Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды.

XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады.

Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді.

Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.

Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады.
Постмодернизм мәдениеті.
Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақшабаламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.
Постмодернизм ағымына бірлікке келген біртұтас анықтама беру қиын. Тек бұл ағымнан кез келген қалыптасып қатып қалған түрлі өмір пішіндеріне қарсы тұрудай ортақ ерекшелік байқалады. Бұл ағымның жалғасу уақыты жөнінде де біркелкі пікір жоқ. Негізінен, 1970-1990 жылдар аралығы олардың дәурендеген мезгілі есептеледі. Кезекте, архитектура, әдеби сын, психоанализ, заңгерлік, педагогика, әлеуметтану, антропология, саясаттану қатарлы салалар өздерінің постмодернизмдік күйі туралы біршама жүйелі тұжырымдар жасады.

Әдеби сын саласындағыларға салыстырғанда қатал философтар постмодернизм терминіне келісе бермейді. Өйткені бұл ұғым тым бұлдыр, тым шұбалаңқы мағынаға ие. Мысалы, постмодернизмді феминизм, структурализм, кейінгі колониализмсекілділермен шатастыратындар да бар

постмодернизм философиясы логикалық ұғымдар мен құрылымдық пайымдауларға сене салмау/күдіктену позициясын ұстанады. Бұл позиция идея мен затқа және сыртқы түйсікке үміт арытпайды, өйткені олардың пікірінше ойлауда сыртқы жәрдем жоқ, тарихи тәжірибелерге сену қиын, мағынаның қайнары мен растығын да түсініп, анықтап тұрғанымыз шамалы, болашақта соны түсінеміз деген үміт те жоқ, ендеше сырттан алынған білімдерге сенімсіздік - табиғи нәрсе.