әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
ғылыми жұмыс жөніндегі
проректоры
_____________ А.И. Купчишин
« _____ » ____________ 2007 ж.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының 2007 жылғы 23 қарашадағы мәжілісінің №3 хаттамасынан
КӨШІРМЕ
ЌАТЫСЌАНДАР: кафедра мењгерушісі, тарих ѓылымдарыныњ докторы, профессор Ќ.С. Ќаражан.; тарих ѓылымдарыныњ докторы, профессор М.Ж. Тєшенов.; тарих ѓылымдарыныњ докторы, доцент З.Т. Садвокасова.; тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Ж.А. Абсеметова.; тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Ф.А. Ќозыбаќова.; тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Т.Ќ. Мекебаев.; тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Л.М. Хасанаева.; тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, аѓа оќытушы С.С. Саржанова.; аѓа оќытушы А.Т. Ахметжанова.; аѓа оќытушы Ш.Б. Тілеубаев.; аѓа оќытушы С.С. Смағұлов.; аѓа оќытушы С.К.Үдербаева.; оќытушы М.С. Сарыбаев.
Мәжіліс төрағасы – тарих ғылымдарынығ докторы, профессор Қ.С. Қаражан.
К‡Н ТЄРТІБІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жалпы тарих кафедрасыныњ оқытушысы Абдразакова Алмагүл Өмірзақќызыныњ «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.)» таќырыбына 07.00.02. – Отан тарихы (Ќазаќстан Республикасыныњ тарихы) мамандыѓы бойынша тарих ѓылымдарыныњ кандидаты ѓылыми дєрежесін алу ‰шін дайындаѓан диссертациясын талќылау. Диссертациялыќ ж±мыс таќырыбы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ѓылыми Кењесінде 2001 жылдыњ 26 қантарындағы № 6 хаттамасымен бекітілген.
Ѓылыми жетекшісі: тарих ѓылымдарыныњ докторы, профессор Х.М. Әбжанов.
Рецензенттері: тарих ѓылымдарыныњ докторы Садвокасова З.Т, тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Абсеметова Ж.А, тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Ќозыбаќова Ф.А, тарих ѓылымдарыныњ кандидаты, доцент Хасанаева Л.М.
ТЫҢДАЛДЫ:
Мәжіліс төрағасы: Бүгінгі мәжілістің күн тәртібі бойынша біз Абдразакова Алмагүл Өмірзаққызының «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертациялық жұмысын талқылау үшін жиналдық.
Диссертант Абдразакова А.Ө. жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндап шықты. Диссертация кіріспе, үш бөлім (алты бап), қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертант зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсат, міндеттері, теориялық әдістемелік негіздері, жаңалығы, мерзімдік шегі т.б. туралы айтты. Бұл жұмыстың маңыздылығы Қазақстанның ғылымы
мен мәдениетінің тарихына қоғамдық шығармашылықтың қызығушылығының өсуімен түсіндіріледі. Бүгінгі күнде әр аймақтың мәдени даму ерекшеліктерін зерттеу дәстүрге айналып, тарихта ерекше көрініс беріп, қолдау табуда. Бұл тұрғыда Оңтүстік Қазақстан мәдениетінің ХХ ғасырдың 20 – 40 –жылдарындағы даму тарихын арнайы дербес тақырып ретінде зерттеу - ғылыми – танымдық тұрғыдан да, қолданбалы бағыты бойынша да өзекті екендігін атап өтті. Абдразакова А.Ө. жұмыстың әр бөліміне тоқталып, ғылыми талдау нәтижелеріндегі қорытындыларын тұжырымдап өтті.
СҰРАҚТАР
Тарих ғылымдарының докторы Садвокасова З.Т.
Не себепті диссертациялық жұмыстың мерзімдік шегі 1917 – 1941 жылдар аралығын қамтиды?
Жауап: 1917 – 1941 жылдардағы оңтүстік өңір мәдениетіндегі түбегейлі қайта құрулар кейінгі жылдардағы іргелі табыстарға бастама болды. Сондықтан ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласын дүр сілкіндірген 1917 жылғы төңкерістер мен Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жыл аралығындағы өлкедегі мәдени даму тарихын зерделеу зерттеу жұмысының кезеңі ретінде қарастырылады.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Хасанаева Л.М.
Диссертацияңызда қандай мұрағат қорларының құжаттары пайдаланылды?
2. Зерттеу жұмысыңызға байланысты қанша мақалаңыз жарияланды?
Жауап: 1. Диссертацияның негізгі дереккөзі мұрағат құжаттары болып табылады.
Әсіресе Қазақстан Орталық мемлекеттік мұрағаты, Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының қорларында жинақталған құжаттарының зерттеу жұмысы үшін ғылыми құндылығы аса жоғары.
Өйткені 1917-1925 жылдар аралығындағы Оңтүстік өңірдің мәдени өміріне қатысты құжаттай деректер Өзбекстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан Түркістан АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 25-қоры, Түркістан АКСР Орталық Атқару комитетінің 17-қоры, Түркістан АКСР Халық Ағарту Комиссариатының 34-қорларынан алынды. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағатынан 1925-1941 жылдар аралығындағы оңтүстік өңірде жүргізілген мәдени іс-шаралар, сауатсыздықпен күрес барысындағы қиыншылықтар мен кедергілер, мектеп ісінің көтерілуі, кәсіптік-техникалық білім беру ісі, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарының қалыптасуы, дамуы, сондай-ақ ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында өңірге тән қалыптасқан мәдени – көпшілік жұмыстың формалары – қызыл шайхана, оқу үйлері, диқаншы үйлері, қызыл отаулар, т.б. қалыптасуы, қызметі жайлы құнды құжаттар мен материалдар алынды. (Қаз ССР Халық Ағарту Комиссариатының 81-қоры, «Сауатсыздықты жою» қоғамының өлкелік кеңесінің 766-қоры, «Қосшы» одағының өлкелік комитетінің 769-қоры, Қаз ССР Халық Ағарту министрлігінің 1692-қоры, Орта Азиядағы Қаз ССР өкілділігінің 755-қоры, Сырдария облыстық Революциялық комитетінің 849-қоры т.б.)
2. Диссертацияның мазмұны бойынша тұжырымдар төрт мақалада баяндалып, республикалық ғылыми басылымдарда жарияланды және халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар жинақтарында басылған төрт баяндама тезистерінде көрініс тапқан.
Тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Саржанова С.С.
Оңтүстік өңірдің мәдени дамуына байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстары бар ма?
Жауап: Ия, бар. Мысалы Р.А. Омарова мен А. Әлмахановалардың еңбектері Оңтүстік Қазақстандағы мәдени өміріге арналғанмен, хронологиялық шеңберлері 1946 -1960 жылдар мен 80-90 жылдарды қамтиды.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбжанов Х.М. (ғылыми жетекшісі).
Оңтүстік Қазақстан өңірі тарихи тағдыры мен тағылымы мейлінше бай аймақ. Тас дәуірі қазбаларының осы өңірден табылуы, әлемнің екінші ұстазы әл Фарабидің Отырардан шығуы кездейсоқтық емес. Оңтүстік өңірінің мәдени тарихы кеңестік жылдарда өрлеу мен өшудің сындарлы дәуірін бастан кешті. Қазақ ғылымына Ш. Есенов, Ө. Жолдасбеков, ұлт әдебиетіне А. Тоқмағанбетов, С. Ерубаев, Ә. Тәжібаев сынды тұлғаларды берген Оңтүстік экологиялық апатқа, демографиялық өктемдікке, тоталитарлық қуғын – сүргінге душар болды.
Демек А.Ө.Әбдіразақова ғылыми - танымдық, практикалық, теориялық - методикалық маңызы өте жоғары мәселені зерттеуге талап қылғаны күмәнсіз. Зерттеу жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Ізденуші алға қойған мақсат – міндеттерінің діттеген ізденісінен шыға алды деп есептеймін. Өйткені ғылыми ізденісі бай деректік құжаттармен дәйектелгенін айтпағанның өзінде қолжазбада баяндалған тарихи талдау автордың кәсіби - әлеуметтік биік өресін жан - жақты ашқан. А. Әбдіразақова Отан тарихына, оның мәдени - рухани шежіресіне адам факторы тұрғысынан көз салады. Тарихи материалды тұжырнамасы аясында тәрбиеленген ұрпақтың осынау ұстанымды қабылдай қоюы оңай емес. Әйткенмен ғылыми танымның бүгінгі ахуалымен, ақиқатымен санасу керек. Қанша айтқанмен, тарихты жасайтын да, тарихты жасау барысында өзгертетін де адам екендігі аксиомаға айналды. Бұл - бір.
Екіншіден, диссертация жазу барысында кеңестік тоталитарлық дәуірін күйелеуге, бас - көзсіз сынауға жол берілмегені. Автор ғылымның ішкі заңдылықтарын оңтайлы игергендіктен танымның «солшыл балалық ауруына» ұрынбай, ақты - ақ, қараны - қара, барды - бар, жоқты - жоқ деген тұжырнамада қала алған. Бұл да әбден назарға бұрарлық ұстаным. Өткеннің бәрін бекерлей берсек, біз қайдан шықтық.
Қорыта келгенде айтарымыз, ізденуші Әбдіразақова бас - аяғы жинақы, диалектикалық қисынды еңбек жаза алған. Мәселені жаңа көзқараспен талдайтын, жаңа мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға қосқан, тарихымыз үшін қажетті жаңа тұжырымдар ұсынған, ғылыми тұрғыдан аяқталған тиянақты жұмысты бітірген. Диссертацияның негізгі нәтижелері мақалаларда, конференцияларда көрініс тапты.Жұмыс ережеге сай орындалды. 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға лайық деп бағалаймын.
Тарих ғылымдарының докторы Садвокасова З.Т. (рецензент).
Ізденуші өзінің «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертациялық жұмысында Қазақстан тарихының өте күрделі әрі қарама - қайшылыққа толы кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу жылдарында Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі мәдени дамудың тарихы мен тәжірибесін жан - жақты зерттеп, оған талдау жасайды. ХХ ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы кеңес өкіметінің жүргізген мәдени іс – шараларының қырларын, ашылмаған тұстарын, өлкеге тән ерекшеліктерін тереңдете зерделеу - бүгінгі күнде әр аймақтың мәдени даму ерекшеліктерін зерттеу дәстүрге айналып отырғандықтан өзекті.
Жұмыс үш тараудан, кіріспеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Тарауларда көтерілген мәселелер диссертацияның мерзімдік шегіне сай жазылған. Зерттеу жұмысында ізденуші Қазақстан Республикасы мұрағаттарының құжаттарымен қатар Өзбекстан Республикасының мемлекеттік мұрағатының құжаттарын қолданып отырған. Жалпы жұмыстың тарауы мен бөлімдері арасында логикалық байланыс байқалады.
Бұл жұмысты оқу барысында, мен өз тарапымнан мынадай нәтижелерді байқадым.
1. Мұрағат деректері мен 1920, 1926, 1939 жылдардағы халық санақтары негізінде Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауаттылық пайызының жоғарылауы мен кеңестік мектептер, кәсіби білім беру жүйесінің қалыптасуына жергілікті халықтың тартылуын нақты көрсете алған.
2. Оңтүстік өңірде мәдени – көпшілік мекендерінің ұйымдастырылуы, міндеттері, оның құрамындағы ұйымдық өзгерістер алғаш рет нақты қарастырылады.
3. Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстары мысалында зиялылар қауымының құрамы мен санын, өсу жолдарын Қазақстан және Өзбекстан Республикаларының мемлекеттік мұрағаттарындағы құжаттар мен статистикалық деректерге сүйене отырып негіздеген.
Зерттеу жұмысының қолданбалы құндылығын айтатын болсақ, зерттеу барысында талданған мәселелер мен қорытынды ойлар отан тарихында ХХ ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы мәдениет тарихына қатысты жаңа зерттеулер жүргізуге септігін тигізеді.
Диссертант А.Абдразакованың жұмысты жазу барысындағы жетістіктері мен қатар біраз кемшіліктері де бар:
1. Жұмыстың кіріспе бөлімі тақырыптың өзектілігінен басталған, жалпы сипаттамадан бастау орынды болар еді.
2. Деректік негізге жататын Мирзоян қатысындағы стенографиялық есепті тақырыптың зерттелу деңгейінде көрсету дұрыс емес.
3. Жұмыстың мазмұны мен 94 – беттегі атауында алшақтық байқалады.
4. Диссертацияда аздаған техникалық қателіктер де кездеседі.
Дегенмен де, олар диссертациялық жұмыстың деңгейін төмендетпейді. Кемшіліктер тез арада түзетуге болатынын ескере отырып, А.Ө.Абдразакованың «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертациялық жұмысын қорғауға ұсынуға болады.
Ізденуші сөзі. Закиш Толеуханқызы, Сізге жұмысымды оқып шығып, өз пікіріңізді білдіргеніңіз үшін рахмет. Көрсетілген сын ескертпелеріңізді ескеріп, ұсыныстар назарға алынады.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Абсеметова Ж.А. (рецензент).
Ізденуші А.Ө.Абдразакованың «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты кандидаттық диссертациясын оқып шықтым. Бұл тақырып ұлттық мүддеміз үшін, болашақ ұрпағымыздың өз ұлтының мәдениет тарихы жайында дұрыс әрі толыққанды мәлімет алуы үшін керек. Әлбетте, Қазақстан халықтарында тарихи сананы қалыптастырудың мемлекеттік концепциясында жат құндылықтар мен отарлық мүдделерге орай бұрмаланған, не болмаса мүлдем айтуға тиым салынған тақырыптар мен тұтас кезеңдерді ақиқат тұрғысынан қайта қарап, зерделеу күн тәртібіне қойылған тұста ізденуші Абдразакованың зерттеу тақырыбының өзектілігі айқын көрінеді.
Диссертация жұмысы кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың өзектілігі, зерттелуі, деректік негізі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, хронологиялық шегі мен территориялық қамту аймағын айқын көрсетеді. Бірінші бөлімде Абдразакова А.Ө. оңтүстік өңірдегі білім беру ісіне талдау жасап, сауатсыздықты жою барысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді зерделеп, қиыншылықтарды ашып көрсетеді.
Кеңес өкіметінің өңірдегі әдебиет пен көркем мәдениет салаларында жүргізген шаралары екінші бөлімде мазмұнды баяндалып жазылған. Сондай - ақ тоталитарлық жүйенің мәдениет саласындағы ауыр қылмысы - зиялы қауымға көрсеткен зорлығы, қуғыны әшкереленді.
07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін дайындалған А.Ө.Абдразакованың «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертация жұмысында мынадай нәтижелерге қол жеткен.
1 Кеңес өкіметінің ХХ ғасырдың 20 – 40 жылдар аралығындағы жүргізген мәдениет саясатындағы табыстырақ саласы – сауатсыздықты жою мен білім беру жүйесін жаңалау мәселесін талдауда ұлттық тарихқа деген жаңа көзқарастар мүмкіндігінше ескерілген.
2 Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі мәдени – ағарту мекемелерінің тоталитарлық билік тұсындағы қызметі билеуші партия идеологиясына тәуелді болғандығын ашып көрсеткен.
3 ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында өңірдегі мамандар даярлайтын оқу орындарында жергілікті жастардың үлес салмағының аз болғандығына мұрағат құжаттары мен статистикалық деректер, 1920, 1926 жылдардағы халық санақтарының негізінде талдау жасалынған.
Зерттеу жұмысының қолданбалы құндылығы: диссертациядағы деректер мен қорытындыларды ғылыми еңбектерде, өлкетану сабақтарында пайдалануға болады.
Диссертант Абдразакованың жұмысты жазу барысындағы жетістіктері мен қатар кемшіліктері де бар.
1. Тақырыптың өзектілігін тереңдету керек. Ұлттық мәдениеттің тамырына шабылған балта тұрғысынан негізделу керек.
2. Тақырыптың зерттелу деңгейін сипаттағанда авторларды проблемамен немесе кезеңмен топтау қажет.
3. Зерттеу жұмысының деректік негізін сипаттағанда автор мерзімдік баспасөздің материалдарын атағанмен, оларға талдау жасамайды.
4. Жұмыстың барысында сөйлемдердің қабыспауы кездеседі, яғни баяндау стилі редакциялауды қажет етеді.
Ізденуші А.Ө.Абдразакованың жұмысына көрсетілген кемшіліктердің тез арада жөнделетінін ескеріп, диссертациялық жұмысты 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғауға ұсынуға болады деп ойлаймын
Ізденуші сөзі.
Өзіндік сыни пікіріңіз, берген бағаңыз үшін алғысымды білдіремін, айтылған ескертпелеріңізді ескеріп, кемшіліктерді міндетті түрде түзетемін.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қозыбақова Ф.А. (рецензент).
Талқылап отырған «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертация тақырыбы – Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады. Қазіргі кезеңге дейін аталған тақырып бойынша арнайы диссертациялық деңгейде зерттелген жеке еңбектер жоқ, сондықтан да бұл жұмыс өз алдына маңызды жұмыс болып отыр. Зерттеу жұмысында Отан тарихының кеңестік кезеңдегі мәденинттің тарихы мен тағылымын оңтүстік өңір мысалында қарастырады. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе барлық талаптарға сай жазылған. Ізденуші ХХ ғасырдың 20 – 40 жылдарында оңтүстік өңірде жүзеге асырылған кеңестік мәдени қайта – құрудың ішкі заңдылықтары мен кезеңдерін, қайшылықтары мен қорытындыларын өңірге ғана ерекшеліктерін бұрын ғылыми айналымға ене қоймаған тарихи деректер негізінде талдап, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан объективті баға беруге талпынады. Мұның өзі жұмыстың маңызды нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, мұрағат құжаттарынан Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі 1917 – 1941 жылдар аралығындағы білім беру ісінің дамуының объективтілігін көрсетіп, дерек көздерін кеңінен қолданған. Үшінші нәтиже ретінде, кеңес өкіметінің жергілікті халықтан мамандар даярлау саясаты алдына өзгеше мақсат қойғандығын проблемалық тұрғыда жүйелеген.
Зерттеу жұмысының қолданбалы құндылығы - өлке тарихына қатысты әр түрлі деңгейдегі оқулықтар дайындағанда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысында кемшіліктер де кездеседі:
1 Жұмыстың кіріспе бөлімінде деректік негізі жұтаңдау.
2 Кейбір сілтемелер мазмұнына сай емес.
3 Екінші тарауда 36 – бетте оқуға кедергі келтіретін шектеулер, бөгеттер, қысымдар жойылды деп пікір айтады. Қандай қысым екені түсініксіз қалып отыр.
Дегенмен бұл кемшіліктерді ескеріп, жөндеуге болады деп есептеп, А.Ө.Абдразакованың «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертация жұмысын 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғауға ұсынамын.
Ізденуші сөзі.
Диссертациялық жұмыспен танысып, пікір білдіргеніңізге рахмет. Айтылған кемшіліктерді міндетті түрде ескеремін.
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Хасанаева Л.М. (рецензент).
Кеңестік қоғам тұсындағы қазақ тарихының жаңаша бағытта зерттелетін тұстары жеткілікті.
Ізденуші А.Ө.Абдразакованың зерттеу жұмысында көтерілген ХХ ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы мәдениет мәселелері бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Кеңес өкіметі тұсында жергіліктендіру саясаты, қазақ тілінде іс жүргізу, жергілікті халықтан маман даярлау бағыттарын ұстанса, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан жағдайында да мемлекеттік тіл - қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ тілінде іс жүргізу мәселесі мемлекет назарында болып отыр.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігін қарастыра отырып, зерттелу деңгейінде авторларды көтерген мәселелеріне, кезеңдеріне байланысты топтастырып қарастырған. Деректік негізін шартты түрде бес топқа бөліп, мұрағат құжаттары, мерзімді баспасөз материалдары, анықтамалық энциклопедиялар, жарияланған құжаттар жинақтарын кеңінен пайдаланған. 1917 – 1925 жылдар аралығындағы өңір мәдениетіне қатысты құжаттай деректер Өзбекстан Республикасы мемлекеттік мұрағатының бай қорынан алынған құжаттармен толықтырылған. Мұның өзі зерттеу жұмысының құндылығын арттырмаса кемітпейтіні анық. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері, мерзімдік шегі мен территориялық қамту аймағы нақты берілген, ғылыми жаңалығы, теориялық – методологиялық негізі, қорғауға ұсынған тұжырымдары айқын көрсетілген.
Зерттеу жұмысы үш бөлімнен, алты тармақшадан тұрады. Оңтүстік өңірдегі білім беру ісі деп аталатын бірінші тарауында өлкеде сауаттылық пайызын жоғарлату шаралары, кездескен қиыншылықтары мен табыстары, кеңестік мектептердің ұйымдастырылуы, кәсіби білім беру ісінде кеңестік саясаттың оң нәтижелері мен қатар солақай тұстарын талдап көрсетеді.
Екінші бөлімде өңірдегі кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуын, мәдени - ағарту жұмыстарының өңірге тән тәсілдері мен әдістерін ұйымдастыру мәселесін Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағатының қорларымен қатар Өзбекстан Республикасы мемлекеттік мұрағытының 17, 25, 37 қорларының құжаттай деректерімен дәйектеген.
Оңтүстік өңірде зиялы қауымның өсуі және оған қарсы қуғын – сүргін деп аталатын үшінші бөлімнің ұлт интеллигенциясының өсу жолдары деген тармақшасында өлкедегі зиялылырдың қызметі мен тағдырына тоқтала отырып, кеңестік мамандардың қалыптасуы, өсу жолдары, жергілікті ұлт өкілдерінен маман дайындаудағы қарама - қайшылықтар қарастырылады. Өңір интеллигенциясының қуғындалуы деген тармақшасында сталиндік қуғын – сүргін жылдарында мәдениет, әдебиет, қоғам қайраткерлері, мен ағартушылар, т.б. да зиялы қауым өкілдерінің әділетсіз жазаланғаны, қоғамның осынау қайшылықты кезеңіндегі тоталитарлық жүйенің зиялы қауым тарапындағы ауыр қылмысы әшкереленді.
Ізденуші А.Ө. Абдразакова тақырыпты талдау барысында төмендегідей нәтижелелерге қол жеткізген
1. Өлкедегі халықты оқу – біліммен қамту, сауатсыздықты жою барысындағы әкімшіл - әміршіл жүйенің ұстанған позициясы қоғамдағы әртүрлі топтардың мүдделерінің бір – біріне қарсы қою құралына айналғандығын әшкерелейді.
2. Бұрын, кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы зерттеулерде біржақты марапатталған мәдени революция саясатының кемшіліктері мен жетістіктерін ашып көрсеткен.
3. Орасан апатқа әкелген ашаршылық салдарынан қазақ шаруаларының босқыншылыққа ұшырауына өңір зиялыларын айыптап, жаппай қырғынға ұшыратқан саясаттың қасіретті сипатын, салдарын зерделейді.
Диссертация нәтижелері арнайы, жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихы пәндері бойынша оқылатын лекциялық курстарда, семинар сабақтарында пайдалануға лайықты.
Кемшіліксіз нәрсе болмайды, сондықтан әр бөлімнің соңында ізденуші өзінің тұжырымдарын көбірек және басымырақ көрсетсе деп санаймын. Кіріспе бөлімде өзектілігін тарихи факторлар тұрғысынан толықтыру қажет, деректік негізі жүйеленбеген. Бірінші тарауда сауатсыздықпен күрес барысында көрсетілген мағлұмат деректерге анализ қажет. Кейбір сөйлемдер арасында логикалық байланыс қажет.
Жалпы алғанда айтылған осы кемшіліктерге көңіл бөлінсе диссертациялық жұмысты қорғауға ұсынуға болады деп санаймын.
Ізденуші сөзі.
Ләйлә Маралқызы, зерттеу жұмысыммен танысып, оқып шыққаныңыз үшін алғысымды айтамын. Сын ескертпелеріңіз орынды, кемшіліктерді түзетемін.
Ізденушінің қорытынды сөзі.
Бүгігі кафедра мәжілісінде тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертация жұмысымды талқылауға қатысқан, жұмысқа уақыт бөліп оқып, өз пікірлері мен ұсыныстарын, сын – ескертпелерін білдірген кафедра мүшелеріне үлкен алғысымды білдіріп, айтылған ұсыныс – пікірлерді ескере отырып, кемшіліктерді жою үшін жұмыстар жасаймын.
Мәжіліс төрағасы:
Бүгінгі кафедра мәжілісінде талқыланып отырған ізденуші Абдразакова Алмагүл Өмірзаққызының «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941ж.ж.) » атты диссертациясы Отан тарихындағы өзекті проблемаларының біріне арналған зерттеу болып табылады. Жаңа мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға қосып, мәселені жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан зерттеген, толық аяқталған жұмыс. Енді кафедра диссертациялық жұмысты қорғауға ұсыну жөнінде өз қорытындысын шығаруға тиісті.
Ізденуші Әбдіразақова Алмагүл Өмірзаққызының 07.00.02 – Отан тарихы(Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым (1917-1941 ж.ж.)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясына кафедра мәжілісінің
Достарыңызбен бөлісу: |