58
Романда хандық заманды армандаған ұлтшылдарға да, патшалық
тәртіпті қайта орнатпақ болған контрреволюциялық күштерге де
батыл қарсы шыққан интернационалист — күрескерлер бейнесі
жасалған. Олар: Сәкеннің өзі, Абдолла Асылбеков, Бәкен Серікбаев,
З.Катченко, Пьянковский, Монин, Дризго, Жұмабай Нұркин, т.б.
революционерлер. Барлық оқиға автордың немесе оның
достарының көзқарасы тұрғысынан сипатталғанда — Сәкеннің әрі
күрескер, әрі суреткер екендігі бірден айқын сезіліп отырады.
Басты кейіпкерлердің мінез-құлқы өмірдің ең қатал, ауыр сынында
шыңдалып, көбіне өлім мен өмірдің тартысы жағдайында өтеді,
Сәкен: "Достың достығы, қастың қастығы, адамның адамшылық және
түрлі хайуандық мінездері тар жол, тайғақ кешуде ғана білінеді екен",
—
деп жазады. Мұнда көп жайды жазушы суретші ретінде ғана емес,
тарихшы, публицист ретінде де баяндайды. Ішкі Россияда, Батыс
Қазақстанда, Орынбор, Торғайда, Түркістанда, Омбыда, Семейде
қандай өзгеріс, саяси тартыс жүріп жатқандығын, революцияның
жеңісін толық хабарлай отырып, Ақмоладағы өзі қызу араласқан
уақиғаны нақты суреттейді.
Сәкен — қазақ әдебиетінің бар жанрында алғаш рет күрделі
шығармалар ұсынған жаңашыл да батыл суреткер. Сәкеннің прозасы
мен драматургиясы — қазақ әдебиеті өркендеуінің жаңа кезеңдері. Ол
орыс әдебиетіндегі Маяковскийдің жаңашылдығын, Горькийдің өршіл
романтикалық үлгісін, А.Блок, С.Есенин дәстүріндегі сыршылдық
үлгілерін қазақ әдебиетінің тәжірибесіне ұштастыруда батыл қадам
жасады.
Достарыңызбен бөлісу: