Хіх ғасырдағы бөкей ордасындағЫ Қазақ СҰлтандарының КҮнделікті өмірі



бет1/5
Дата06.07.2018
өлшемі1,72 Mb.
#48083
  1   2   3   4   5
А.С. Баянбай, , Абай атындағы ҚазҰПУ 2 курс магистранты, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Е-mail: akjol.as@mail.ru

ӘОЖ: 94(574) '18' (092)



ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ СҰЛТАНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІ

АННОТАЦИЯ

Ғылыми мақалада Бөкей Ордасындағы қазақ сұлтандарының күнделікті өмірі қарастырылады. Бұрынғы Бөкей Ордасына қатысты зерттеулерден бұл мақаланың басты ерекшелігі, сұлтандардың отбасы, олардың Хан Ордасында тұрақты үйлер салуы және оның ішкі құрылысы, күнделікті өмірде олардың киген киімдері, ер, әйел адамдардың әшекейлі заттары, қару-жарақ түрлері, мешіт салдыруы, қажылыққа баруы, бәйгеге қызығушылық танытқан сұлтандарға қатысты мәліметтердің архив деректерімен дәйектелуі мен күнделікті тарих теориясына негізделуінде.

Түйін сөздер: Бөкей Ордасының сұлтандары, күнделікті өмір, тұрақты үйлер, үй жиһаздары, киімдер, сәукеле, әшекейлі заттар, қажылық, қару-жарақ, бәйге, құсшылық.
Мазмұны

Қазақ тарихында Бөкей Ордасының қалыптасуы мен дамуы, ондағы хандық билік пен білім беру саласының тарихы ерекше орын алады. Осы күнге дейінгі зерттеулерде Орда тарихы жалпылама түрде қарастырылып келсе, біз архив құжаттарын пайдалана отырып оның күнделік өмір тарихы жағынан қарастыруды мақсат еттік.

Орыс зерттеушісі Я.В. Ханыковский Бөкей Ордасындағы сұлтандардың саны 400 түтін деп көрсетеді [1, 48-б.]. Мұрағат деректерінде 1825 жылы сұлтандарды отбасымен қосқанда жалпы саны 918 адамды құрады-деп жазылған[2, 45-б]. Бөкей ордасындағы қазақ сұлтандары алты әулеттік топтан құралды: Нұралы ханның ұрпақтары, Қарабай Батырханов, Қылышқара Тоқтамысов, Жағабір Тяукин, Абдулла Рысбала, Байшора Данасыловтың ұрпақтары болатын [3, 85-86-бб.].

Бөкей Ордасында хандық билік 1813 жылдан 1845 жылға дейін сақталынды, яғни Жәңгір хан қайтыс болғанға дейінгі кезең. Осы хронологиялық шеңберді ала отырып, Бөкей ордасындағы сұлтандардың қазақ қоғамындағы рөлін екі хронологиялық кезеңде бөліп қарастыруға болады: бірінші, XIX ғасырдың басы мен 1845 жылға дейінгі кезең; екіншісі, 1846 жылдардан кейінгі, яғни Жәңгір қайтыс болғаннан кейінгі кезең. Жәңгір хан билік құрған тұста Ордадағы сұлтандардың қоғамдағы рөлі жоғары болды. Сұлтандардың негізгі қызметі қазақ руларын басқару мен депутат қызметін атқару құрылымынан тұрды [4, 76-б.].

Бөкей Ордасының күнделікті өмірімен таныс болған орыс зерттеушісі Харузин, сұлтандардың сол уақытта өз таңбаларының болғанын айта кетеді. Мысалы, сұлтандар мынадай µ хандық таңбаны иеленген. Таңбадан басқа, олардың хандық үлгідегі атаулы мөр ұстауына құқықтары болды. Харузиннің деректеріне сүйенсек хан, сұлтандардың және билік басында тұрған қарадан шыққандардың да төмендегідей өз мөрлері болған [5, 51-б.].

а) Жәңгірханның мөрі: бадам пішінінде; b) сұлтан Шынғалидің мөрі.

Қарапайым қазақтардың мұндай пішіндегі мөрлерді қолдануға құқықтары болмады. Олардың мөрлері сопақша пішінде болды: с тархан Ғұбайдолла Исенбаевтың мөрі.






а b

c


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет