55
С. Сейфуллиннің айрықша сүйіп жырлайтыны — күрескерлер
бейнесі. Ақынның лирикалық қаһармандарынан бостандық үшін
қажырлы күрес
жолына берілген, айдауда, қамауда жүрсе де,
ажал, апат құшағында жүрсе де еркіндікті, бостандықты аңсаған,
қайратты да тәкаппар, нәзік те сезімтал
әрі сыншыл ақынның өр
тұлғасын танимыз.
Сәкен лирикасының тақырыптық,
ішкі жанрлық, сыр-сипаты
әр алуан. Оның поэзиясында саяси лирика да, өзі туып өскен, өзі
аралаған жерлердің көркі мен келбеті де, замандастарының көңіл-
күйлері, достық, махаббатық сезімдері де елеулі орын алады.
Акынның «Сыр сандық», «Қашқынның ауылы», «Автомобилъ»,
«Жазғы дала», «Ақсақ киік», «Маузер». т.б.
лирикалары да уақиға
желісі бар туындылар. Мұндай сюжетті лирикалар Сәкеннің
ақындық кемелдігін танытады.
Достарыңызбен бөлісу: