Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет49/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   109
Байланысты:
treatise124489

І. Жансүгіров – эпик ақын. 
І.Жансүгіров – поэма жанрында да 
айрықша жемісті еңбек етіп, он беске жуық поэма жазған көп қырлы 
талант. Ол халық басынан өткерген кешегі хал-ахуал мен бүгінгі 


61 
кезеңді ұштастыра отырып, лиро-эпикалық поэма үлгісінде жырлауда 
елеулі табысқа қол жеткізді.
 
«Дала» поэмасы бірнеше ғасырға созылатын тарихи оқиғаларды 
қамтиды. Әрине, осыншама кезеңді нақты адамдар бейнесі арқылы 
көрсету, өте қиын. Сондықтан ақын осы көп ғасырлық, тарихи 
кезеңдерді өз басынан өткерген Даланы символдық кейіпкер ретінде 
таңдап алған. Бұл – бостандық үшін күрескен елдің қаны топырағына 
сіңген Дала.
Ақын аталмыш шығармасында халық өмірі мен тұрмысындағы 
әлеуметтік қайшылықтарды философиялық тұрғыдан жырлайтын 
поэма жанрының жаңа түрін жасады.
«Күйші» - өнердің адамның рухани өміріндегі атқаратын рөлін 
көрсетуге арналған әйгілі поэма.
Ақын күйге елтіп мас болған Қарашаштың күйшіге құмартуын 
нанымды суреттеп, тіпті оған күйші жігітке қосылуы жайын да 
ойландырады.
Сөйтіп, сүйегін қорлатпау, намысын қорғау бірінші кезекте тұрады.
Қарашашқа құмартқан күйші осыны сезініп, енді одан суына 
бастайды. Баяғы ғашық күйден айрылады. Сезімтал Қарашаш оны 
жақсы түсінеді де, ақыры күйшіні «тұтқындықтан» босатып, басына 
азаттық береді. Ханша мен қарапайым күйші жігіт арасындағы ішкі 
сезім тартысы осымен аяқталады. 
Қарашаш - өз тобының «ақ сүйектігін» қадірлеп, сол жолда неден 
болса тайынбайтын өжет қыз.
Сонымен, идеялық маңызы, көркемдік сапасы жағынан «Күйші» 
поэмасы қазақ әдебиетіндегі табысты туынды болып табылады.
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы да қазақ әдебиеті 
тарихында шоқтығы биік, Ақанның өміріндегі ауыр трагедия – 
Құлагер оқиғасына байланысты туған шығарма.
Поэмадағы негізгі тартыс Ақанның жүйрік аты Құлагерге 
байланысты дамиды. Бәйгеге жүйрік атын алып келген Батыраш 
Құлагерге қастандық ойлайды. Батыраш қандай сұмдыққа болса да 
дайын, тек өз пайдасына жетсе болды. Ол бәйгеде озып келе жатқан 
Құлагерді жолдан тосып өлтіреді. 


62 
Поэмада халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты шебер 
суреттеледі. Асқа жиналған ел, бәйге, күрес-барлығы да реалистік 
тұрғыда бейнеленген. Ақын аз сөзбен, нақтылы образбен көп ойды 
жеткізіп айтады.
Поэмадағы оқиға динамикасы, әсіресе, жекелеген эпизодтарда 
айрықша сезіледі. Бұған бәйгеге шапқан аттардың жарысын суреттеген 
тұстағы көріністер куә. Әрбір істі, қимылды, тіпті кейіпкерлерінің бет 
құбылысын да ақын тапқыр бейнелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет