ХІХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің жағдайы айтарлықтай өзгере бастады. Индустриалияландыру және урбанизациялануға байланысты күшейе түскен әлеуметтік жіктелісі процестері қоғамды біріктіруші факторлар жайындағы мәселені күрделі түрде қойды. Мұндай фактор ретінде діннің жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды, өрлеу, тұрақтылық пен тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады. Француз ойшылы Эмиль Дюркгеймнің көзқарасы тұрғысынан дін қоғамның ынтымақтастығы мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік қажеттілікке жауап береді. Діннің шығу көзі - қоғамның өзі. Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан бөлінген тиым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас жүйесі ретінді анықтайды. Олар артынан ерушілердің барлығын шіркеу деп аталатын моральдық қауымдастыққа біріктіреді. Ол әлеуметтік сезімді оятады, ұжымдық көзқарастарды қалыптастырады. Дінде адамдарға тән жай заттарды құдай деп тану қасиеті жүзеге асады, оларға қасиетті мән беріледі, соның арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын болады. Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің, ізгілік көрсетудің ерекше объектісіне айналады. Олар сол әлеуметтік топтың символы ретінде қасиетті, оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының жақсаруы іске асырылады.
Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып, дінге кеңейтілген түсіндірме береді. Алайда қазіргі қоғамда дүниені ғылыми түсіндірумен байланысты жаңа мифтер мен символдар пайда болды. Сондықтан оларға нақтылы тарихи тұрғыдан оның рөлі мен әсерін бағалау талаптары қойылуда. Саяси, экономикалық және ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанып бөлінуіне, әлеуметтіктің дінимен бірлігінің өзгерісі болып жатыр және ол бірте-бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болуда. Сонымен, қоғам өмірінің бүкіл саласының діннің әсерінен құтылудың үздіксіз процесі бар екендігі мойындалады.Солай бола тура Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір нәрсе ол бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді.Қоғамның бірлігі мен жеке даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі тірілтіп, нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі мүмкін емес. Ол бұл процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына “адамгершілік дінінің” келетініне сенді.
Дюркгейммен қатар, дін социологиясының негізін салушы деп неміс ғалымы М.Вебер саналады. Ол социологияны әлеуметтікке айналатын әлеуметтік жүріс-тұрыс жөніндегі ғылым деп қарастырды. Егер ол мәнге ие болса онда олардың белгілі бір жүріс-тұрысын күтуге бағыт ұстанған басқа адамдардың жүріс-тұрысымен субъективті саналы түрде ара қатынаста болады, осыған сәйкес қандай да бір өзінің әрекеттерінің табысты болу мүмкіндігін субъективті бағалаумен өз жалғасын табады дейді.
Осындай социология пәнінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық “мәнін” орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып отыр.
Дін социологиясының пәніне мұндай баға беру діннің әлеуметтік қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді өзінде мәдени жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды, яғни білім саласын, символдары және индивид пен қоғамның құндылықтарын анықтайды және онымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет атқарады.
М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осындай тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Дәл осыдан діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді. Дүниеге діни түсіндірме беру ондағы бағыт ұстану және жүріс-тұрысты реттеу құралы болып табылады. Дін дүниенің белгілі бір бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым салынады, екіншілерге рұқсат етеді. Сонысымен ол адамның жүріс-тұрысының моралдық нормаларын құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |