Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет16/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
лығы дегеніміз сыншылдық, әдеби-
теориялық ой-пікірге тікелей байла-
нысты. Себебі, қазақтың ұлттық жаз-
ба әдебиетінің ең бірінші негізі таза, 
табиғи ұлттық тілі болуы керектігі 
айқын сезілген еді. Осыны терең 
түсінген алғашқы қазақ публицист-
тері қазақ тілінің тазалығы мәселе-
сінде біршама нық позиция ұстады. 
Олар әдеби-теориялық талдау жасап 
жаңашылдық сипатын ашып берме-
се де Абай мен Ыбырай шығармала-
рын әрдайым үлгі ретінде ұсынып 
отырды. А. Құрманбаевтың «Қазақ 
тілі хақында», Д. Сұлтанғазиннің 
«Біздің қазақ тілі туралы бес-алты 
ауыз сөз», «Қазақ тілінде жазу ту-
расында» атты мақалаларының не-
гізгі айтар ойы Абай мен Ыбырай 
салған прогресшілдік жаңа жолды, 
поэзиялық жаңа үлгіні ұстауға ша-
қыру болды. Бұл мақалалардағы зерт-
теу нысанасына алынған еңбектер-
дің фольклорлық үлгілерді жинап-
жариялаған кітаптар екенін ескер-
сек, тіл білімі ғылымы саласында да 
ізденістердің болып жатқанын жоққа 
шығара алмаймыз.
Қазақ баспасөзі бетінде тіл та-
залығын сақтау үлкен пробле ма лық 
мәселе ретінде жан-жақты тал қыға 
түсуі, орыс классиктерінің шы ғар-
малары мен Абай, Ыбырай өлең-
дерінің жариялануы сыншылдық, 
әдеби-теориялық ой-пікірдің өріс 
алуы на әсер етіп қана қоймай, қазақ 
поэзиясы туралы ғылыми мәндегі 
жаңа әдеби-теориялық көзқарасты 
ту ғызды. Қазақ поэзиясындағы «ескі» 
және «жаңа» өлең туралы салыстыр-
малы пікірлердің айтылуы, ұлттық 
әдеби-теориялық ой-пікірдің ғылы-
ми сипатта көрінуінің алғашқы бел-
гісі секілді. «Түркістан уалаятының 
газеті» қазақ кітаптарындағы араб, 
татар, парсы сөздерімен шұбарлан-
ған өлеңдерді сынап, «қазақ тілінің 
қандай жарасып, бір-біріне жабы сып 
тұратынын», өлеңінің әуезді келіп, 
белгілі бір ырғаққа құрылатынын та-
ныту үшін Орынбай ақынның өлеңін 
мысалға ұсынады. «Дала уалаятын-
да» А. Құрманбаев Ы. Алтынсарин-
нің «Кел, балалар, оқылық», «Жаз», 
тағы басқа өлеңдерін «қазақ өлеңі 
мен поэзиясының тамаша үлгісі» деп 
бағалай отырып, «Сал-сал», «Зарқұм» 
сияқты қиссаларды сынға алады. Ал 
Д. Сұлтанғазин орыс әдебиетінен 
өне ге алуды нұсқаған Абай, Ыбырай 
жолының жаңашылдығын ашып көр-
сету мақсатында Шортанбай ақын-
ның «Зар заман» өлеңін мысалға 
алып, тек тіл тазалығы жағынан ға на 
емес, мазмұны мен идеясының алға 
ұмтылған дәуір талабына сай кел-
мейтінін сынайды. Автор сол кездегі 
қазақ поэзиясындағы екі бағыт тың 
бар екенін ашып берді. Шор танбай, 
Дулаттарда заманына қар сылық са-
рыны басым болса, Абай, Ыбырай-
лардан келешекке сену, өнер-білімге, 
ғылымға үндеген ағартушылық идея 
басталғанын салыстыра тұжырым-
дайды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет