын айқын сезінеміз. Мұндай мысалдарға 
«Жүргіншілер мен иттер», «Маймыл», «Үлес», «Ағаш», «Өгіз бен 
Бақа», т.б. жатады. «Жүргіншілер мен иттер» мысалында күншілердің 
сөзіне, іс-әрекетіне бола кібіртектемей, ілгері басуды уағыздайды. 
Ахаң бұл мысалды сол түпнұсқадан ауытқытпай аударған. Мысалдағы 
оқиға мазмұны түгелдей сақталып, ғибратты тұжырымы да Крыловпен 
ұштасып жатады.
Ахмет қазақ өміріне қатысты ділгір де дертті мәселелерге келгенде 
өзіндік ой ұстанып, негізгі сюжеттік желіні дамытып немесе 
жаңғыртып, өз заманына сай мысалдың өткірлігін арттыра түсуді 
мақсат ететінін аңғару қиын емес. Ал жеке адамдар арасындағы 
әртүрлі жағдайларға, адам бойындағы жаман әдеттерді көрсетіп, одан 
арылуға уағыздауда ұлы мысалшы салған даңғыл жолдан 
ауытқымайды. Өйткені ол жаман әдеттер адамның ұлтына, қоғамдық 
қатынастарға тәуелді емес. 
В.Г.Белинский Крылов мысалдарын көркемдік қуаты мен саяси- 
идеялық салмағына қарай басты-басты үш топқа бөледі. Оның айтуы 
бойынша бірінші топтағы мысалдарда мысалшы оқиғаны баяндап қана 
шығып, ақыл айтумен шектеліп отырады. Екінші топтағы мысалдарда
ақыл айтуды поэзия жеңе бастайды. Ал үшінші топтағы мысалдары – 
нағыз сатиралық, поэзиялық шығармалар. А.Байтұрсынов Белинский 
шартты түрде жіктеген осы үш топтан да мысалдар тәржімалаған. 
Ахметтің сол кезде алдына қойған екі мақсаты болды. Біріншісі - әлі де 


23 
болса, қараңғылықтың «қалың ұйқысында» мүлгіген өз халқына ой 
тастап, білімге ұмтылдыруды, артта қалу себебін ашып, оның басты 
кесапаттарын көрсетуді мақсат етеді. Сондықтан ол қазақтың 
ұғымына, тыныс – тіршілігіне сай көркемдігі басым, ғибраты мол 
мысал үлгілерін таңдады. 
Ахмет Байтұрсыновтың алдына қойған екінші мақсаты – халықты 
қоғамдық-әлеуметтік көкейтесті мәселерді танып білуге үндей отырып, 
азаттықтың ақ жолын аңғарту, бостандыққа ұмтылуға жөн сілтеу. 
«Қырық мысал» жинағы үш рет басылып жарық көрді. Алғаш 1909 
жылы Петербург қаласында, 1913 жылы Орынборда, 1922 жылы 
Қазанда басылып шықты. «Қырық мысалдағы» шығармаларды 
тақырыбы жағынан үлкен екі топқа бөлуге болады. Олардың бір тобы 
оқу-білімге, адамдық-адалдыққа үндеу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, 
адамдық, азаматтық қасиеттерді сақтау, елді ынтымақ-бірлікке 
шақыруға негізделсе, келесі тобы елдің елдігін сақтау, езгіде қалған 
елді азаттыққа, бостандық жолында күресуге үндеу болып келеді.
Ел бостандығын аңсаған, оған қол жеткізудің жолын іздеген Ахмет 
үшін Крылов мысалдарын аудару таптырмас тәсіл еді. Отаршылдық 
саясаттың озбырлығын сезе тұра, патшалық әкімдердің қанаушылық 
қаныпезерлігін көре отырып, үндемей қалуды жөн көрмей, өзегіне 
запыран болып жиналған ащы шындықты қалайда сыртқа шығаруға 
тырысқан Ахмет Крыловтан өзі екшеген «40 мысалға» жүгінді.
Ахметтің мысалшы ретіндегі ерекшелігінің ең басты қасиеті – 
төл туынды жасай білгендігінде. А. Байтұрсынов Крылов 
мысалындағы сюжеттік желіні өз уақытына үйлестіріп, қазақ 
халқының тағдырындағы ділгір мәселені көтеруге пайдаланып, "негізгі 
түпнұсқаға ойластырып, көркем ойға ой қосып, суретке сурет қосып, 
пікірді ұштап" (Р.Нұрғалиев) таза қазақи төл туынды жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет