Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет48/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
Ақынның лирикасы
Ілияс поэзиясының ірі арнасының бірі — 
табиғат лирикасы. Ақын айнала қоршаған ортаның ғажап 
сұлулығын жырлады. Оларға символикалық сипат беріп 
суреттейді. "Ағынды менің, Ақсуым", "Жаз", "Ауылдың алды айдын 
көл", т.б. өлендерінде пейзаж суретін жасау үшін сқз ойнатудың алуан 
түрлерін қолданады. 
 
Ілиястың табиғат лирикасы ішіндегі ерекше шығармасы — "Жетісу 
суреттері" (1925) өлеңі. «Жалпы сын» атты бөлімінде Жетісу деп 
аталатын жердің неге олай аталғанынан хабардар етсе, «Тау суретінде» 

Жетісу тауларын, «Жетісуда су суретінде», Жетісу өзендерін 
жырлайды. «Жетісу жәндігінде» Жетісуда мекендейтін жан-жануарлар 
жөнінде баян етеді. Ал «Жер түгі» тарауында Жетісуда өсетін ағаштар 
мен шөп түрлерін сипаттайды. Өлең-жырмен өрілген мұндай жанды 
суреттер Жетісудың бейне бір майлы бояумен салынған үлкен 
полотносындай әсер етеді.
Ілияс жырлары – қазақ халқының этнографиялық шежіресі іспетті. 
Ақын жеке затты, тұрмыс-салт құралдарын, тіпті жабдық түрлеріне 
дейін (трактор, эксковатор, т.б.) көркем сөзбен, шебер бейнелеген 
көптеген өлеңдер жазған.
І.Жансүгіровтей эстетикалық талғамы биік, шалқар шабытты 
ақынның лирикасы оқырманының ет-жүрегін елжіретіп, көкірек-көзін 
ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет