Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет41/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
СӨЖ тақырыптары
1. М. Жұмабаев өлеңдеріндегі ұлт-азаттық идея көрінісі. 
2.
 
М. Жұмабаевтың "Оқжетпестің қиясында" поэмасындағы 
Кенесары жан дүниесін ашудағы психологиялық иірімдер 
3. 
"Батыр Баян" поэмасындағыда тарихи шындық пен көркемдік 
шешімнің үйлесімі.
4. 
"Қорқыт" поэмасындағы күрескерлік идея. 
5. 
"Шолпанның күнәсі" әңгімесіндегі психологиялық иірімдер 
 
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН 
(1894-1938) 
 
Шығармашылық өмір жолы.
Сәкен Сейфуллин — 
әдебиеттің барлық жанрларында мұра қалдырған аса ірі ақын, 
жазушы, драматург. Ол тамаша көркем образдар арқылы 
эстетикалық игіліктер жасады.
 
Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды 
облысы Жаңаарқа ауданында туған. 1908-1913 жылдары 
Акмолада приходская школада, қалалық училишеде, 1913 -1916 
жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. 1914 жылы 
жиырма жасар Сәкен Сейфулиннің "Өткен күндер" атты өлеңдер 
жинағы Қазан қаласында басылып шығады. 
"Бақыт жолында" (1917), "Қызыл сұңқарлар" (1920) 
драмаларын жазады. "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" (1931), 
"Батырлар" (1933), "Қазақ әдебиеті" (1932) зерттеу еңбектерін 
жариялады. 1936 жылы қазақ әдебиетінің классигі Сәкен 
Сейфуллиннің әдеби кызметінің 20 жылдығы тойланды. Ол 1938 
жылы Сталиндік репрессияға ұшырады. 


54 
Ақын "Асау түлпар", "Домбыра" (1924), "Экспресс" (1926) 
атты өлең, поэмалар жинағын жариялап, "Көкшетау" поэмасын 
(1922) жазады. Бұл шығармалар өмір шындығын жан-жақты 
қамтыған ақынның реалистік күш-қуатын, жаңашылдығын 
барынша айқындай түседі. С.Сейфуллиннің 1927 жылы "Тар жол, 
тайғақ кешу" атты мемуарлык романы, 1928 жылы "Жер 
қазғандар" повесі мен "Тұрмыс толқынында" атты өлең, поэмалар 
жинағы, 1933 жылы "Альбатрос" (поэма), т.б. кітаптары 
жарияланды. Сәкеннің бұлардан басқа әр кезде газет-
журналдарда басылған әңгіме, очерк, мақала, өлендері, 
аяқталмаған повесть, романдары да бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет