Хіх ғ. алғашқы жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі


ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі



бет16/19
Дата08.02.2022
өлшемі115,98 Kb.
#130873
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
19ғ әдебиетінің зерттелуі

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиеттің мұрасы мен зерттелуі

ХІХ ғасыр тарихи тұрғыдан күрделі кезең болумен бірге, осы дәуірде қазақ әдебиетінде сан қырлы, әрқилы таланттар өте көп шықты. Жаңа дәуір әдебиетінің негізгі сипат, белгілері осы тұста сұрыпталып, түзілді. Бәрін былай қойғанда қолжазбалар қорлары мен мұрағаттарда да жинақталған шығармалар мен өмірбаяндық деректердің де сипаттары әртүрлі болумен бірге тақырып жағынан да ерекше тынысты, ауқымды. Ғасырдың соңына қарай кітап бастыру ісінің дәстүрге еніп, баспасөзге ықыластың күшеюі де әдебиеттің заман тынысына жедел ілесе дамуына әсер етсе керек. ХІХ екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің материалдары мазмұн жағынан да, сан жағынан да құнарлы бай болып келеді. [3.498 бет]
«Қазақ әдебиеті тарихының» 5 томында Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге арналған еңбектердің ішінде ХІХ ғасыр еншісіне, оның ішінде екінші жартысына қатысты талдаулар өзіндік бетімен, дәстүрімен көрінді. Жеке ақындық өнер қырлары туралы да, жанрлық түрлену, жаңашылдық пен дәстүр ерекшеліктері туралы да, зерттеу, зерделеулер жүйелі түрде көрініс тапқа. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің табиғаты, тарихи әлеуметтік сипаттары, әдебиет пен қоғамдық-саяси мәселелердің қатыстылығы, көркемдік эстетикалық деңгейі мен өзекті поэтикалық ерекшеліктері Х.Досмұхамелов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев,Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, С. Қирабаев, Р.Бердібаев, Т.Кәкішев, Х.Суйіншәлиев, М.Мырзахметов, т.б. белгілі әдебиетшәлердің зерттеулерінде сарапталып, тұжырымды көзқарастар қалыптасты.
ХIХ ғасыр әдебиетінің тарихы мен теориялық мәселелері тұтастай алғанда, негізінен ХХ ғасырда жүргізілген зерттеу еңбектерінде желіленеді. Қазақтың бұл дәуірдегі әдебиетінің сын-сымбаты академиялық зерттеулер мен оқулықтарда жүйелі сараланған. Ондаған талантта ақын, жыраулардың суреткерлік келбеті сомдалып, шығармашылық табиғаты түсіндірілегн. Поэтикалық заңдылықтар мен көркемдік эстетикалық көпқырлы ізденістер ғылыми тұрғыдан зерделенген.Әрине, өткен ғасырлар әдебиетінің ұлттық, әлеуметтік тынысн зерттеуде социалистік идеологияның өзіне тән таптық таным ізінің сорабы, социалистік реализмның қағидасының тегеуріні білінбей қалған жоқ. Солай деген күннің өзінде әдебиеттің жанрлық, поэтикалық, көркемдік даму заңдылықтарына қатысты мәселелелрге келген кезде жарықн да терең зерттеу еңбектер көп жазылды әрі олар қазақ әдебиетінің тарихында ұзақ жылдар қызмет атқаратын мұралар қатарына жатады. Солай десек те, ғылым назарынан тыс қлған, түрлі себептермен зерттеу аясына кірмеген шығармалар мен қолжазбалар да баршылық. Әдетте, ондай еңбектер әлдеқайда көп екендігі мәлім. Оған себеп қолжазба қорларында жинақталған материалдардың барлығының көркемдік-эстетикалық сапасы жоғары бола бермейтіні бар, тақырыбы мағыналы, айтары салмақты қолжазбалардың шеберлігі, көркемдігі келіспей жатуы мүмкін, әлде керісінше тіл кестесі байқалғанымен, мазмұны жұтаңдау туындылар да кездеседі. Енді бір ақындық, жыраулық шығармалар, әдеби мұралар кезіндегі саясат ағымын байланысты елеусіз қалып келді. Оның үстіне, әдебиеттің тарихын зерттеген еңбектерге толық зерделеніп ғылыми жағынан түйінді бағасы алып үлгермеген материалдарды қоса беруге де болмайды. Сондықтан да әдебиет тарихына көп жағдайда сараланған, сұрыптап, әдеби ғылыми ортада тиісті бағасын алған ақындар мұралары қосылатыны дәстүр ретінде қалыптасқан. [3.499 бет]
ХІХ ғасырдың екінші жартысында әдебиетке елеулі үлес қосқан ақын жыраулар мұрасын тәуелсіздік рухында зерттеужің түйінді де, күрделі мәселелері жетерлік. Оның ішінде жарық көрген шығармалар мен қатар, қолжазбалар қорында сақталып жатқан бай әдеби мұраларды жинақтау, жүйелеу, жарыққа шығару және текстологиялық зерттеу жүргіз сияқты теориялық та, практикалық та мәні зор жұмыстардың мән-мағынасы айырықша екендігі түсінікті. Ондай әдеби істерді ғылыми жолға қойып, байсалды зерттеу жұмыстарын жүргізу бүгінгі таңда әдеби мұраларды игерудің ең өзекті проблемасына айналып отыр. Әрине, бүтін бір ғасыр туралы библиографияны тұтас қамту, біртомдық кітаптың ішінде күллі қолжазбалардың тізбесін ұсыну, зерттеулердің тізімін түгендеу шарт емес. Ол мақсаттағы арнайы басылымдар бар және олар жақсы таныс.[3.500 бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет