Хіх ғасырдағы бөкей ордасындағЫ Қазақ СҰлтандарының КҮнделікті өмірі



бет5/5
Дата06.07.2018
өлшемі1,72 Mb.
#48083
1   2   3   4   5
Сұлтандар ордадағы жұмыс барысымен Астрахан, Орынбор қалаларына және Мәскеу, Санкт-Петербургке барған депутация құрамдарында да болды. Тана және байбақты руын басқаратын сұлтан Жаһаншах Шенғалиев және ноғай руын басқаратын сұлтан Мұхамедқали Қасымов 1856 жылы II Александрдың таққа отыру салтанатты кешіне қатысуға, Бөкей ордасынан атынан депутат болып Мәскеуге барады. Салтанатты кешке киіп баратын сұлтан Мұхаммедқали Қасымовтың бағалы костюмі болса, ал сұлтан Жаһаншах Шенғалиевтің үстіндегі шекпені мен тақиясын ескілеу деп тауып, сондай-ақ екеуінің де қару-жарақтарының салтанатты кешке сай болмағандықтан, Орынбор Шекаралық коммиссиясының төрағасы екі сұлтанға Шекаралық комиссия жанындағы артық заттар бөлімінен – екі қатар алтынмен оқаланып, көк түсті барқыттан тігілген шекпен, екі златоустовский қылышын және қазақтық үлгіде манишка тіккізіп алу үшін ұзындығы он жеті аршын болатын ақ түсті штоф берілуін талап етеді. Бұл заттардың құны 198 рубль 80 тиын күміс ақшаны құрады. Сонымен қатар қылыштарын асып алу үшін құны 13 рубль күміс құрайтын, алтынмен оқаланған екі портупея алғызған. Сұлтан Шенғалиевтің жаңадан тақия сатып алуға қаражаты болмағандықтан шекаралық комиссияның төрағасы жанындағы бір шенеуліктің тақиясын жалға алып берген. Сұлтандардың Мәскеуге дейін бару үшін, арнайы Макаровтан 125 рубль күміс ақшаға тарантас сатып алдыртты. Сұлтан Мұхаметқали Қасымовтың денсаулығының әлсіз болғандықтан Шекаралық Комияссияның дәрігері оны барынша қарайды. Cонымен қатар олардың қасына аудармашы Батыршин болды. Әрқайсысына Мәскеуге дейін жету үшін, үш-үш аттан және 45 тиыннан берілді. Мәскеуге жеткеннен кейін күнделікті қажеттіліктеріне деп күніне 5 рубль күміс ақшадан берілді [17, 23-б.].

Депутаттар Ордадан маусымның 29-ында шығып, шілденің 13- інде Орынборға жетіп, одан ары шілденің 19-ында жолға шығып, Мәскеуге тамыздың 2-де таңғы уақытта жетеді. Сұлтандар 26 тамызда императордың таққа отыру салтанатына қатысып, Мәскеуде 35 күн болады [17, 37-б.].

Жәңгір хан халықты бейбіт өмірге көшіру мақсатында, өзі жас күнінде қаншалықты аңшы бола тұра, қол астындағы халыққа қару-жарақ ұстауына шек қойды. Сонымен қатар тек қару-жараққа емес, бір кездері әкесі Бөкей ханның тұсында тойларда жиі ұйымдастырылатын ұлттық ойындар садақ тарту, қыз қуу және т.б ойындарға тыйым салған. 1846 жылы Ордада болған М.Я. Киттары, сол уақытта Орданың барлық жерін аралып жүріп қазақтардың арасынан тек үш садақ, оның біреуі балалардікі және тоғыз мылтық, оншақты қылыш көргенін жазады [13, 59-б.], А.Н. Харузин Бөкей ордасының қазақтары мүлдем қару ұстамайды. Орта Азия қазақтары сияқты үйлерін қару-жарақпен безендіріп қою дәстүрі мүлдем жоғалып кеткен. Қару-жарақты тек байлардың үйінде ғана ескі қылыштар мен тапаншаларды кездестіруге болады деп көрсетеді [18, 79-б.]. Негізінде Жәңгір хан қару-жарақ ұстауға тек сұлтандарға ғана рұқсат етсе керек. Деректерге сүйенсек, сұлтан Жаһаншахтың үйінде бірнеше қару-жарақ түрлері болған. Атап айтатын болсақ, азиаттық қылыш, қынабы сафянмен қапталып, төменнен жоғары қарай алтын жалатылған металдармен безендірілген. Бұлғын терісінен жасалынған портупеясымен; тағы сондай, жүзінде татарша жазылған жазуы бар сабы ақ сүйекпен қапталған азиаттық қылыш. Қынабы теріден жасалынып, екі темір гайкамен ұстаттылған және ақ бұлғынның терісінен жасалған бауы бар; сабы темірден жасалынған азиаттық қылыш, қынабы теріден істелінген. Сондай-ақ қылыштарының арасында императордың әкесі сұлтан Шенғали Ормановқа сыйлаған, сабының басы алтын жалатылған қылыш, қынабы болаттан жасалып алтынмен жалатылған. Сонымен қатар сабы сүйектен жасалынған кавказдық қанжары болған [8, 85-б.].

Оның қолында мылтықтардың да бірнеше түрлері болды: капсюльді замоктағы жеке ауыздық мылтық. Ұңғысының пішіні винтовкаға ұқсатылып жасалған, қарайтылған, алтынмен жалатылған. Ұңғысында «Тула 1749» деген жазуы және алты гайкасы бар. Құндағы қарапайым ағаштан жасалып, қара түсті бояумен сырланған. Темірден жасалған сүмбісі бар; шақпақ таспен атылатын азияттық винтовка. Құндағы ағаштан жасалған. Ұңғысына металды үш гайка және темір сүмбі орнатылған; Құндағы қара түспен сырланып лакталған, «Лондон» деген жазуы бар капсюльді замоктағы екі ауызды мылтық; капсюлді замоктағы жеке аузды мылтық; шақпақ таспен атылатын азияттық винтовка және қару-жарақтарының арасында үш садақ. Үш қорамсағы теріден істелінген. Біреуінің ішінде ұштары темірден істелінген он сегіз тал жебесі болған [8, 85-б.].

Хан Ордасында қазақ жылқыларының тектерін асылдандыру және сынау мақсатында жыл сайын Уақытша кеңес бәйгелер ұйымдастырып тұрды. Бәйгеге сұлтандар да өз аттарын қатыстырды. 1853 жылы 25 мамырда көктемгі Хан жәрмеңкесінде бәйге ұйымдастырылды. Бәйге күндізгі сағат 10-нан 40 минут кеткенде басталып, 39 минутқа созылды. Жарысқа 36 ат қатыстырылып, ұзындығы бес шақырым болатын төрт айналым шауып келді. Бірінші айналымнан кейін аттардың көбісі жарыстан шығып, төртінші айналымда тек санаулы аттар қалды. Алғашқы келген бес орынға дейін ақшалай сыйлық берілді. Бірінші келген аттың иесі таз руының қазағы Тыныштық Дөнентаевқа 40 күміс рубль ақша берілді. Екіншіге бойының биіктігі екі аршын бір тұтам келген аттың иесі сұлтан Мұхамедқали Таяукинге 25 рубль күміс ақша берілді. Үшінші орын старшын Күйбасы Бекбаеқа 20 рубль күміс ақша, төртінші орын шеркес руының қазағы Күйші Алшыновқа 10 рубль күміс ақша, бесінші орынға беріш руының қазағы Төлепов Байбатырға 5 рубль күміс ақша берілді [19, 2-б.].

1853 жылдың жаз айында айт мерекесі қарсаңында маусымның 28-де екінші рет қазақ жылқыларын сынау мақсатында бәйге ұйымдастырылып, 12 ат қатыстырылады. Бұл жолы бірінші болып мәреге таз руының қазағы Тыныштық Тілеубаевтың, бойының биіктігі екі аршын екі тұтам келген 11 жастағы аты келіп 40 рубль күміс ақшаны иеленді. Екінші болып сұлтан Әділ Бөкейхановтың бойының биіктігі екі аршын болатын аты келіп, сыйлыққа 25 рубль күміс ақша берілді. Үшінші келген шеркес руының қазағы Шоқыман Жолқымбевтың бойының биіктігі бір аршын 14 тұтам болатын 8 жасар аты келіп 20 рубль күміс ақшаны иеленсе, төртінші келген аттың иесі шеркес руының қазағы Күйші Алшыновқа 10 рубль күміс ақша, ал бесінші келген аттың иесі сұлтан Тоғым Шығаевқа 5 рубль күміс ашқа беріледі [19, 7-б.].

1853 жылдың 20 қыркүйегінде күздік Хан жәрмеңкесінде тағы да қазақ жылқыларын сынау үшін бәйге ұйымдастырылды. Бұл жолғы бәйге күндізгі сағат 11.12-де басталып, 27 минутқа созылды. Барлығы 22 ат қатыстырылып, ұзындығы бес шақырым болатын төрт айналымға шабады. Төртінші айналымға келгенде көбі шетте қалып қойып, тек алтауы қалады. Бұл жолы бірінші болып Нарын құмында дайындалған сұлтан Әділ Бөкейхановтың бойының биіктігі екі аршын жиырма төрт тұтам болатын 11 жастағы аты келіп, 40 рубль күміс ақшаны иеленді. Қалған екінші орынға 25 күміс рубль, үшінші - 20, төртінші – 10, бесінші орынға – 5 рубль күміс ақша берілді [19, 8-б.].

Жалпы Бөкей ордасының қазақтары арасында құсбегілік те жақсы дамыды. Уақытша кеңес Орда қазақтарын императорлық аңшылыққа жіберіп тұрған. Қазақтар өздерімен құс аулайтын жыртқыш құстарымен аң аулайтын бүркіттерін алып барған [20, 2-б.]. Сондай-ақ Ордадағы сұлтандар да ойын сауық үшін аңға және құс аулаға шығатын болған. Аңдардан: қасқыр, қарсақ, түлкі, борсық, суыр, қояндар ауланса, құстардан дуадақ, үйрек, шіл және тағы басқа көптеген құстардың түрлерін аулаған. Ауланған аңдардың терісі қазақ ауылдарына сатылған. Мысалы, қасқырдың терісі – 1рубль 50 тиын күміс ақшаға, қарсақтың терісі – 50 тиын, түлкі – 2 рубль, борсық - 20 тиын, суыр – 20 тиын, қоян – 10 күміс тиын болған [2, 65-б.].

Қазақ қоғамындағы сұлтандардың артықшылықтарының бірі, олар тән жазасынан босатылды. Оларға жаза ретінде айыппұл салу кең тарады. Сұлтандарды билер соты жазалай алмады, олардың тек қана өздерінен жасы үлкен сұлтандар ғана жазалай алды.

Қарапайым қазақтар әңгіме арасында сұлтандарың есімін атамайтын, оның орнына «тақсыр» деген сөзді қолданды, олар сұлтанмен амандасқан жағдайда оған «алдияр» деген сөзді айтып, оң қолын екі қолымен қысқан. Сұлтан оған «аманба» деп жауап қайырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысында сұлтандардың биліктен ығыстырылуы, сұлтандармен қарым-қатынас әдебіне де өзгерістер алып келді. Загряжский қарапайым қазақ сұлтанмен кездескен сәтінде немесе қоштасар, алғыс айту сәтінде, екі қолын кеудесіне қойып немесе оң қолын оң тізесіне қоятын болған деп жазса, ал Харузин бірақ бұл дәстүр менің білуімше Бөкей ордасында сақталып қалмады. Егер кездескеннің күнің өзінде сирек кездеседі деп жазады.

Харузин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Бөкей Ордасындағы сұлтандардың арасында өзінің кедейлігінен басқа ешқандай маңызы жоқ және күнделікті өмірде қарапайым қазақтардан еш айырмашылығы болмаған «жай сұлтандар да» болды деп көрсетеді [5, 50-б.]. «Мұндай сұлтандар Ордада аз емес. Егер қарапайым қазақ кезігіп қалатын болса «алдияр» демей «асалаумағалейкум» деп амандасатын. Сұлтан мұндай сәлемі үшін оған мүлдем жауап қайырмай, кері бұрылып кете береді. Бірақ сұлтандар өзінің қыздарын қарапайым қазаққа тұрмысқа бермейді. Алайда өзі қарапайым қазақ қызына үйлене алды. Егер сұлтан кедей болатын болса, одан қалың мал да алынбады деп жазады.

Қарасүйек қарапайым қазақты асырап алу, ақсүйектер үшін жақсы атақ болмады. Егер қарапайым қазақтар атақ даңқ үшін өзіне сұлтандық атақты иеленетін болса, ол адамды қамшымен 15-30 дүре соғып жазалайтын. Егер қарапайым қазақ өзін сұлтанның қанымын деп өзге сұлтанның қызына немесе туысына үйленетін болса, онда бұл қылмыс деп саналып, толық құн төледі, яғни, бір ер адамды өлтіріп қойғандай құн өтеген [5, 49-б.].

Сұлтандарға қарапайым қазақ қызына үйленуге рұқсат болса, қарапайым қазақ жігіті төре тұқымынан қыз ала алмады. Төрелер қыздарын тек төре тұқымына берді [5, 51-б.]. Төрелердің қыздарына қалың мал төлеуі құны өте жоғары болды. Айта кететін болсақ, 1846 жылы Кіші жүздің батыс бөлігін басқарған сұлтан Баймағамбет Айшуақов, ұлы Достығалиға Ішкі Орданың кеңесшісі Меңлігерей Бөкейхановтың қызы Мединаға құда түсіп, 110 бас жылқы, 10 түйе, 400 қой қалың малын берген. Ал, Меңлікерей сұлтан болса, Баймұхаммед Айшуқов сұлтанға китке деп 84 жылқы, 13 түйе, сонымен қатар түлкі терісінен тігілген тон, қызыл және жасыл түсті барқыттан тігілген халаттар мен жібек матадан тігілген халаттар, жібек матадан тігілген көйлектер берген. Барлығының құны 12000 рубль күміс ақшаны құраған [21, 1-б.].

Ақсүйектер үшін саудамен айналысу ата-бабаларын қорлаумен тең саналды, сондықтан да олар ХІХ ғасырдың басында саудамен айналыспады. XIX ғасырдың II жартысынан бастап саудамен айналысу қор деп санау түсінігі сұлтандардың санасынан кете бастады. Харузин өз еңбегінде: «Қазіргі уақытта Бөкей ордасындағы сұлтандар саудамен айналыспайды деп айтатын болсақ, онда бұл жерде саудамен айналысатын қазақтар мүлдем аз деп айтуға болады», - деп сол уақытта сұлтандардың саудаға бет бұрғанын ерекше атап өтеді [5, 49-б.].

Бөкей Ордасының қазақтары шәй ішкенді жақсы көрді. Әр қазақтың үйіне самаурын қажетті дүние болған. Шәйді шынымен, дәміне қарай көбінесе қантсыз ішкен. Келген адамға бірінші шәй берген, 5-6 шыны ішкеннен кейін қойдың еті әкелінген. «Поездка во Внутренную киргизскую орду» мақаласы авторының айтуы бойынша, кейбір қарапайым қазақтар тақта шәйін ішсе, ал сұлтандар қытайдың шәйін ішкенін жазады [5, 253-б.].

Бөкей Ордасының қазақтары орыстармен араласа отырып, шәйдан өзге арақты да ішуді үйренген. Бірақ бұдан, ордалықтарды арақты көп ішті деп айтуға болмайды. Арақты көбінесе Ордада және соған жақын аймақтарда, Басқұншақта ішкен. «Қазіргі таңда Хан Ордасында арақ сатуға тыйым салынғанымен, жасырын түрде сатылатын. Мұсылмандықты ұстанатын көптеген бай қазақтар, мұсылмандық дінді бұзбауға тырысып жасырынып арақ, қызыл шарап және ром ішеді. Қаншалықта рас екені белгісіз бірақ, Жәңгір хан да сұлтандармен шарап және тағы да басқа спирттік ішімдіктер ішкен»- деп жазады А.Н. Харузин. Ханның ордасында қонақта болып қайтқан Гебель, түскі ас кезінде шарап әкелініп, бірақ хан және басқа да отырған қазақтар шараптан бас тартқанын айтады. Алайда оған хан дәрігерінің айтуынша, олардың бұл ұстамдылығы тек көз бояушылық екенін және хан сарайында жыл сайын спирттік ішімдіктер үшін 14000 рубль ақша салынатынын айтады Гебель [5, 255-б.]. Жалпы деректердің негізгі бөлігінде Жәңгір Ордасына жиі келетін қонақтардың көп болуына байланысты ханның шарап сатып алдырып отырғаны ерекше аталып өтіледі.

Сұлтандардың арасында барымтамен айналысатын сұлтандар да болды. Соның бірі Меңдіхан Биғалиев сұлтан болатын. Ол, үлкен ұлы Әжіғали екеуі бірнеше рет Ішкі ордадағы қалмақ бөліміндегі қазақтардың жылқыларын айдап әкеткен. Орданы басқаратын Уақытша кеңестің 1885 жылғы анықтамасы бойынша, сұлтан Меңдіханның өзі, қалмақ бөліміндегі Мырзағали деген қазақтың үйірінен 35 бас жылқысын және мещанин Барышев деген адамның екі малын айдап әкеткен. Ал, ұлы Әжіғали, Төлеген деген қазақтың 2 жылқысын және Қасым Қамалиев деген қазақтың 4 жылқысын ұрлаған. Сонымен қатар әкесі мен баласы бірлесе отырып, Даулетяр Байжановтың жылқысын ұрлаған [22, 15-б.]. Бұларға жаза ретінде 1887 жылы Уақытша кеңес ставкасындағы түрмеге қамайды [23, 2-б.]. Сотталған сұлтандар түрмеде өздерінің тектілігінің арқасында ерекше құрметке ие болса керек. 1887-1888 жылдары Бөкей ордасында антропологиялық зерттеу мақсатымен болып қайтқан А.Н. Харузин, ствакадағы түрмеде антропологиялық өлшеу барысында сотталғандардың арасынан бір сұлтанды кездестіріп қалғанын айтады. Ол, сұлтанның кедейлігіне және қазіргі күндегі жағдайына қарамастан, жанындағы сотталған қарапайым қазақтар оны текті екенін ескеріп, құрметтеді- деп жазады [18, 89-б.].

1844-45 жылдары Бөкей ордасында болған Блюмер сұлтандар жайлы былай айтады: дәрежесі биік әлеуметтік топ – дворяндарға ұқсап, сұлтандар ханның салығынан босатылды және өздерінің жоғары дәрежесін, яғни қоғамдағы өз артықшылықтарын пайдаланады. Қазіргі уақытта яғни 1845 жылдардың өзінде сұлтандарың көбісі өте кедей және кейбіреулері өздерінің қызметтерін пайдаланып халықтан құрбандыққа мал алып отырады. Кейбір сұлтандарда 400 бас түйе, 500 бас ірі-қара, 1000 жылқы және 8 ден 10 мыңға дейін қойлары болды- деп көрсетеді [12, 6-б.]. ХІХ ғасырдың аяғында сұлтандардың кедейлену үрдісі Блюмер көрсеткен деңгейден де жоғарылай түсті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Очерк состояние Внутренней Киргизской Орды в 1841 году, действительного члена Я.В. Ханыковского // Туркестанский сборник. Сочинении и статей Туркестанского края в особеннности // 373, Санкт-Петербург. –1881. – Т.378. – 463 с.

2 Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архиві /ҚРОМА/. 78-қ., 2-т., 8-іс, 30-п.

3 Евреинов А. Внутренняя или Букеевская киргиз-казачья орда // Букеевской орде 200 лет. – Алматы: Өлке, 2001. – 4 кн. – 216 с

4 Троицкий Н. Взгляд на Внутреннюю киргизскую орду // Букеевской орде 200 лет.– Алматы: Өлке, 2001. – 3 книга. – 204 с.

5 Харузин А. Киргизы Букеевской Орды (Антрополого-этнологический очерк). – Вып. I. – М., 1889. – 550 с.

6 История Букеевского ханства. 1801-1852 гг. (Сборник документов и материалов). – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 1120 с

7 Киттары М.Я. Ставка хана Внутренней Киргизской орды // Букеевской орде 200 лет.– Алматы: Өлке, 2001. – 3 книга. – 204 с.

8 ҚР ОМА. 78-қ., 2-т., 1208-іс,177-п.

9 ҚР ОМА. 78-қ., 1-т.,1211-іс,17-.

10 Островский Э. Поездка во Внутреннюю киргиз-кайсацкую орду с ветеринарной целью // Букеевской орде 200 лет. – Алматы: Өлке, 2001. – 3 книга. – 204 с.

11 Солдатенкова и Н. Щепкина. Очерки Зауральской степи и Внутренней или Букеевской Орды // Букеевской орде 200 лет. – Алматы: Өлке, 2001. – 3 книга. – 204 с.

12 ҚР ОМА. 2300-қ.,10-т.,106-іс.

13 Киттары М.Я. Киргизский туй // Журнал Министерства внутренних дел. Ч.25.1849. – 469 с

14 ҚР ОМА. 4-қ.,1-т., 2815-іс.

15 ҚР ОМА. 78-қ., 2-т., 4997-іс.

16 ҚР ОМА. 78-қ., 2-т., 5009-іс.

17 ҚР ОМА. 4-қ., 1-т., 5870-іс.

18 Харузин А. Степные очерки (Киргизская Букеевская орда). – Москва, 1988. – 210 с.

19 ҚР ОМА. 4-қ.,1-т., 5621-іс.

20 ҚР ОМА. 78-қ., 3-т.,1743-іс, 4-п.

21 ҚР ОМА. 4-қ.,1-т., 5728-іс.

22 ҚР ОМА, 78-қ., 2-т., 6056-іс

23 ҚР ОМА, 78-қор, 2-т., 10544-іс.


А.С. Баянбай,

Казахский национальный педагогический университет им. Абая,

магистрант 2 курса, Республика Казахстан. г. Алматы, Е-mail: akjol.as@mail.ru
ПОВСЕДНЕВНАЯ ЖИЗНЬ КАЗАХСКИХ СУЛТАНОВ БУКЕЕВСКОЙ ОРДЫ В ХІХ ВЕКЕ
РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается повседневная жизнь султанов Букеевской Орды. Главное отличие данной статьи от предыдущих исследований заключается в том, что в ней на базе архивных источников и на теории повседневной жизни исследуется семейство султанов, построение домов в ханской ставке и их внутреннее устройство, повседневная одежда, предметы украшения мужчин и женщин, виды оружия, постройка мечети, паломничество, байга и соколинная охота.



Ключевые слова: султан, Букеевская орда, повседневная жизнь, постоянное жилище, домашняя мебель, одежда, саукеле, предметы украшения, паломничество, виды оружия, байга и соколинная охота.
A. S. Bayanbay,

Abai Kazakh National Pedagogical University Almaty,

2nd Year Master’s Student

е-mail: akjol.as@mail.ru


EVERYDAY LIFE OF THE KAZAKH SULTANS

OF THE BUKEY HORDE ( XIXth CENTURY)
Summary
The article considers everyday life of the Bukey Horde sultans. The main difference of this article from previous researches is that it familiarizes with new facts about the sultans’ family, constructions of their permanent dwelling in the Khan Horde and interior of their houses, their everyday casual clothes, jewelries of men and women, types of arms, building mosques, pilgrimage, baiga and falconry.

Keywords: Sultan, Bukey Horde, daily life, permanent dwelling, home furniture, clothes, saukele, jewelries, pilgrimage, guns, baiga racing and falconry.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет