Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет50/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109
Байланысты:
treatise124489

Прозалық туындылары. 
Ілияс Жансүгіров өзінің замандас 
жазушылары сияқты, әдебиеттің басқа жанрларында да шығармалар 
жазды. Әңгіме, очерк, фельетондар, «Жолдастар» атты романының 
бірінші кітабын бастырды. Драматургия саласында: «Кек», «Түрксіб», 
«Исатай-Махамбет» сияқты пьесалар жариялады. Халық ауыз әдебиеті 
үлгілерін жинап бастыру, аударма жасау сааласында да елеулі 
жұмыстар істеді. Ол Лермонтов, Некрасов, Пушкин шығармаларын 
қазақ тіліне аударды. І.Жансүгіровтің қара сөзбен жазған фельетон
сықақтарының өзіне тән бір ерекшелігі-оның әңгімелеу түріне 
байланысты. Жазушы өзінің айтайын деп отырған негізгі оқиғасын, 
адамдарының мінез-құлқын, істеген ісін, әрекетін халық ауыз 
әдебиетіндегі әңгімелерімен салыстыра отырып алады.
І.Жансүгіровтің фельетон, сықақ әңгімелері, негізінен алғанда, 
идеалық -көркемдік сапасы жағынан пісіп-жетілген дүниелер. Жазушы 
сатирасына тақырыпты да, адам характеріне лайық ащы, уытты тілді 
де таба білді. Бұл ретте І.Жансүгіровті қазақ сатирасының дамуына 
үлес қосқан сатирик деген орынды. Жазушының «Құқ» атты 
фельетондаржинағы өзінің өзектілігімен де, әлеуметтік сұранысқа сай 
болуымен де, ирониялық өткір тілімен де бұл пікірді растай түседі. 
Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясына айрықша үлес қосқан ұлы 
ақын, сонымен қатар қазақ әдебиетінің барлық жанрында еңбек етіп 
күрделі көркем туындылар жасаған қалам қайраткері. Оның 
шығармалары, әсіресе, поэзиялық туындылары құнын жоймас асыл 
қазынаға айналары хаһ.


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет