Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі



бет10/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі

2.1 Зар заман әдебиеті.

Зар заман әдебиеті.
Кеңес әдебиетінің алғашқы жылдарында-ақ (М.Әуезов 1927) Қазан төңкерісіне дейінгі тұтас бір дәуір ақындарының ағымын сипаттаған бұл ұғым көркемдік кезеңнің ащы шындығы ретінде қалыптасты. Расында «зар заман» болған отарлаушылық езгінің зардаптары сол тұстағы ақындар шығармаларында жан-жақты көрініс тапты. Бір жағынан зар заманшылдар дәсүріндегі кейінгі бірқатар ақындар, енді советтік идеология тұрғысынан «зарлауық» ақындар ретінде сынға ұшырағаны да, жалалы қуғынға ұшырағаны да жасырын емес.
Қалай дегенде де отаршылдық кезеңнің ұлы шындығы әдебиет тарихында «Зар заман әдебиеті» деген ұғыммен айғақталды. Бұл атау отарлаушылық саясаттың салдарынан тұтас әдеби сарынның, идеялық-көркемдік бағыттың анықтамасына айналды. Ы.Алтынсарин, М.Әуезов, Х.Досмұхамедов, С.Мұқанов, Е.Бекмаханов т.б. саралай талдап қалыптастырған зар заман әдебиетінің өкілдері, өзіндік даму ерекшеліктері бар еді. «Қазақтар ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде отаршылдыққа қарсы күрес сарынына құрылған ұлы әдебиет жасады»,- деп бағалады бұл кезеңдегі әдебиет сипатын М.Мағауин. Зар заман әдебиетін өзіне дейінгі ірі зерттеушілер көзқарастарына сүйене отырып, Б.Омаров ежелгі дәуірден жалғасқан «заманаға наразылық мотивінің», Асан Қайғыдан басталатын «болжал өлеңдер» халық танымына негізделген «ақырзаман сарынның» бәрін бір ағымдарға біріктірген отаршылдық кезеңнің орнығуы дәл көрсетеді. Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармаларында қанық түскен бұл ағымға аталған уақыттағы ұлт ақындарының барлығы дерлік үн қосты.
Зар заман әдебиеті деген түсінік көбінесе ХІХ ғасыр оның ішінде, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдеби үрдіске тән болып қалыптасты да, солай аталып қолданылып келеді. С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Е.Ысмайылов т.б. бірқатар ірі зерттеуші, әдебиетшілер еңбегінде де осы пікір басымдық танытады. Кезінде, М.Әуезов халық зарына, халық күңіренісіне қатысты сарынның сонау Асан қайғы заманынан бастау алатындығын ашып жазған еді. Профессор М.Мырзахметов осы сарындағы шешуші кезеңдерді желілеп жіктеу үстіне «отаршылдық дәуірдегі қазақ әдебиеті» деген ортақ тұжырымды атауды қалыптастырды. [4]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет